Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет314/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   348
18.08.2023 dis

ӨРЕСКЕЛ МІНЕЗ Жөнге, жораға сыймас ерсілік; жанға батар, жан қинар, жұрт 
түршігер жай, қылық 
794. 
ӨРЕСІ АЛАСА Білері аз, түсінігі тайыз, өресі төмен. Осы арқылы ертедегі қазақ 
байларының кескін-келбетін, олардың өрісі тар, өресі аласа ой-жүйесін көрсетеді 
(М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз. әдеб.). 
795. 
ӨРЕСІЗ сын. Өресі тар, білімсіз. Қайдасың, қайда, қайратым бойды кернеген, Өресіз 
өмір өкінішке өткел бермеген. Арындап жүрген, жалындап жүрген жүректің Керегі қанша 
мұндайда қуат бермеген (М.Қанғожин, Қызылжар). Не керек теріп айтып жат мінезді, Қор 
ғылып соған бола алтын сөзді. Өңешті өресізге созба, деген – Әкемнің сөзі барды қайбір 
кезгі (Р. Нұрпейісов, Мейірім). 
796. 
ӨРКЕУДЕ сын. жағымсыз. 1. Менмен, өзімшіл. Әкесінің өркеуде озбыр дөрекі 
мінездері ұнамайды оған (С.Байжанов, Замандас туралы толғау). Басынан сөз асырмайтын, 
барып тұрған «менен басқа ешкім жоқ» деп ойлайтын өркеуде менмен екенсің (С.Еркебаев, 
Алғашқы адым). 2. жағымды. Тәкаппар, намысы зор. Өркеуде, салқам жігіт сұңғақ 
Батырдай шымыр болып біткен сымбат (Қ.Бекхожин, Менің замандастарым). Қасындағы 
тоқпақ мұрын, айран көз жігіт өркеуде болар, қасқырша арқасына сала жөнелген ғой, – деп 
іштей бір жобалап қойды да, Аман тергей бастады (Ғ.Мұстафин). Өзгелер айтса – өркеуде, 
Өзінше бір міні жоқ. Молданың тілін алмайды, Мал жаюға бармайды. Алпыстай ала 
жылқы бар, Басқа малы болмайды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 
797. 
ӨРКӨКІРЕК сын. Тәкаппар, менмен, өркеуде. Атамыз шағын дәулетті адам 
болғанымен, тірі пендеге кеудесін бастырмайтын өркөкірек болыпты («Қаз. әдеб.»). 
Қастары түгіл, достарының қатты сөзін кешірмейтін өркөкірек екі батыр жігіттің 
арасындағы махаббат таласы мен намыс таласы осылай бітті (І.Есенберлин, Қаһар). Қазақ 
дегеніңіз ен далада еркін өскен өркөкірек халық (Ә.Әлімжанов, Махамбеттің жебесі). Өжет 
қыз өркөкірек батыл еді, Досқа адал бітпейіншге ақыр жемі (Т.Нұрмұхамедов, Серпін). 
Кешіріңдер, туыстар, Кешіріңдер, ағайын, Өркөкірек бейбаққа өкпеледің талайың (М. 
Мақатаев, Шығ.). 
798. 
ӨРКӨКІРЕКТЕУ сын. Тәкәппарлау, менмендеу, өзімшілдеу. Күшейген ұлыс, 
рулардың асқақ, өркөкіректеу келетіні тәжірибелі Мөңке Темірге белгілі (І.Есенберлин, 
Алтын орда). Бұл кісі өзіне халық сеніп тапсырған қызметтің жауапкершілігін ойлаудан 
гөрі, өзіне берілетін правоны ғана пайдаланып қалғысы келіп тұрған өркөкіректеу адам боп 
көрінеді («Лен. жас»). 
799. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет