Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет177/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   348
18.08.2023 dis

СУЖҰҚПАС ШЕШЕН Сөзден мүдірмейтін, ділмар. Япырай, өзім-өз болғалы 
дәл осындай сужұқпас шешен адамды көрген жоқ едім (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.). 
582. 
СУМАҚАЙ сын. Жылпос, сұғанақ, сұмаңдағыш. Суық қолды сумақай л а рмен 
жебір, жемқорларды «Ағайын ақылы» жер-жебіріне жеткізесынайды («Қаз. әдеб.»). 
Сапардың жымысқы күлкісі мен сумақай қолы оның көз алдына елестейді (Қ. 
Жұмаділов, Көкейкесті) 
583. 
СҰҢҒЫЛА сын. 1. Көп білетін, білгір. Жалғыз-ақ, бір сұңғыла адам байқап еді, 
бірақ екінші бір нәрседен қорқамын деп мынау ер жүректі аяғымен басып кетті. 
(М.Жұмабаев, Шығ.). Ілияс өте ақылды, жинақы, саяси жағынан барынша сұңғыла, 
партиялық тілмен совет әдебиетінің барынша халықтық, интернақионалдық екенін 
айтты (С.Мәуленов, Үркер.). Сыпайы отыр салмақпен бойы зілді, Саудыраған жан 
емес, ашың тілді. Шаруа қуған жай адам еместігін, Сұңғыла ойлы Ілияс айтпай білді 
(Н.Баймұратов, Қанды жорық). Ақан серінің түс-келбетін, мінез-құлқын қолмен 
қойғандай айтып беретін сұңғыла қарттарды көргенде қатты риза боласыз («Қаз. 
әдеб.»). 2. жерг. Қу, сұм, залым. Ол шатырына ойындағысын айтпай танып отыратын 
сұңғылаларды жуытпайды, не істесе де таң-тамаша қалып отыратын жұмыр түйсік, 
маубастау адамдарға көбірек үйір (Ә.Кекілбаев, Дала.). Үйге кіре бергенде. Аякеңе: – 
Қыз бала сұңғыла келеді-ау,– деп, мүлде басқа нәрсені айтты (Р.Тоқтаров, Ертіс.). 
Сумаң түлкі сұмырай, Сұңғыласын, сұмын-ай! Ойы бірге армандас, Мекені ортақ, 
ормандас (М.Әлімбаев, Жүрек.). 
584. 
СҰҢҒЫЛАЛАУ сын. 1. Зейінділеу, зерделілеу. Осы мен қартайдым ба, қайттім 
білем? Бұлдырар көз әйнексіз көзім кілең. Даусымның жоғалтыппын сыңғырлағын, 
Сұрғылттау, сұңғылалау тартып кең (Ә.Тәжібаев, Кеше.). 2. жерг. Қулау, байқағыштау. 
Ырым Нұриладай емес, ауыл өмірін, ел арасының қулық-сұмдығын көбірек білетін 
сұңғылалау еді (С. Бегалин, Ана). 
585. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет