Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет230/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   348
18.08.2023 dis

БІЛІКСІЗ сын. Білім, түсініктен құралақан, білімсіз. Біліксізді үйрету – Салғандай 
құрық асауға. Асылдың ізде нәсілін Басыңды әуел қосарға. (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
Көп екен деп көмегім Көкірегіңді көтерме. Қырық мың қарға топ жасап Жеке туған 
сұңқардың Түгінезалал етер ме?! Біліксіз туған көп ұлдан Білікті туған бір артық, Үшбу 
сөзім бекер ме?! (Кердері Әбубәкір, Қазағым). – Жә, біліксіздің білмегенін кешірмесең 
білгендігің қане?! (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). 
243. 
БІЛІМСІЗ сын. 1. Сауаты жоқ, бір нәрсеге бейімдейтін дағды-білімі жоқ, оқымаған. 
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бишарасы, Айтушы мен тыңдаушы 
көбі-надан. Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы (Абай, Тол. жин.). // Оқымаған, сауатсыз 
адам. Алдында «эмпириокритицизм», Көргемін нұр толқыған ойлы жүзін... Өзі оқып, 
өзгені де оқытады, Жігіттің ұнатпайды білімсізін (Қ.Аманжолов, Шығ.). Оқытушыға да, 
үйренушіге де, үгіттеушіге де, жазушыға да, білімдіге де білімсіз г е де, шешенге де, ақынға 
да жат сөзсіз күнелте алмайтын заман туды (Х.Досмұхамедұлы). 2. Ақылсыз, надан, 
парасатсыз, рухани дүниесі пәс. Дандайсиды тек білімсіз надандар, қарапайым жүреді 
асыл жандар (Шығыс жұлдыздары). // Парасатсыз, рухани дүниесі пәс адам. Ойсыз, 
көкейкөзі жоқ, надан. Өмірдің өрін тауысып, Білімсізбен алысып, Шықтық міне белге енді 
(Абай, Тол. жин.). Сөйлесе білімді адам балдай татыр, Сөз шықпас білімсізден таңдай 
татыр. Жақтаған жақсы адамды үлгі алады. Жаманнан түсер басқа заман ақыр (К.Әзірбаев, 
Таңд. шығ.). 3. Ізденіссіз, бейқам, оқусыз. Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ 
– әлдекімнің азығы (М.Әлімбаев, 666 мақал). Дүниеге адам болып жаралған соң, Білімсіз 
құр жүрісің бейне есек. Ақыл – қанат, ғылым – дос, иман – серік, Асыл жүрек бермейді, 
шайтанға ерік (Ә.Найманбаев, Шығ.). Жігітке жолдас болар өнер-білім, білімсіз болсаң
босқа өтер күнің. Сиынып күштілерге, тентек болсаң, Таралып жұрт көзіне, кетер құның 
(Ақмолла, Күндер.). Білімсіз ынта жарығы жоқ отпен тең (Маржан сөз). 4. діни. Діни 


245
сауатсыз, иманын біліммен кәмілдемеген. Уағызын мешіттен тысқа шығара алмай, басқа 
діндердің жымысқы әрекеттеріне демократияға қайшы деп заңды тегеурін қоя алмай 
тұрған қоғамда дін басындағыларға айтарымыз: «Үмметім үшін білімсіз, азғын имамдар 
тажалдан да қорқыныштырақ», – деген пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөзі (Ахмад ибн Ханбал) 
(«Жас Алаш»). Білімдіге білімсіз бағынбай ма? Іздесе, пендеге жол табылмай ма? Ақты 
қойып, арамды әдет етсек, Денеміз дозаққа өзі жағылмай ма? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 5. 
Ғылым мен техника жетістігінсіз, арнайы мамандандырылған оқусыз. Біздің бөлім бұл 
бастаманы қуана қостап, қолма-қол атсалысты. Соның барысында бір-бірімізді жете 
білісіп, етене араласып кеттік. Бірі – өткен ғасырдың 30-шы жылдары авиация әлі дамымай 
тұрғанда Атлант мұхиты арқылы қонбай ұшқан америкалық ұшқыш Чарльз Линдберг те, 
екіншісі құнары жоқ айдалада ғылым, білімсіз, қиялдан асып өнім алған Шығанақ Берсиев 
туралы пьеса жазу мақсат болған («Егемен Қазақстан»). 6. ауыс. Жабайы, тағы. Жар 
салып, жасақ жияр білімді Алик, білімсіз хұзарлардан алмаққа кек, Қаласын, егіндерін 
ызасы үшін, От пенен қойған арнап қылышқа деп (А.Байтұрсынов, Шығ.). 
244. 
БІРБЕТ сын. жағымсыз. Сыңаржақ, қыңыр, басқамен санаспайтын. Бұл төсектен 
қайта тұра алмасына көзі әбден жеткен тәрізді. Жайшылықта бірбет, ожар Исабек 
тағдырына мүлде өшігіп апты (Д.Әбілев, Арман.). Орданың қадірлеуінен бе, әлде 
жаратылысы солай ма, Ақпан мінезі жағынан бірбет, қыңыр болған (С.Мұқанов, Аққан 
жұлд.). Несіне жылайсың, жақсы болған екен, сен өзің кеше ғана Таймасов маған көнбейді, 
бірбет өзімшіл деп арыз айттың емес пе? (С.Бақбергенов, Алтынемел.).  
245. 
БІРЕЗУ сын. Бірбет, сыңаржақ, қыңыр. Байғұс, осы-ақ бірезу болады да жүреді (Қаз. 
тілі. фраз. сөздігі). Дұрыс деме құр ойлап, Ақылға сынат, сабыр қыл. Жығылмайтын дәлел 
тап, Бірезу болма, өзімшіл (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 
246. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет