Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет229/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   348
18.08.2023 dis

БҮККІШ сын. Ойын құпиялап, сыр жасырғыш. Бүккіш-ақ қой қыз, бірақ, Білдіре 
месырларын! Күміс күлкі сыңғырлап, Бөліп кетті ар жағын (Ғ.Қайырбеков, Құрдас). 
237. 
БҮЛДІРГІШ сын. Бүлік тудырғыш, бүлікшіл, лаңшыл. Алашорда милициясы алдында 
1916 жылғы дүрбелеңде қатты күйзеліске ұшыраған Жетісу қазақтарын жергілікті казактар 
мен бүлдіргіш большевиктердің қызыл армиясының шапқыншылығынан қорғау міндеті 
тұрды (“Түркістан”). // Бүлік тудыратын, бүлікшіл адам, лаңкес. Сен бүлдіргішсің, 
жұмысшыларды құтыртып іс тастауға басшы болып жүрсің (I.Жансүгіров, Әңгім.). Бүгін 
кешке басшы кісінің бірі барады. Бүлдіргіштің бірі сол депті және қолдың ертең қайда 
қонатынын айтыпты (М.Әуезов, Таңд. шығ.). 
238. 
БҮЛІКШІЛ сын. 1. Ұрыс-керісшіл, жанжалқұмар. Аңмен бірге бүлікшіл, Жанжал 
іздеп хан кезді. Болса қандай аңы сұм – Болған еді ханы сұм (Халық ақындары). Күлгенде 
беті жыбырлап, аузы қисайып кетеді екен. Жанарында бүлікшіл, тентек ұшқын бар. 
Жәнібек секем ала бастады (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). Колхозда қастық еткен бүлікшілді 
Колхозшы күн ілгері таба білді (Айтыс). 2. Бүлікке араласқыш. Исатай Тайманұлының 
қызметіне үстем тап өшпенділікпен қарап, оны “қарақшы”, “бүлікшіл” десе, еңбекшілер 
оны өз қамқоршысы, қайраткері ретінде танып қастерлеген (И.Кенжалиев, Тайманұлы.). 
239. 
БЫЖЫҢ сын. сөйл. Мазасыз, беймаза. Өрісі тар быжың адамның батырсынғаны күлкі 
болатын (Ш.Хұсайынов). 
240. 
БЫЛБЫР сын. Сылбыр, ширақ емес, бос. Былбыр дейсің бейақыл, шата менен 
шаянды. Жиған малың зекетсіз жылан менен шаянды (Бес ғасыр.). 
241. 
БЫЛЖЫР Болбыраған, босбелбеу, ынжық. Құда-жегжат, сыйлы қонаққа арнайы 
табақ жасалып, бас тартады. Былжыр (жуас) боласың деп балаға миды жегізбейді 
(С.Мұқанов, Қазақ қауымы). Жүсіпбек орта бойлы, арық, еті шандыр, сіңірлері білеу-білеу, 
тіпті жадағай, аңқау, былжыр (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Қарағандыға барғалы бір-ақ рет 
хат жазыпты дейді. Әй, соны қойшы! Жүрген бір былжыр еді ғой (Ә.Әзиев, Оянған ар).  
242. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет