Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет96/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   348
18.08.2023 dis

білмейтін. Айласыздың батыры айға шабады (М.Әуезов, Шығ.). 2. Амалсыз, айла-
шарғысыз, әрекетсіз. Әлібек мына сөзді құп көреді, Айманның бұл ақылын еп көреді. 
«Айласыз бір іс болмас» деген сөз бар. Әлібек, жеті жүз қол тоқталады (Айман-
Шолпан). Қуанышым, сабырлы бол, саям бол, Бүгін менде сабыр жоқ. Тақатсызбын, 
айласызбын, айласызбын баладай, Әлсіз денем, аян бол (М.Әуезов, Шығ.). Көзсіздік 
іске татыр ма? Айласыз батыр батыр ма?! Отырып қалар тақырға. Күндіз ұйықтап, 
түнде жорт (М.Мақатаев, Шығ.). 


147
10. АЙТҚЫР сын. көне. Шешен, сөзшең. Айтқыр деп сені кім айтар Көп алдында сөзіңді 
– Күйбеңдеп жатсаң айта алмай (Базар жырау, Шығ.). Атақты халық артисі Қанабек 
Байсейітов ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді өте көп білетін және айтқыр адам еді. Біраздан 
бері «Қанекең айтқан хикая» деген атпен топтама өлеңжазып жүрмін (C.Жиенбаев, 
Алтын қалам). 
11. АЙТҚЫШ сын. Келістіріп айта білетін, сөзге шебер, айтқыр. Бәрі де домбырашы, 
өлең айтқыш . Кететін әнге басса, судай жылжып (Айтыс). Жамбыл – түре айтыстың 
ақпа ақыны, көреген, сезімтал, от ауызды айтқыш ақын (М. Әуезов, Әр жыл.). Ақиқатты 
тура айтқыш мінезімен бірде жоғары, бірде төмен денгейлердің бәрінен де өтті (Жұбан 
поэзиясының көркемдік ерекшеліктері). 
12. АҚ ауыс. Адал. Билердің жүзі көрнеу тұрған қиянатты арсыздыққа жеңгізіп, арамды 
ақтың үстіне не айламен болса да шығарамыз деп жұмыла қарайып алған (М.Әуезов, 
Қараш.). Бисмилла, әуелі аққа сана айтпақ, Оның үшін салауат Рәсуліміз аққа дос 
болған. Жүмләдан бұрын жаратып Халыққа нұры пәш болған (Кердері Әбубәкір, 
Қазағым). Қараға жауап бергеннен, Аққа берген серт артық (Базар жырау, Шығ.). 
13. АҚ КӨЙЛЕК АДАМ Арамдық ойламайтын, жұртқа сенгіш, адал, ақжүрек кісі. 
Оллаһи, тиген көзі соның маған, Ешбір жау босағамды торымаған. Ақ көйлек адам едім, 
жұртқа сенгіш Еш сөзді жаманатқа жорымаған (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 
14. АҚ КӨКІРЕК Ақ пейіл, ақкөңіл, ашық, мейірімді, адал ниетті. Мұнысын өзгеден гөрі 
өзі біліңкіреп, өзге емес өзі бағалап, өзін оп-оңай ақ көкіректер, әулиелер, керек десеңіз, 
Қожанәсірдер санатына қосып жүреді (3.Қабдолов, Жалын.). 
15. АҚЖАРҚЫН сын. 1. Ақкөңіл, пейілі кең, ашық мінезді (адам). Сейіт балуан, жомарт 
мінезінің үстіне аса сауықшыл, көңілді, ақжарқын жігіт. Сол мінезі үшін бұны Әбенмен 
қоса Абайдың іні досы ақын Дәрмен аса қадірлейтін (М.Әуезов, Абай жолы). 
Төрегелдинмен сөйлесіп көрсем, «аузын ашса, қарны көрінеді» дегендей, аңқылдақ 
ақжарқын біреу (С.Мұқанов, Шығ.). Ақжарқын, еске түсіп кең жүрегі, Сағыныш салған 
әуре жеңді мені. Балқұндақ бала күнде салған әні, Жансая көкірек кернеп, келді лебі 
(К.Салықов, Жезкиік). Бірақ қапелімде аузына түсе қоймайтын бауырмал сөздер тауып, 
амандасқанына қарағанда, бұрынғы ақжарқын мінезі қалпында сияқты (Ғ.Мүсірепов, 
Белдерде). 2. Көңілді, ашық, бүкпесіз. Самбыр сөз бар, сыбыр жоқ, Жұрт ақжарқын 
кеңесте. Ауылдан аулақ оңаша, Жиын түрі жаңаша (М.Жұмабаев, Шығ.). Шынында да 
Шоңбай да бара-бара Балтәттінің баяғы өзін ентіктірген ақжарқын кейпін жиі-жиі 
ұнатпай қалатын. Әсіресе көпшілік арасында шаттанып, жұртқа жағатын қылық 
көрсете бастаса, ішінен қасірет шегіп тұратын (К.Баялиев, Нөсер). Бұнда орнатылған 
елка жоқ, мерекесалтанаты сезілу былай тұрсын, көңіл күйінде бір ақжарқын пейіл 
аңдалып жатса ғой (А.Байтанаев, Қансонар). 
16. АҚЖЕЛЕҢ сын. жерг. Ақкөңіл, ашық-жарқын. Ақжелең де аусарлау мінездерін, 
әсіресе өткен кешті еске түсірді (А.Сәрсенбаева, Батырлар.). 
17. АҚЖҮРЕК сын. 1. Ақкөңіл, адалниет, рухани таза. Бұл туралы Потанин жазды: «Мен 
корпустан шыққан соң бес жылдай Алматы жағында шетте қызмет етіп қайттым, 
Шоқан Омскіде әлгідей білімді ақжүрек адамдармен жолдас болып ысылған 
(М.Дулатов, Шығ). Ұйымшыл, ұраншыл, мейірімшіл, қоғамшыл, Кіршіксіз, ақжүрек, 
Біздер шын тазасы (І.Жансүгіров, Шығ.). Тікеннің ішінен гүл көріп, қара түнек 
қапастан да жылтыраған сәуле іздеу жаны таза, ақжүрек жазушыға ғана тән емес пе 
(«Жас Алаш»). Ұйқы басып, есінеп, керіліп-созылудан тез арылу қажеттігін көрсететін 
белгі, тіпті Байжан бейнесінен, әсіресе, осы ақжүрек , аңқылдақ, қонақжай, бір шағым 
қулығы да жоқ емес, шақпа сөзге үйір, тұла бойы қазақы жаннан да молынан табылады 
(«Қаз. әдеб».). 2. Аңқылдақ, ақ-жарқын. Ақжүрек , аппақ пейіл, асқақ үнді, Ақынға 
әрбір үйден дос табылды. Халықтың жүрегінде орын барда ол қайтсін бақ деп ұғып 
басқа орынды (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем). Рухани таза, адал, ақкөңіл адам. 
Мұраттың заманындағы қазақ нағыз орыс халқын, орыстан шыққан жақсыларды, 
ақжүректерді көрген жоқ (Х.Досмұхамедұлы, Аламан). Ақкөңілдік, адалдық, рухани 


148
тазалық. Адал еңбек, ақжүрек берер шешіп, Таза ақыл қосылса, әлемнің таласын 
(Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Сұлу мінез ақжүрекпен артық ең, Қазақ атын шылбырдан сан 
тартып ең. Біз ұмытсақ, өлмес айғақ тарих бар, Атамыздай болған сабаз қартым ең 
(М.Дулатов, Шығ.). 
18. АҚИҚАТШЫЛ сын. Тек шындығын айтатын, турашыл, шыншыл. Жар болмаса 
жасаған, қиын болды, Әлемнің езуінен наным кетіп Сұрасаң, ақиқатшыл атым Әсет, 
Айтып-айтып болдырдым арым кетіп (Ә.Найманбаев, Шығ.). Мен ол жайлы ұқтым 
талай мағлұмат, Жақсылығын жұғысты ету бар мұрат. Ақиқатшыл сүйдім ашық 
мінезін, Діншілдікпен жүрмесем де қалжырап (К.Салықов, Жезкиік). Өмір 
тәжірибесінде қаталлогика ұстанған, толассыз дәйектемелерді бәрінен де артық 
бағалайтын сергек мінезді Сәтбаев ақиқатшыл адам ғылым мен техниканың өзекті 
мәселелеріне келгенде, сол мәселелердің халық игілігіне тиімді екенін сезгенде шын 
жүректен тебірене білетін және шабыткер ақынша толғана білетін (Е.Бөкетов). 
19. АҚКӨКІРЕКТІ зат. жерг. Ақкөңілді. Ол өз халқы – қазақтың тебіздігін асқан 
көргендігі, сонымен бірге тым ақкөкіректігін, тым жас сенгіштігін біліп, оның өз 
халқының басына бәле болып жабысатынын ашып айтады (Б.Қыдырбекұлы, Түгел 
сөз.). 
20. АҚКӨҢІЛ сын. Ашық-жарқын, адал ниет, ілтипатты. Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар 
да көп, Телміріп бір тойғанын ар қылмаған, Ақкөңіл, алаң-бұлаң адамдар көп, Есептеп 
азын-көпке аңқылдаған (А.Байтұрсынов, Шығ.). Жазықсызбын дей алман, жат 
көріндім, Жазықтымын дей алман, ақкөңілмін. ...Өмір деген біреу бар билік құрған, 
Билігінен мен соның қақ бөліндім (М.Мақатаев, Шығ.). Алшыннан туған Қудуар Асыл 
ерге медеу бар. Қожанасыр кісі екен Олпы-солпы тілі бар. Есіткенін, көргенін 
Жасырмайтын сыры бар. Иманмасы ақкөңіл Жүрегінің басында Ерімейтін нұры бар 
(Кердері Әбубәкір, Қазағым). Ілімді кегі оқыған осы қаріп, Ақкөңіл, елбіреген 
мүлайымша. Талаппен тапты ынаят тәуекелмен. Сыпаның сейселелі сыбайынша 
(О.Шораяқов, Шайыр). // Ашық мінезді, арамдығы жоқ, адал адам. Ақкөңіл ол – кәдімгі 
Қожанасыр, Өз жолымен ол солай бара жатыр, «Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбас». 
Сенбесеңдер, ағайын, қара да тұр (С.Сейтхазин, Тереңде.). 
21. АҚ-ҚАРАНЫ [АҚТЫ-ҚАРАНЫ] ТАНИТЫН Жақсы-жаманды айыратын, оң мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет