Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет132/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   348
18.08.2023 dis

ИМАНМЕН ҚАПТАП ҚОЙҒАНДАЙ бейн. Бір көргенге мұнтаздай, күнәдан 
пәк кісідей. Қайдан білейін, адам аласы ішінде ғой, түріне қарасам, иманмен қаптап 
қойғандай, – дейді (Ә.Нұрпейісов.).
264. 
ИМАНЫ БЕТІНДЕ ҮЗІЛІП ТҰР Ұяң, ибалы, тәрбиелі деген мағынада. Біз де 
қыз асырап едік. Бірақ, біздің қызымыз ер кісіге қарамай, иманы бетінде үзіліп тұрып 
еді (Ә.Нұрпейісов, Шығ.). 
265. 
ИМАНЫНА БЕРІК Уәдесіне, сертіне берік, сөзінен таймайтын. Бекайдар 
иманына берік: Бұл жолы да хат салған жоқ, қайтарында телеграмма да берген жоқ 
(«Қаз. әдеб.»). 
266. 
ИНАБАТТЫ сын. 1. Ибалы, әдепті, ізетті, ілтипатты. Молдалардың 
ойынша: бұл мәжілісте өңшең инабатты кісілер жиналады (I.Жансүгіров, Шығ.). Румда 
бір есті бар Салон атты, Данышпан, тура сөзді, инабатты. Сол келді деп хан шақыртып, 
Біраз ғана сөйлесіп жауап қатты (Ш.Құдайбердиев, Шығ.) Қарашы, әне, мына сіңлің 
сияқты Инабатты, албырт әрі ұятты, Алаулаған желегі Соңымыздан асау ұрпақ, арынды 
ұрпақ келеді (М.Шаханов, Ғасыр.). 2. Ар-ұятты, ұжданды, иманды. Инабатты, ибалы 
жастардың әйелге көрсететін лайықты құрметіндей түсінді (Ә.Нұрпейісов, Күткен 
күн.). Самырат сабырлы жан инабатты, Болады инабатпен дін қуатты. Биқулық 
харамдықты қолданған жан Тапқан жоқ дүнияда еш мұратты (Кердері Әбубәкір
Қазағым.). Шырағым! Мен бір инабатты ақсақал адам едім, Бұрын кісіден қорлық-
зорлық көре қойған жоқ едім, шырағым, түсің жылы бала көрінесің, «түсі игіден - 
түңілме» деп еді. (Ж.Аймауытов, Шығ.). 3. көне. Өктем, сенімді, тұрақты. Патша 
ашуланған жаман қатты: «Қалайша қарсылық қып мылтық атты?» Он солдат түнде 
барып байлап алды, Бұйрығы патшаның инабатты (Ә.Найманбаев, Шығ.). 


178
267. 
ИНАБАТШЫЛ сын. Ибашыл, әдеп сақтағыш, сыпайы, ізетшіл. Кішіге 
қамқоршы, үлкеннің алдында инабатшыл, ақыл сөзін тыңдағыш болу, дұрыс жолдан 
таймау, достық, туыстық сияқты адамгершілік сыпаттардың бәрі де кіреді (Б.Тоқтаров 
Қыран.). Айғайшы көсемдердің көшбасы осы Бөкем, былайша айтқанда, Бозжігіт. 
Үлкенге де, кішіге де инабатшыл, ауылдың ат қойғыш әйелдері «сенатор», «қайнаға» 
деген тіркестерді қосып ап соға береді («Лен. жас»). Менің инабатшыл мінезімді жақсы 
білетін Ғалым бір сөздің ретінде: Дихан өлеңге бой ұрып жүр, Биаға, – деді (Д.Әбілев). 
268. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет