Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ҚАДАЛҒАН ЖЕРДЕН [ҚАДАЛҒАННАН] ҚАН АЛАТЫН



Pdf көрінісі
бет142/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   348
18.08.2023 dis

ҚАДАЛҒАН ЖЕРДЕН [ҚАДАЛҒАННАН] ҚАН АЛАТЫН Істетем дегенін, 
айтқан нәрсесін, орындатам дегенін кенеше жабысып, істетпей қоймады, қалай да 
орындатты. – Бұл бақайшағына дейін шағып, «ағатай!» десең де қоймайды. Жабысып, 
қадалған жерінен қан алады, – дейді Ораз (3.Шашкин. Теміртау). Көрші алмастыру 
ойынында қадалған жерден қан алатын, кенедей жабысқақ жігіттер қыздарды салып 
Көжекті қанша сұратса да, ән салып, өнерін көрсететін Балқия оны бермей қоятын 
(Т.Ахтанов, Шығ.). Әзімбай мысқылдай түсіп: – Ақылын да айтар, жіп те байлар
қадалғаннан қан алмай неғып қалсын, Есекең! – деп, маңындағы жуан содырдың бәрін 
де ду күлдірді (М.Әуезов, Шығ.).  
331. 
ҚАЖЫМАС сын. Қайтпас, қайсар; талмас. – Мен мына Әлекеңдердің, жалпы 
мұғалімдердің қажымас қайратына, өршіл талабына сеніп айтқан шығармын 
(С.Омаров, Өмір.). Бұл үлкен еңбектің, қажымас қайраттың жемісі (Б.Тоқтаров, 
Қыран.). Қырағы, қия жазбас, сұңқарым-ай! Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай! 
(А.Байтұрсынов, Шығ.). Әр тасты бір сүздірдің, Мұз дарияға жүздірдің, Нұрдан үміт 
үздірдің, Қажымасқа-ақ бекіп ем (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 
332. 
ҚАЖЫРЛЫ сын. 1. Күш-қуаты мол, қайратты, мықты. Үкіметтің ұранын 
іске асыру үшін өзіңдей қажырлы азамат керек (А.Хангелдин, Ғани.). Шіркін-ай
Сұлтанбек қандай қажырлы еді: астындағы аты сүріне-қабына, тұмсығымен жер 
тірегеніне қарамастан, оның тақымы ерден, қолдары көкпардан жазылар емес 
(Ә.Көшімов, Жас аңшы). – Сен болсаң әлі күш-қуатың қайтпаған қажырлы әйелсің 
(А.Жағанова, Еркежан). 2. Қажымас, қайтпас; табанды, жігерлі. – Бірақ ол сенің, 
анау қырмандағы қалың жұрттың күндіз-түні ұйқы көрмей еткен қажырлы еңбегінің 
нәтижесі екенін біліп қой (Ә.Нұршайықов, Жер тур.) 
333. 
ҚАЙСАР сын. 1. Алған бетінен қайтпайтын өжет, батыл. Осындай қантөгіс 
шешімге бел буған қайсар Әкпәр жолдағы ауылдарға соқпай, түні бойы ат 
шалдырмастан жүріп отырып Ақшатыр қаласына келіп жетті (I.Есенберлин, Қатерлі.). 
Сайларда сарқыраған селі ме екен? Күңіреніп көшкен қырғыз елі ме екен? Алаштың 
қайсар ұлы, қайратты елдің Манасы – ел қорғаған ері ме екен (М.Жұмабаев, Шығ.). Сол 
уақытта қайсар қарт орнынан түрегеліп, үндемей әйелге басын бұрды (М.Жұмабаев, 
Шығ.). 2. Тайсалмайтын бірбет, табанды. Бостандыққа шақырып ем, Сенің заңғар 
ақылың ем, Едім әрі өлшемің. Жан ашырың, жақының ем, Және қайсар ақының ем мен 
сенің (М.Шаханов, Ғасыр.). Дала жатыр қызыл қанға боялып. Егер бүкпей баяндасам 
шындықты Рухы – өр, Тәні – бекем Бұл бір қайсар халық екен, Тірліктен де артық 
қойған бірлікті (М.Шаханов, Ғасыр.).  


184
334. 
ҚАЙТПАС сын. 1. Алған беттен қайтпайтын, қайсар. Мысалы, Көпен бидің 
ұлы Байжігіт Абылайдың жоңғарларға қарсы жорықтарына жастайынан қатысып, онда 
батырлығымен, қайтпас қайратымен көзге түсті (Д.Дулатова, Шоқан.). Мұнда алғашқы 
күйдей кемерінен асқан, күшін қайда қоярға білмеген, нысаналы межеге қалайда тез 
жетуге аптыққан қызу қуат жоқ, таусылмас қажыр, қайтпас серпін бар, сабыр мен 
салтанат бірдей (М.Мағауин, Көк мұнар). 2. Өткір. Наркескен, өрттей ескен, қайтпас 
болат, Баянсыз қанатымды қалай жаям?! (М.Жұмабаев, Шығ.). 
335. 
ҚАЙТУСЫЗ сын. Қайтуы жоқ, бірбеткей. Еңкейген ел қайғысын ұқты жаста-
ақ, Қайтусыз қалап алды батыл жолды. Халқы үшін қатын, ұлын шықты тастап, Ол 
қайбір еріккеннен ақын болды (С.Асанов, Алматым.). 
336. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет