МЕРЕЙІ ҮСТЕМ Беделі, бағы артық. Сөйлесе кетсе бір жерде, Ағыны қатты
аңқылдап, Оязға кірсе, өзгеден Мерейі үстем жарқылдап, Елің бұзық болған соң, Ояз
жатыр шартылдап (Абай, Тол. жин.).
430.
МЕСЕЛДІ сын. Іскер, жігерлі, меселі мығым. Адам өзімен сөйлесіп отрыған
екінші бір кісіге неғұрлым жігерлі, меселді болып көрінсе, оның гипнозшылық әсері де
өтімдірек болады (Ш.Қожахметов, Ғалам ғажаптары).
431.
МОЖАН ТОПАЙ Еш нәрсеге мән бермейтін жуас, момын. — Қайтесің сол
байғұсты шырылдата бepin, ол бір жүрген можан топай емес пе? (Ауызекі тіл). Соғыс,
соғыс... Соғыс жауы жер-көктің, Соны біліп, соғысқа жол бермек кім?! Егер сонау
қанды майдан болмаса, Жүрер еді топай көгі еңбектің (М.Мақатаев, 1 том). Болғанда
топай, құлға асық қалды, Аяққапта қырғыш пен қасық қалды (Шернияз Жарылғасұлы).
432.
МОМАҚАН МІНЕЗ Жуас, үндемейтін мінез сипаты. Жырларымда момақан
бар мінезің, Лағындай еліктің арман кезін. Әнші болып туғанда мына әндердің Бәрін
өзім айтар ем, бәрін өзім (Т. Молдағалиев, Шақырады.).
433.
МОМАҚАН сын. Момын, жуас. Түк көрмеген, түк білмеген болады: қой
аузынан шөп алмайтын момақан (Б.Тілегенов, Аққайнар.). Сол баланың қақ-соқпен ісі
жоқ, момақан аңқау көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоқиып отырғаны
(Ж.Аймауытов, Шығ.). Атаман бастаған көп жасауыл тиыш жатқан момақан елдің
малын, дүние-мүлкін талап, үйін өртеген (Н.Әбуталиев, Қайран Нарын). // Момынсып,
жуасып. Мейірімді, түк көрмегендей монтаны, момақан жатыр (К.Сегізбаев, Ашылм.).
434.
МОМАҚАНДАУ сын. Момындау, жуастау. Бір тоға, момақандау бой жеткен
еді ол (Ә.Көшімов, Қысталаң.). Момақандау, ерегесіп көрмеген (С.Сейітов, Алуан.).
Сырт пішіні момақандау көрінген жұмыр қара кісінің айтқан тілі де майда, таққан кінәсі
де орынды сияқты көрінді көп адамға (Ж.Түменбаев, Семсер).
435.
Достарыңызбен бөлісу: |