Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет145/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   348
18.08.2023 dis

ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚАҚ ЖАРҒАН Асқан әділ, турашыл. Қақ жарған қара қылды 
биің қайда? Ақ орда би түсетін үйің қайда? Салтанат Сарыарқада құрған қазақ
толықсып жүрген кеше күнің қайда? (М.Дулатов, Шығ.). Сыйлаймын сенің аға атыңды, 
Жан-жақты талантыңды. Қақ жарған қара қылды Сөздерін әрі өткір, әрі ақылды 
(С.Мәуленов, Алыс кет.). Сұрайды бастан-аяқ қазы талдап, Тұрады үшеуінің сөзін 
аңдап. Қақ жарған қара қылды данышпанға, Айыру ақиқатын емес салмақ 
(Ә.Найманбаев, Шығ.). 
348. 
ҚАРА СІҢІР Қайратты, күшті. Мөңке Еламанға сүйсіне көз тастады, әкесі 
секілді бұ да қара сіңір, қайратты болатын (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).  
349. 
ҚАРАҒАЙҒА ҚАРСЫ БІТКЕН БҰТАҚ бейн. Қайсар, қайратты, өрмінез, 
өжет адам. Қарағайға қарсы біткен бұтақпын, Балталасаң да айрылман. Сыртым 
құрыш, жүзім болат, тасқа да салсаң майрылман (Ақтамберді жырау).  
350. 
ҚАРАҒАЙДЫҢ ҚАРСЫ БІТКЕН БҰТАҒЫНДАЙ Қайсар да қайратты, 
өжет мінезді. Оның Мұқан Ағзамовтың Атымтай жомарттығы жайлы ел арасында 
әңгіме көп. Қиыншылық көрсе, қайрат танытатын, қарағайдың қарсы біткен 
бұтағындай мәрт мінезі тағы бар («Егемен Қазақстан»). 
351. 
ҚАРАҚТЫ сын. Түйгені мол, көзі ашық, білімдар. Қарабай кең пейілді, қарақты 
адам боп өзгере қалды (Д. Әбілев, Арман.). Жәмидің байқауынша қазіргі Жарқынбай 
бұрынғы қасқыр мінез, дәулетке мас Жарқынбай емес. Кең қарақты жан сияқты. 
Бақырмай, шақырмай, күжілдемей, адамша сөйлейді  
352. 
ҚАРАПАЙЫМ сын. 1. Тәкаппар, менмен емес. Қонақ қанша қарапайым 
болғанымен, үй иесі оның председатель екенін еске ала берді (К. Баялиев, Жер 
тынысы). 2. Тұрмысы, табысы орта, қатардағы. Қарапайым адамдармен жақынмын, 
Қарапайым адамдармен ақынмын. Қарапайым адамдармен сырласпын. Қарапайым 
адамдармен мұңдаспын (Т. Қызықбаев, Темір тізгін). Қарапайым әрі мүлдем, Жүрегі де 
жас болатын. Тәкаппарлар тәңірінен Жасқанғандай жасқанатын (Т.Молдағалиев, 
Шақырады.). – Қор салымшыларының қатарында қарапайым кәсіпкерлер мен 
қызметкерлерден бастап белгілі кәсіпорындардың, банктердің жетекшілері, 
депутаттар, мәдениет, ғылым саласының қызметкелері де бар (Түркістан).  
353. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет