Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет95/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   348
18.08.2023 dis

ЖАНАЯРЛЫҚ (4): аянкес, аянпаз, аянсақ, аяншақ.
ҰМЫТШАҚТЫҚ (4): жаңғалақ, жаңылғыш, жаңылысқыш, ұмытшақ.
ЖАЛПАҚШЕШЕЙЛІК (3): жалпақшешей, көңілшек, лақылдақ.
КҮМӘНШІЛДІК (3): дүдәмалшыл, күдіктенгіш, күмәншіл. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


146
ҚОСЫМША Б 
Жағымды мінез атауларының түсіндірме сөздігі
(«Қазақ әдеби тілінің сөздігі» (2006 – 2013 жж.) онбестомдығынан жиналған) 
 
1. АБАЙЛАҒЫШ сын. Байқағыш, сезгіш, сезімтал. Әкесіндей бұл-дағы Білмегенін 
сұрағыш, Ненің қалай тұрғанын, Абайлағыш, сынағыш (С.Мұқанов, Замандас.). Асып-
тасымайтын, сабырлы, алды-артты абайлағыш, баршаға сәлемі қашанда ашық, мейірімі 
бірдей азамат қалпында («Егем. Қаз»). 
2. АҒАЙЫНШЫЛ сын. Туысқаншыл, бауырмал, жақын-туысқаншыл. Ол негізі байшыл 
емес, ағайыншыл, жақыншыл ғана жігіт (С.Мұқанов, Өсу жол.). Ат арқасына ер батса, 
аяңшыл болады, Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады (Мақал-мәтел). 
3. АДАЛ [ар. لداع] сын. 1. Ар-ұяты күшті, ақ ниетті, таза (адам). Адал мінез адамдар: 
арттағыларға жол салып, із тастап өтеді. Арам мінез адамдар: арттағыларға тікен төгіп, 
біз тастап өтеді (Мақал-мәтел). Адал адамның аты арып, тоны тозбас (Мақал-мәтел). 
Дәл соңғы жылы ғана Абайды анық адал аға деп, шынайы дос тұтып тапқан еді 
(М.Әуезов, Абай). 2. Шын берілген, сенімді, күмән тудырмайтын. Ел, Отаны үшін өз 
бастарын, ой, күштерін ортаға салған орыс халқының адал ұлдары бұл кезде көп еді 
(М.Әуезов, Әр жыл.). Қараса, жан тояр ма ажарыма, Дұшпан ит, қарамайсың адалыма 
(XX ғ. қаз. ақын.). 3. Кіршіксіз, мінсіз, пәк, қалтқысыз. Көкірекке ақыл, көзге ғибрат, 
Жалынды талап, жаңа үміт. Адал жүрек, ақ ниет, Жамандықтан қашқанға 
(І.Жансүгіров, Шығ.). Адал достық алтыннан да қымбат (М.Әлімбаев, 666 мақал.). 4. 
Тура, анық, шын, ақиқат. Қарағым, көңілің таза бала екенсің, Адалыңды айтқаныңа 
рақмет (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.).
4. АДАЛ ЖАНДЫ Арамдығы жоқ, таза ниетті. Жолдасым Саша Комиссаров та аман. 
Саған сәлем айтады. Өзі – адал жанды орыс жігіті (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). Ақ 
көңіл, адал жанды, жарқын жүзі, Бақыттың шырағындай отты көзі (М.Хакімжанова, 
Жыр асуы).  
5. АДАМГЕРШІЛ сын. стиль. Кісі қамын ойлағыш, жақсылық жасауға бейім тұратын, 
қамқоршыл, кісілігі мол. Орысша орта білімі бар, Қызылжардағы педагогика 
техникумында жаратылыстан көп жыл сабақ берген, мінезі момын, адамгершілжақсы 
адам (С.Мұқанов, Есею жыл.). Біздің есімізге адамгершілсүйкімді бейне түссе, онда 
осы уақытта оған қарама-қарсы тек өзінің қамын ойлайтын адамдардың бейнесі түсуі 
де мүмкін (М.Мұқанов, Бақылау.). 
6. АДАМЖАНДЫ сын. Адамгершілігі зор, адам сүйгіш. Көп адам адамжанды болмайды. 
Бұл – жұрттың бәріне ортақ қасиет (Х.Есенжанов, Көп жыл.). 
7. АДАМШЫЛ сын. Адамға жаны ашығыш, қамқоршы. Бұған бас себеп: адамшыл 
мақсатты үгіт пен насихаттың нысанаға дәл тигендігі болса керек (X.Есенжанов, Тар 
кезең). 
8. АЗАМАТ ауыс. Адамгершілігі мол, саналы, құрметті адам. Азамат ерден қол үзбе, 
Күндердің күні болғанда, Басыңа қиын іс түссе, Қайырылмай саған кетпейді (Базар 
жырау, Шығ.). Адам тәрбиелеуді оңай деме. Алуан түрлі бала бар. Солардың бәрінен 
азамат өсіріп шығару– ең қиын өнер (М.Иманжанов, Алғашқы ай.). Қасым жомарт 
жанды, үлкен жүректі, сегіз қырлы, бір сырлы ақын, азамат еді (С.Мәуленов, Үркер.). 
9. АЙЛАСЫЗ сын. 1. Қулығы, арамдығы, айласы жоқ, келер қатерді байқай бермейтін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет