Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


 Көркем мінез ұғымы және сапалық белгілері



Pdf көрінісі
бет19/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   348
18.08.2023 dis

1.4 Көркем мінез ұғымы және сапалық белгілері 
Исламға қатысты мәтіндер мен дискурстарда көркем мінез деген атау 
белсенді қолданыста. Шынайы мұсылман болу үшін көркем мінезді болу қажет 
деп әрбір пенденің ішкі жан-дүниесінің әдемілігі дәріптеледі. Қазақтың 
этнопсихология тарихында жағымды мінез, көркем мінез жайында әл-Фараби, 
Қ.А.Яссауи, Ж.Баласағұн, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев айтты. 
Қ.А.Яссауи көркем мінезді 1) тәубашылдық, 2) ғибадатшылдық, 3) 
махаббат, 4) сабырлылық, 5) шүкіршілік, 6) ризашылдық, 7) заһидшілдік 
(анықтық), 8) ғаріптік (мүсәпір, бишара) деп атаған [36].
Ы.Алтынсариннің “Мұсылмандықтың тұтқасы” атты еңбегінде пенденің 
көңілінде болатын пиғыл екі түрлі дейді. Бірі – көркем, бірі – бұзық сипатты. 
Яғни адамның айналасына және өзіне көзқарасы, қатынасы пиғылына, ниетіне 
байланысты дейді [37, б. 51-52]. Осыдан барып көркем мінез сөзі шыққан.
А.Нүсіпбайдың көркем мінезге қатысты жазғандарын жинақтасақ
мұсылман адамның көркем мінез туралы түсінігі мына рубаяттардан алынған 
[38, б. 11-12]: «Аллаһ Тағала өзінің сүйікті Пайғамбарын мақтап, оған берген 
ұлық нығметін былай айтады: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» 
(Құран Кәрім, Қалам сүресі). Айша анамыз (р.а.): «Аллаһ Елшісінің мінезі Құран 
еді», – деп айтқан (Мүслим)». Сонда ұлы мінез, құран мінез деген қандай 
мағынадағы сөз? 


31
«Бір адам Пайғамбарға келіп, көркем мінез жайында сұрайды. Сонда Аллаһ 
Елшісі: «Мұхаммед кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет», – деген 
аятты оқып (Құран Кәрім, Ағраф, 199 аят), кейін: «Көркем мінез қатынасты үзген 
адаммен байланысты орнату, сенен қызғанып бермеген адамға сенің беруің 
жәнесаған зұлымдық қылған адамға кешірімді болуың», – деп айтады (Анас 
риуаяты).
Пайғамбар (с.ғ.с.) «Мен көркем мінезді кемеліне жеткізу үшін жіберілдім, 
– деп айтқан (Ахмад, әл Хаким және Байһақи). Сол сияқты Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) 
келесі сөзінде: «Қиямет күніндегі тақуалық пен көркем мінез тұрған таразының 
басы қаншалықты ауыр болады десеңші», – деген (Әбу Дәуд, Термези). Бір кісі 
Аллаһ Елшісінің алдына жақындап келіп: «Иә, Аллаһтың Елшісі! Дін дегеніміз 
не?» – деп сұрайды. Көркем мінез, – деп жауап береді. Кейін Аллаһ Елшісінің 
сол тарапынан келіп: «Дін дегенміз не?» – деп тағы сұрайды. 
– Көркем мінез, – деп жауап қатады. 
– Кейін оның артына өтіп: «Иә, Аллаһтың Елшісі! Дін дегеніміз не?» – деп 
сұрайды. Пайғамбар оған бұрылып: «Сен түсінбедің бе? Сенің ашуға 
берілмеуің», деп жауап береді (Мухаммад ибн Наср әл Маруази риуаяты). 
Аллаһ Елшісінен: «Бақытсыздық деген не?» – деп сұрайды. Пайғамбар: 
«Жаман мінез» – деп жауап берген (Имам Ахмад).
Сол сияқты Аллаһтың Елшісіне бір адам келіп: «Маған насихат айт», – деп 
өтінеді. Пайғамбар: «Адамға көркем мінезбен қарым-қатынас жаса», – дейді 
(Термези). Бірде Пайғамбардан: «Амалдың абзалы қайсы?» – деп сұраған 
уақытта. Ол: «Жақсы мінез», – деп айтқан. Фузайл ибн Ияз Аллаһ Елшісіне келіп: 
«Түгенше деген әйел күндіз ораза ұстайды, түнде намаз оқиды. Бірақ оның мінез-
құлқы жаман, көршілерін тілмен ренжітеді», – дейді.
Сонда пайғамбар: «Оның бұл істерінде қайыр жоқ. Ол әйел тозақ 
иелерінен», – деп жауап береді. 
Әбу Дарда: «Аллаһ Елшісінің: «(Қиямет күні) таразыға қойылатын 
нәрселердің ең әуелгісі, жақсы мінез бен сақилық. Аллаһ Тағала иманды 
жаратқан кезде, Иман: Иә, Аллаһым! Мені қуаттандыр, деді. Аллаһ оған көркем 
мінез бен сақилық беріп, оны қуатты қылды. Сонда күпірлік: Иә, Аллаһ! Маған 
күш бер, деп сұрады. Аллаһ оған сараңдық пен жаман мінез беріп, 
қуаттандырды», – деп айтқанын естідім» – деген (Әбу Дәуд, Термези). 
Аллаһ Елшісі: «Көркем мінез Аллаһтың жаратқан нәрселерінің ұлысы» – 
деген (Табари). Бәр күні Пайғамбардан: «Иә, Аллаһтың Елшісі! Иманы жағынан 
мүміндердің қайсысы абзал?» – деп сұрайды.
Ол: «Мінезі көркемірек болғаны», – деп жауап береді (Әбу Дәуд). 
Пайғамбар: «Адамдарға мал мүліктеріңмен емес, (оларға) жылы жүз және 
көркем мінезбен асығыңдар», деген (Баззар риуаяты). 
Барро ибн Азибтың (р.а.) Аллаһ Елшісі хақында: «Аллаһтың Елшісі 
адамдардың арасындағы ең көркем жүздісі, ең көркем мінездісі еді», – деп айтқан 
(Әл Хараити)» [38, б. 11-12].


32
Діни дискурста және әлеуметтік-көпшілік дискурста көркем мінез деген 
атаудың мағынасы осындай түсініктермен дәйектеліп, қазақ халқы көркем 
мінезді кісіні көрсе, «мінезге бай кісі екен» дейді.
Бірақ қазіргі уақытта заманның өзгеруіне байланысты адам мінезі де 
өзгерді. Мысалы, Ғ.У.Қабекеновтің айтуы бойынша, «Пайғамбарымыздың бөле-
жара айта кетер бір қасиеті – адам баласындағы бір-біріне қарама-қайшы 
мінездерді өз бойында ерекше үйлесімділікпен жинақтай білуі еді. Асылында 
мінез тепе-теңдігін әр кез сақтау жеңіл іс емес. Мысалы, бір адам аса жомарт 
бола тұра оның сол жомарттығы дарақылыққа, ысырапқа апаруы бек мүмкін 
немесе аса үнемшіл, ұқыпты боламын деп жүріп сараңдыққа бой алдыруы да 
ықтимал. Батыр, қаһарман болуы мүмкін, бірақ бұл қасиеттің де өз арнасынан 
шығып, алды-артын аңдамайтын, жақсы-жаман деп талғамайтын бірбеткей 
қатігездікке ұласуы да ғажап емес. Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) болса, ешбір 
жақсы қасиетті екінші бір қайшылық тудыратын қасиетпен шатастырмаған және 
өз арнасынан асырмаған. Алла елшісі (с.ғ.с.) ержүрек, батыр және мұнысымен 
қоса мейірбан, рақымды һәм кішіпейіл. Алайда тым кішіпейіл, мейірімді болса 
да ешқашан қорқақтық пен қорлануға бас имеген. Өте салмақты, 
байсалдылығымен қоса жанындағы адамдарға шаттық сыйлай алатын, күлкісі 
күміс шашқан, жүзі жарқын нұрлы. Күллі ғаламға ұстаздық етіп, ауқымды 
мәселелерді қозғаған Пайғамбарымыз кішкентай бүлдіршіндермен құмда 
отырып ойыншық ойнайтындай қарапайым. Яғни Алла елшісі (с.ғ.с.) әр кез 
таразының екі басын тең ұстап, тепе-теңдікті сақтай білген» [39, б. 27-30].
Зерттеушінің бұл айтып отырғаны қазіргі уақытта өте маңызды. Күллі 
нәрседе орта жолды ұстану және кез-келген нәрсе үшін шын жүрекпен берілмеу 
мұсылман дінінде насихатталады. Осы орайда адам проблемасын зерттеуде 
әлемнің бірінші ұстазы Аристотельдің «Алтын аралық принципін» («принцип 
золотой середины») айтқымыз келеді. Қазақ философиясында да «орташа 
адамға» ерекше мән береді. Бала-дана Шоқан Омбыда оқып жүргенде, жазғы 
демалысында Бөгенбай батыр шөбересі Саққұлаққа барып, сәлем беріп; «Ата 
жақсы адам қандай болады?» – дегенде, Саққұлақ шешен: 
«Адам биік болса – тасар еді, 
Төмен болса – құрт-құмырсқа басар еді. 
Бәрінен де орташа адам көп жасар еді» – деген екен. 
Сонымен, көркем мінез деген тіркестің мағынасына сабырлық, адамда еркі 
мен күшін, сезімін, қалауын, қуатын тепе-тең, «Алтын аралық принципін» ұстай 
алатын ақыл-парасаты мен пайымының жеткілікті болуы сыйдырылады.
«Адамдарды қарым-қатынасына байланысты топтарға бөлген Ғазали 
бірінші топқа қасындағы адамдарды жақсы түсініп, оларға жәрдем көрсеткен 
адамдарды, екінші топқа не пайдасы жоқ, не зиян келтірмейтін адамдарды, 
үшінші топқа тек өз пайдасын ойлайтын өзімшілдерді жатқызады. Ойшыл, соңғы 
топтағы адамдарды өзінен тыс адамдар үшін зиян тигізетін жамандар деп 
санайды» ортағасыр араб-мұсылман ғалымы Әбу Хамид әл-Ғазалидің 
шығармаларын зерттеген ғалым Б.Қ.Бейсенбаев [25, б. 11-16]. Қазақ адамның 
жақсы, жаман мінезді екенін жүрекпен байланыстырады. Оның себебі адамның 


33
сыртқы әрекеттерінің дүниеге келуінде жүректің ықпалы барлығын, бір мінездің 
жақсы-жаман болуы, жүректің жақсылық және жамандыққа толы болуына 
байланысты екенін айтады ғалым. Адамдардың бір бөлігі табиғатынан көркем 
мінезді болатыны, екінші бөлігі ондай болмағандықтан көркем қылыққа жаттығу 
және ыжтыһаттың арқасында қол жеткізетінін айтады Б.Қ.Бейсенбаев. 
Көркем мінездің құраушы басты құрамы – ақыл мен ойлау, сондықтан 
күллі бақыттың басы – ақыл мен дұрыс ойлау болып келеді. Тағы бір мәселе – 
мінез бен ойлаудың арақатынасы. Жалпы ғылымда қабылданған көзқарастарға 
сәйкес ақыл-ой қабілеттері (жалпы қабілеттер сияқты), адамның ойлау 
ерекшеліктері оның мінезіне кірмейді. Сонымен бірге, бірқатар психологтар 
адамның ойлауын да, мінезін де бір мезгілде сипаттайтын белгілердің бар 
екеніне назар аударады. Мысалы, Рубинштейн мынадай көзқарасты ұстанады: 
«Өте кең тараған пікірге қарамастан, мінез тек ерік-жігер мен эмоционалды ғана 
емес, сонымен қатар интеллектуалдық ерекшеліктерді де қамтуы мүмкін, өйткені 
ол адамның айналасындағылармен қарым-қатынасының сапалық ерекшелігінде 
көрінетін жеке тұлғалық қасиеттерге айналады. Олай болса, парасаттылық, 
байыптылық интеллектуалдық қасиет болғанымен, жалпы алғанда, мінез-құлық 
белгілері болып табылады. Сонымен бірге, мінез-құлық ерекшелігіне айнала 
отырып, интеллектуалдық қасиеттер бір ғана интеллектті емес, жалпы тұлғаны 
сипаттайды» [18, б. 372]. 
Ананьев «ойдың тереңдігі мен өткірлігі, мәселе және оны шешудің төте 
жолы, интеллектуалдық бастама, ойлау процестері барысындағы сенімділік – 
мұның бәрі ақыл-ойдың бір қыры ретіндегі тұлғаның өзіндік ерекшелігін 
құрайды» деп есептейді [17, б. 177]. 
Бұл аспектіде Э. Фромм ешкімге ұқсамайтын ерекше көзқарасты ұстанады 
[40, б. 48]: «...Әдетте ойлау тек интеллектуалдық әрекет болып саналады, әрі 
тұлғаның психологиялық құрылымына тәуелді емес деп есептеледі. Бірақ бұл 
ұшқары пікір, біздің ойлауымыз неғұрлым шындыққа сәйкес келсе, соғұрлым 
нақты объектілерді эмпирикалық манипуляциялаумен ғана емес, этикалық, 
философиялық, саяси, психологиялық немесе әлеуметтік мәселелермен бетпе-
бет келеді. Мұндай пікір ойлау әрекетіне қатысатын таза логикалық 
элементтерден басқа, көбінесе адамның тұлғалық құрылымымен анықталады...». 
Фромм өз ұстанымының дәлелі ретінде «махаббат», «әділдік», «теңдік», «өзін 
құрбан ету» сияқты ұғымдарды түсінудегі айырмашылықтарға тоқталады. 
Мұның себептерін жеке тұлғаның мінез-құлық құрылымында қарастырады. Осы 
орайда, Фромм ойлау арқылы адамның ақыл-ой қабілеттерінен басқа, ойлау 
субъектісінің санасындағы әлемнің бейнесіне байланысты тұжырымдар 
жасаудың ерекшеліктерін түсінетіні анық. Ал тілде ойлаумен байланысты бұл 
екі аспектінің біртұтас ұғымға бірігуі екіталай. Мәселен, «Ол ақылды ма?» деген 
сұраққа біз иә, ол «ақылды», «зерек», «сұңғыла», «басбілгі», «зерделі», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет