Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет180/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   348
18.08.2023 dis

СЫЛДЫР КӨМЕЙ, ЖЕЗ ТАҢДАЙ Сөзге жүйрік, шешен. Енді бір сәтте, 
дайын отырған сылдыр көмей, жез таңдай жас жырау үкілі домбырасын бар екпінімен 
қағып-қағып жіберді (Ө.Қанахин, Жас дәурен).  


208
595. 
СЫЛҚЫМ сын. Кербез, кердең, сал, сері. Жас шағында қалада орысша оқыған, 
бұл кезде ел мырзасы болып, ән түзейтін, өлең жазатын сылқым серілеу жігіттің өзі осы 
(М.Әуезов, Ақын аға). Сүмбіл шашы, Сылқым жасы, Отағасы Кәріге. Сөкпе, жаным, 
Тәтті қаным, Бітті иман Бәріңе (М.Жұмабаев, Шығ.). Қыдырып жігіт сылқым, Ерігіп 
күнде дарқан. Жеңгесі жылы жүзді, Ат қойып кенже қалқам (М.Дулатов, Шығ.). 
596. 
СЫЛҚЫМДАУ сын. Кербездеу, серілеу, паңдау, Қатын-қалаш, бала-шаға, 
домбыра ұстаған сылқымдау, үй қыдырғыш бозбалалар да, бәрі жапырлады 
(I.Жансүгіров, Шығ. жин.). Жеңілтек қыздай көктемнің Мінезі-ай осы құбылма. 
Сылқым дау оны еткен кім? – Сыймайды ешбір ұғымға (Т.Шопашев, Көңіл.). 
597. 
СЫМПЫЛДАҚ сын. 1. Сусылдақ, суылдақ. Сымпылдақ, ұшқыш екені көрініп 
тұр («Лен. жас»). Сымпылдақ шүрегей үйректер қанат суылына мойның бұрғаныңша, 
ұзап кеткенін көресің (Бұл да). 2. ауыс. Сампылдаған, сумаңдаған, зуылдаған. Осыларға 
баскөз боп жүрген сымпылдақ қара қатын жүгіре басып дікеңдеп жетіп келеді 
(З.Ақышев, Ақ бел.). 
598. 
СЫПА сын. сөйл. Сыпайы. Өзі сыпа жігіт екен – сызылып тұрғанын көрдің бе? 
– деп әйелдер жағы Бөлекбайды бірсыпыра сөз қылып өтті (Б. Майлин, Шығ.). Неге 
Оспандай болмайсың қасыңдағы қайда сыпа мінезің жасыңдағы. Омырауың сия боп 
отырасың Шапкаң мыж-мыж тұрады басыңдағы (А. Тоқмағамбетов, Дария.). 
599. 
СЫПАЙЫ сын. Әдепті, инабатты, биязы, кішіпейіл, мәдениетті. Қоршаған 
көпшілікпен ол өтесыпайы, жұмсақ дауыспен амандасты (С.Мұқанов, Менің мектеп.). 
“Досмайыл хажы” деп сыпайы тілмен жазған бір хат алдым деп. Оқып қарасақ, бұл 
алғашқы хаттан да сорақы. Бұл хатты да жауып қойдық (М.Дулатов, Шығ.). Сыпайы 
көз, сынық тіл мүләйілісіп, әдеппенен қатты айтпай сіз дейміз ғой (М.Дулатов, Шығ.). 
Сыпайы амандықтан кейін Сүлей көздің қырын жібере бастады: кәдімгі әйел бала 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). Қош сау бол, Қа... жуылмаған, Айдай бер қалса адамың 
қуылмаған. Әдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ, Жасырын дыбыс шықты шуылдаған 
(А.Байтұрсынов, Шығ.).  
600. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет