Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


МАЛЖАНДЫЛАУ сын. Малға жақынырақ, сараңдау. Жапа – малжандылау, сараң  кісі болса керек (С.Мұқанов, Өсу жол.)



Pdf көрінісі
бет299/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   348
18.08.2023 dis

МАЛЖАНДЫЛАУ сын. Малға жақынырақ, сараңдау. Жапа – малжандылау, сараң 
кісі болса керек (С.Мұқанов, Өсу жол.). 
687. 
МАЛҚОР сын. Малқұмар, малсақ. Өзі малқор да; пайдакүнем; Жарасбайдың күйері 
Қайранбай (М.Әуезов, Қараш.). Қазақтың малқор да дүние қоңыз байының маңында еңбек 
етуші кедей еңбегін ғана жегізбейді, ар қорлығын да көреді (М.Әуезов, Әр жыл.). Жалшым 
деп емес, жанашырым деп қарадым, Малшым деп емес, малқорым деп санадым 
(К.Сегізбаев. Беласқан). 
688. 
МАЛҚҰМАР сын. Малқор, малжан, дүниеқор. Амалдап қарағайды талға жалғап
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап. Мақтан қуған малқұмар нені ұға алсын, Шықпаса 
мыңнан біреу талғап-талғап (Абай, Тол. жин.). Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай боп 
сәлдесі. Малқұмар көңілі – бек соқыр, Бүркіттен кем бе жем жесі? (Абай, Тол. жин.). 
Малқұмар құрғырлар бар. Жабдықты әзірлеп, жылпылдап мені арулап, жаназа оқысты. 
Шалдың сорлы болғанын не қылсын? (Ж.Аймауытов, Шығ.).  
689. 
МАНСАПҚОР [ар.] сын. Шенқұмар, жоғары қызмет үшін барын салатын. Халықтың 
өзі сайлаған колхоз бастығынан басқа лауазым, қызмет іздемедім. Мансапқор емеспін. 
Атақты сұрап алғаным жоқ (С.Бақбергенов, Адам.). – Кейде өтірікті басқаларға көрініп 
қалу үшін де айтады. Мұндайларды – жағымпаз, мансапқор, көз бояушы бөспе – дейді 
(С.Сарғасқаев, Тәмпіш қара). // Шенқұмар, билікқұмар адам. Өтіп жатты көп байлар Мініп 
алып күймеге. Мансапқорлар мақтанып Сары ала жез түймеге (О.Шипин, Дастан.). Жойып, 
зорлық пен қару жолдауды, Қойып, күндестік, мақтан, алдауды, мансапқор жойылса 
(Ш.Құдайбердиев, Шығ.).  
690. 
МАНСАПҚҰМАР сын. Мансапқор, әкімшіл. “Хан тағы” деген сөзді естігеннен-ақ 
мансапқұмар Сүйіншіктің екі көзі оттай жайнап сала берді (І.Есенберлин, Алмас қылыш). 
691. 
МАНСАПШЫ сын. сөйл. Мансапшыл. Түсін Дидар! Мен мансапшы да емеспін, атақ 
үшін дәрежесі үлкендердің алдында көңілшек әйелдерше көлеңдеп әр табанды бір 
жалайтын (Ә.Әбішев, Замана.). 


287
692. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет