Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет111/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   348
18.08.2023 dis

БІР АУЫЗДЫ 1. Ынтымақты, алауыз емес. Мұндайда оқытушылар бір ауызды 
болмаса, істеймін дегенінің көбін істей алмауы мүмкін екенін ол жақсы біледі 
(М.Дүйсенов, Меймандар). 2. Айтқанынан қайтпайтын бірбеткей. Ол істеген, 
көргенін ақтарыла сөйлейтін бір ауызды адам екен (С.Бегалин, Замана.). 
149. 
БІРБЕТ сын. жағымды. Бірсөзді, айтқанынан қайтпайтын. Асыл адам 
айнымас, Бірбетінен қайрылмас. Көрмесем де, көрсем де, Көңілім сенен айырылмас 
(Абай, Тол. жин.). – Білмеймісің, баяғыдан бірбет адам ғой, қопара берсін, ол арнайы 
біржақты етпей, тынбайды (А.Байтанаев, Қайнар.). 
150. 
БІРБЕТКЕЙ сын. Бұлтақтаусыз, қайсар, батыл, тік мінезді. Ол мені пайдалы 
қызметкер еткісі келді және өзінің мінезі де бірбеткей болатын («Қаз. әдеб.»). 
Бірбеткей, ұсақ-түйек қазақшылықты білмейтін Иісбай Мәукілге қадала қарады 
(С.Бегалин, Уақыт.). Генералдың бұл сөзінен кейін жаңа бізге қосылған тоқсан 
жауынгер туралы бірбеткей тіке сөйлегеніме өзім қатты қысылдым (Б.Момышұлы, 
Москва.). Жақыпбек әдетте бірбеткей, мінезі тікшіл, ойлағанын беті-жүзің демей, тіке 
айтып тастайтын қызу қанды жігіт еді және едәуір қызбалығы да болатын 
(М.Иманжанов, Көк белес). 
151. 
БІРМІНЕЗ сын. Әрқашан бір қалыптан аспайтын, біртоға. Сегіз қырлы, 
жалғыз сырлы, Қайда барсаң бірмінез, Артын байқап, терең ойлап, Мағыналы сөйлер 
сөз (Ш.Иманбаева, Шығ.). Ант ұрғанмын өзім де, Бірмінезбен өтпеймін (Абай, Тол. 
жин.). 
152. 
БІРСӨЗДІ сын. Екі сөйлемейтін, айтқанында тұратын. Жайнақұлы 
Баймағамбет – елдің кісісі, кедей. «Он шақты ауыз орысша білетін» оқымаған, 
қажырлы, бірсөзді, пысық адам (С.Сейфуллин, Тар жол.). Өзін бұрын жақсылап 
танымасақ та, ол жайында елдің айтқанына қарап бірсөзді жігіт деп білетінбіз («Лен. 
жас»). 
153. 
БІРТОҒА сын. Бірқалыпты, сабырлы, көп сөйлемейтін, бірмінезді. Бір адамға 
қиянат етіп, не бір сабақ жібін сұрамай іліп кетпеген біртоға момын, еңбекпен күнін 
өткізген аяулы жан артында не қалдырды? (3.Шашкин, Сенім). Жарылқасынның мінезі 
өзінше біртоға жан. Ол болымсыз іске ашулануды, сен ұрсып тұрғанда дәлел іздеп 
шапылдауды білмейді («Лен. жас»). Өмірде көп сөйлемейтін біртоға Жәми бүгін жар 
астынан шыққан желді күнгі жалын тәрізді (Д.Әбілев, Арман.). 
154. 
ДАНА [ир.] сын. 1. Көпті көрген, тәжірибесі мол, оқыған-тоқығаны көп, ақыл-
парасатын халық, жұрт мойындаған. Нұрлан Тайжан қарияны әкесінің досы деп қана 
сыйламайды, жақсы көреді, дүние қадірін түсінген дана шал, көргені көп аңшылық 
әңгімесін қызықтырып нәшіне келтіріп айтады (3.Шашкин, Сенім). Мейірімді анасы 
мен дана әжесі Абайдың жас жанына адамгершілік қасиеттерін дарытты (М.Қаратаев, 
Туған әдеб.). Халқы қалаған хәкімдерге, ел ардақтаған дана азаматтарға қол көтерген 
күнаһарлардың күнәсі кешірілмейді (Х.Есенжанов, Тар кезең). 2. Дұрыс, терең, 
ақиқат. Екінің бірінде бола бермейтін бір ерекше қасиет бар Асқарда. Ол жаңа кітаптан 
оқыған дана ойларды сол қалпында, пісіп тұрған күйінде семіре салмайды (С.Омаров, 
Дала қызы.). 3. Әділ, тура, турашыл. Ел ұмытпас көтерсек Абылайды, Ол ханы ғой 
қазақтың басыбайлы. Бағы жанып, төрлетсе жаңа қазақ, Дана қазақ ұмытпан Ағыбайды 
(К.Салықов, Жезкиік.). Адамды жөн білетін дана деп біл, Істерін жалқау жанның шала 
деп біл. Құр жасы елулерге келсе-дағы Білімсіз сондай жанды бала деп біл (Шал ақын, 
Өлеңд.). Кемеңгер, ақылды, білімге тәжірибесі мол, рухани әлемі бай, ел-жұрт 
мойындаған тұлға. Бала боп кетіп даладан, дана боп елге оралды. Құдайын тауып 
қаладан, алғандай ақыл, жоралғы (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес.). Ойлай білсең дана 
боларсың, ойнай берсең бала боларсың (Мақал). Өз теңіңнің ішінде Ақылың асқан 


164
данасың. Жұбатасың жыласа, Ноғайлының баласын (Қамбар батыр). Өмірдің өткінші 
қызығына елікпей, адамзаттың қарапайым әрі мәңгілік мұраттарын аңсар тұтқан 
даналар қазақ тарихында да баршылық. Мысалы Қорқыт ата, Қожа Ахмет Иасауи, Әбу 
Насыр әл-Фараби, Асан қайғы, Абай және т.б. (Қазақ тілі термин. Педагогика.). 
155. 
ДАНАГӨЙ сын. 1. Ақылды, ауқымына білім мен тәжірибе бірге түйген, 
мазмұны терең. Бірақ Нұрғазы осынау пікірді ұстанған да, табиғи ортаның мән-
маңызын мүлде жоққа шығармайды, әйтсе де «қалауын тапса қар жанады» дейтін 
данагөй мәтелдің шындығын бірінші орынға қояр еді (К.Ахметбеков, Ақдала). 2. Ақыл-
парасаты толысқан, білім-тәжірибесі мол. Бұл, бәлкім, Шәкеннің өмірбаяны мен 
қазақ киносының шежіресінде бетбұрыс болып қалған бейнені, данагөй асыл азамат, 
асқақ ақын Жамбыл бейнесін жасауға көмектескен шығар (К.Кенжетаев, Дархан.). 
Ақылшы, көпті көрген тәжірибелі адам. Ауылдың данагөйі әжем еді (Ауызекі). Ғұлама, 
ғалым адам. Аңыздардың бәрінде де бұл өңірде әлем жайындағы, жаратылыс заңдары 
жайындағы, өткен дәуірлер мен болашақ замандас жайындағы білімдері шексіз ерлер 
мен әйелдер – ұлы данагөйлер өмір сүретіні айтылады («Қаз. әдеб.»). Азия мен Жерорта 
теңізі аумағының данагөйлері ұдайы өзара байланыста тұратын («Қаз. әдеб.»). Кір 
жуушының баласына төтеп бере алмасақ данагөй, батагөй болғанымыз да құрысын 
(Ш.Хұсайынов, Таныс адам). 
156. 
ДАҢҒАЛ сын. сөйл. Аңқылдақ, ақкөңіл. Бұрынғы өзі білетін, ақкөңіл, данғал 
досы көңілден біржолата кетіп, оның орнында қара жүрек жырынды біреу қалды 
(М.Иманжанов, Көк белес). 
157. 
ДАҢҒЫЛ сын. жерг. Жақсы, жетік білгіш, білгір (адам). Ал бір ескінің 
әңгімесіне данғыл адам еді (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі). Көп білетін, білгіш адам. Ол күнде 
осы тауда жалғыз жан жүр, Дүниеден аулақтанған дабыр-дабыр. Қара шал қойыңды 
отыр көлеңкелеп, Бір қу бас шал үстінде ілулі тұр. Неткен жан, әлде данғыл, әлде 
мұңғыл, Бұл өзі ән күңірентіп айтады жыр. Осылай ертегі қып кетуінде Елдің де ескі 
аузында жоқ па екен сыр? (І.Жансүгіров, Құлагер). 
158. 
ДАРҚАН ауыс. Пейілі кең, қайырымды, жомарт, мәрт. Өзіңдей халық қайда 
дарқан жаны, Ісіңнен бақыт табам әр таңдағы. Қайыспай көтересің бір өзіңе, Түссе де 
дүниенің бар салмағы! (М.Неталиев, Қайдасың.). Не деген молшылық ед, Арқам менің? 
Не деген берекелі ед, Дарқан елім (Ө.Тұрманжанов, Таңд. шығ.). Бір жамандықтың бір 
жақсылығы бар. Қыс артынан жаз келеді қашанда. Соны күт. Өзіңді дарқан ұста. 
Жүрегіңнен мейірім нұры төгіліп тұрсын (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). // ауыс. Кеңпейіл, 
жаны жақсы қасиетке бай адам. Соған ілесіп Қоянды думандарына барып, сан алуан 
өнер дарқандарына кездесіп, ақындық, әншілік өнерімді өрістете бердім (С.Бегалин, 
Сахара.). 
159. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет