Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ҚОҢЫНАН [ЕТІНЕН] ЕТ КЕСІП АЛСА ДА



Pdf көрінісі
бет150/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   348
18.08.2023 dis

ҚОҢЫНАН [ЕТІНЕН] ЕТ КЕСІП АЛСА ДА Шыдамды, төзімді адам 
туралы айтылады. Жұлдызы бейшараның туды оңынан, Күйзелмес, кесіп алса да ет 
қоңынан (Базар жырау, Шығ.). Дұшпанға табашы болар дейтін жер келсе, ондайда бұл 
[ұзақ] етінен ет кесіп алса да былқ етпей, сыр бермей, қасқырша дыбысын шығармай 
өлуге жараушы еді (М.Әуезов, Қилы заман). 
383. 
ҚУАҚЫ сын. Әзілқой, күлдіргі, қалжыңбас. – Сонда, немене, сендердің 
идеяларың тек күйеуге шығу ғана ма? – деді қалжыңдай, жаңағы қуақы жігіт 
(I.Есенберлин, Айқас). Қыз-келіншек тап болып, Құдай ұрып қалмайын?! Қуақы Құмыс 
шоқпен тең, Сөзінде сенім жоқпен тең (Манас). Жұлдызды айтып құралпы Тастағандай 
құрығын, Кім біледі қуақы Қыз баланың қылығын (С.Мәуленов, Таңд.).  
384. 
ҚУДЫ МІНІП, ҚҰЛАНДЫ ҚҰРЫҚТАЙТЫН Өте епті, әбжіл адам туралы 
айтылады. Біреулер қара сөзді қамшы қылып, Қуды мініп, құланды құрықтап жүр, 
Қайсысын маған соның еп көрерсіз, Әкетсем өзім таңдап өкпелерсіз (Жамбыл).  
385. 
ҚУЛЫҚ-СҰМДЫҒЫ ЖОҚ [ҚУЛЫҚ-СҰМДЫҚТЫ БІЛМЕЙТІН] Ақпейіл, 
адал; жаны таза. Бұл ең алдымен арамдығы, қулық-сұмдығы жоқ, жаны таза адам (Р. 


189
Нұрғалиев, Күретамыр). Райымбек – еңбекшіл, адал, қулық-сұмдығы жоқ, ақ көңіл
бірақ аңқаулау («Қаз. әдеб.»). Дүниеде өсек-аяң қулық-сұмдықты білмейтін не болмаса 
тірі пенденің бетіне «әй, сен сондайсың» деп қарамаған, немесе тірі пендеге тілі 
тимеген, жарықтық ораза-намазы бұзылмаған таза да тәкаппар әйел еді (О.Бөкеев, Ән 
салады шағылдар). 
386. 
ҚУЛЫҚ-СҰМДЫҚСЫЗ сын. Амал-айласыз; қулығы жоқ. Ол осы қарасымен 
ең алдымен өзінің мол сезімін, аналық махаббатын, қулық сұмдықсыз таза жүрегін, 
достық табысына мақтана да, шаттана да алатын кең пейілін аңғартып еді 
(С.Бақбергенов, Алтынемел.). 
387. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет