Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет104/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   348
18.08.2023 dis

БАУЫРМАЛ сын. 1. Туысқаншыл, ағайыншыл. Бала жағы сопайып, көзі 
шүңірейіп, бауырмал әкеге ақтық арызын айтып жатқандай болды (Т.Әлімқұлов, Туған 
ауыл.). Дүниелікке көңілі тоқ, Ағайынға бауырмал, Тәкаппар, жалған онда жоқ
Айнымас жүрек, күлкің – бал (Абай, Тол. жин.).– Баяғы жасырақ кезіңде басқа 
балалардан көрі сен қарашыл, бауырмал едің. Соған қарап, өсе келе кісіге қайырымың 
мол бола ма деуші едім, – деді ол (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Халық үшін қызмет жасап 
жүрмін деген әр адам әуелі досқа, туысқа, жерлеске, таланттыға бауырмал, кешірімді 
болуға міндетті (“Егемен Қазақстан”). 2. Жақын тартқыш, мейірімді, жанашыр. Баяғы 
жасырақ кезінде басқа балалардан көрі сен қарашыл, бауырмал едің. Соған қарап, өсе 
келе кісіге қайырымың мол бола ма деуші едім, – деді ол (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). 
Халық үшін қызмет жасап жүрмін деген әр адам әуелі досқа, туысқа, жерлеске, 
таланттыға бауырмал, кешірімді болуға міндетті («Егемен Қазақстан»). 3. Кісіні 
сыртқа теппейтін, ынтымақшыл. Күн өткен сайын Смайылова бауырмал коллективке 
де үйренді, ісі де ілгерілей берді («Лен. жас»). 4 ауыс. Жайдары, жылы, жағымды, 
ашық, жарқын. Бірақ қапелімде аузыңа түсе қоймайтын бауырмал сөздер тауып, 
амандасқанына қарағанда, бұрынғы ақ жарқын мінезі қалпында сияқты (Ғ.Мүсірепов, 
Белдерде). [Әлімнің] Кішілеу аузының лебізі және үлкен дөңгелек көкшілдеу көзінің 
достық жылы нұры Әжібай шалға қазіргі сәтте бір түрлі сенімді шыншыл, бауырмал үн 
болып аңғарылды (М. Әуезов, Өскен өркен). Көктемнің бауырмал, жарқын күні жерге 
нұрын үшкіріп, ызғарын аластап, жүзіне шырай бергенде, жігіттердің де бойы 
жадырады (Ж.Аймауытов, Шығ.).  
118. 
БАУЫРМАЛШЫЛ сын. Өте бауырмал, туысшыл, бауырлас, достас. Бір 
мақсат, бір тілекте болғандықтан да адамдар бауырмалшыл ғой. Штурман, Совет 
Одағының Батыры Ирина Серова т. б. достарыммен үзбей хат жазысып тұрамын дейді 
Хиуаз («Лен. жас»). 
119. 
БӘСЕҢ сын. ауыс. Кішіпейіл, инабатты. Жігіттің несі жігіт босқа жүрген, 
Қызметпен файда беріп халыққа жақпай? Бәсең бол, әсем болсаң деген жөнмен, 
Һүнерін мұхтаждарға жүрсесатпай (М.Дулатов, Шығ.). Бәсең бол, әсем болсаң, деген 
сөз бар Жігітке абырой жоқ мақтанменен (Пернедегі терме.).  


159
120. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет