Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Құлшылық құпиясы немесе Құраннан үзік бір сыр



бет2/6
Дата19.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#147995
1   2   3   4   5   6

Құран үгітін меңгеру амалдары

«Сөз жоқ Құран иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар» (Рұм-51) «Бұл Құран бүкіл әлемге бір насихат! (87) Әлбетте оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер» (Сад-88) Бірінші аятта құран үгітін ақылмен түсінуден ғана иман келетінін және игілікпен дәлелі білінетінін ескерткен. Ал әлем халқы үшін құранның ғылымы және хикметті білімі белгілі бір замандарда ашылатынын ескертеді. Яғни ислам арптарға берілген намаздармен ғана шектелмей басқа әлемелдері үшін ғылым, білімінің ашылуымен құндылығы дәлелденетін заманның келуін ескертеді. Сондықтанда «Кімге ғылым берілсе соған мол игілік берілді есептеңдер» деген аятта. Ендеше ғылымға, мол игілікке санаға жол табу үшін арапша аяттарын есепсіз жатап алу емес да емес керісінше басқа тілдерге аударып түсініп оқу екен. Онда діншілердің құранды тек арапша біліп қана түсінесің деп ұғып, ұқтыруы надандықты ғана тудырады. Себебі аятта: «Бұл мүлтіксіз бір арапша Құран .Әрине олар сақсынар» (Зүмәр-28) деп жаратушымыз Құранды араптарда толық түсіне алмайтынын ғылыми құндылығын және сақтануды ескерткен. Яғни ол үшін мүлтіксіз арап тіл ғылымын меңгеру керек. Сонымен бірге әлемдегі бүкіл танымал ғылымнан хабардар болу керек. Сонда да «сақ бол» деп ерекше құпиялығын ескерткен. Жалпы әлемдегі бар құпия тек есеп арқылы ғана шешіледі. Ал құран аяттарын санап үйрену үшін, алдымен сөз өнерін, құпияларын даналықты үйрену керек. Әуелі өз тіліңді терең меңгеріп және бар ғылымнан мағлұмат ала білсең ғана сөз астарына үңіліп түсінуге болады. Енді арапша сөйлесе білген пенденің аяттарды оқи сала түсіндіріп отыратынын қалай түсінуге болады? Әр дін танушыға бұйырмаған жұмыс екенін хадисте де ескерткен пайғамбарымыз. «Адам не мақсатпен жаратылса, соған қабілетті. Алла тағала әрбір адамға өзінше ерекше қабілет дарытады. Баланы тәрбиелегенде осыны ескерген жөн.» (хад-617). Демек ондай адам ерекше қабілетті болып, сол қабілеттерін меңгеру арқылы Алланың елшісі дәрежесіне ие болып қана, аянмен тапсырма алып міндеттеледі оған тек Алла ғана таңдап ерекше белгі береді. Енді ондай қазақ баласы, қазақ тілінде 2 млн 500 мың сөз қоры болса соның жартысын білу қажет тіпті болмаған да. Осындай себептен болар, көптеген арап танушы діншілердің Халифа Алтай атамыздың тәржімесіне тістері батпай, өздері аудармалап жүргендігі. Ғылыми аударманың басты шарты аяттағы сөз орны және аударылған ұғымы шамасынша қарай қатаң сақталса ғана оқушыға ем шипа болып, сана ашылар. Себебі ойды жетілдіру үшін құран әдеби тілде оңай оқылмау керек, керісінше оқылғанда ойға үнемі салмақ түсу шарт. Және әрбір аяттың сөздік, сандық мәні бар екенін білерме екен арап танушы діндарлар? АДАМ- физикалық тұрғыдан; есту, көру, ойлау қасиеттерінен тұрады. «Мен сендерге есту, көру, ойлау қасиеттерін бердім сонда да түсінбейсіңдерме?» деп ескерткен аятта. Тек естіп, көріп, ойлансаң «АДА» болып өмірден өтесің, сондықтан «М» ды білу үшін өзіңді және жаратылыс ғылымын түсіне білу керек. Онда да есептей біл, дүние есебін емес ахирет есебін шеше біл. Сондықтан ана тілін толық меңгеру шарт! «М»ды білмеген дымды білмес атанбас үшін «Кел балалар оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық». Ықылас- ол бойдағы толық дәрет, тілдегі калима, ойда Алла тағала. Осыдан ниет пайда болар. Әрбір әрекеттің өзіндік шарты бар. Бірінші шарт толық дәрет және тәнде артық иістің болмауын қамтамассыз ету. Және сыртан келетін белгісіз ақпараттар, түйсіктік белгілердің жолын кесу үшін дене, бас,аяқ міндетті түрде жабық болып оны күнделікті әдетке айналдыру шарт. Болмаса адам баласының ойлау қабілетіне нұсқан келеді. Сондықтан аятта; «Шын мәнінде ол ардақты Құран.(78) Оны тап таза болғандар ғана ұстайды.»(Уақиға-79). Тап-таза болу үшін тек сәжде орындау жеткіліксіз. Жоғарғыдағы 16 шартты толық орындап және толық бойды (сыртқы тән өрісін) қалыптастыра білу керек. Оны жаратушымыз «бой ұсыныңдар!» деп ескерткен. Орындау қағидасы пайғамбарымыздың құлшылық туралы 11 өсиетімен сәйкес келіп 16+11=27 санын берсе, негізінен толық сәжде саны 32 болу шарт. Ал сол қалған құпия 5 құлшылық амалдарымен елшілерін жіберіп, әр топтың өз ерекшелігі тілдік амалдары зікірі болу керек. Құран аяттарының насихаттарын меңгеру арқылы орындалады. Құранныңда екі белгісі бар; Бірі кітап болып адамзатқа берілсе, екіншісі жоғарғы ақыл кітабы болып көктен үнемі түсіп, аянмен беріліп тұрады. Сол екі араны жалғай білген адам баласы ғана Құран түсінігін және насихатын меңгере алады. Түркі елі бойынша сол сатыны көрсетіп меңгерген Әзіреті сұлтан Ясауи бабамыз. Сондықтан да тән мен жан ғылымын қатар меңгере білген адам баласы ғана тылсым сырына құпиясынан, хикметінен сусындай алары даусыз. Ауыздағы тіске де мұқият болыңыз, жағымсыз иіс ойды бұзар, болмаса емдетіңіз. Құран түсінігіде екіге бөлінеді; Үгіт және насихат. Екеуінің де өзіндік шарты бар. Құран үгітін меңгеру үшін тілдік және кітап оқи білетін қабілетіңізбен дәрет калимаңыз болса жеткілікті. Ал Құран насихатын меңгеру құлшылық амалдары толық орындау және ғылым білімнің дәрежесімен байланысты болмақ. Жалпы Құран үгітін меңгерудің өзі қазіргі замандағы болып жатқан дін топтары және дін танушылармен халықтың арасындағы болып жатқан қереғар пікірлерге нүкте қояры ақиқат! Тек арап тілі арқылы ғана Құранды түсінуге болады деген ұғым надандықтың басты белгісі. Ібілістің ойраны, арап тілінің қадір қасиетін төмендетіп, Құран ғылымын тұмшалап алдыңғы үш қасиетті кітаптың кейпіне түсіруге апарып соқтырады. Оған әсіресе қазақ дін танушылары өз үлестерін ерекше қосып жатқаны сөзсіз шындық. Оған алда әлі ғылыммен нақты дәлелдер келтіреміз. Әзірше шегініс жасай тұрып, енді сіздің біліміңіз күман тудырып заман қыйындығымен орта дәрежелі білімді меңгере алмаған болсаңыз қам жемеңіз 30 рет Құранның қазақша аудармасын оқып шықсаңыз болды 3 жылда. Онда да тек Халифа Алтай атамыздың тәржімесін, себебі басқа аударма немесе түсініктер сөз есебін және аят ішінде сөз орындарын жоғалтып алған және сөздік қоры аз, демек Құран толық «САНА»-алмайды. Саналмаса өлшенбейді немесе түсінік өлшемі кемиді. Егер сіздің толық орта дәрежелі біліміңіз болса, онда 19 айда 5 рет оқу керек. Бұл сөз есебі оң қолыңызда берілген. 5 саусақта 19 буын періштемен 19 айда қатынасқа түсіп ұйқы кезінде қуат келер. Түсіңіз де түзелер. Ал түс түзелсе іс түзелетіні айдай анық. Жоғарғы дәрежелі иман іздеген адамдарға 12 айда 6 рет оқуға болады. Енді құранды меңгеріп есебін шығарсы келген қасиетті жандар үшін 5 айда 9 рет оқу керек. Адам баласындағы «жад» және «жете» деген екі ұғым бар. Жад көру, есту қасиеттеріне тәуелді болып білім қорын қалыптастырып қан құрамына байланысты сақталады, ал жете толық естен яғни тәрбие тәлімнен ана тілінің сақталу қасиетінен хабар береді де тәндік тазалық сипатқа тәуелді болып ішек, сүйек, тері май қабаттарында сақталады. Кейде түсінігі аз пенделерге «Жетесіз» деп «Жетесізге жеті айту керек» деп тәндегі аяқпен, төбемен байластағы жеті жел жолын ескерткен. Ес- өріс түрінде пенде баласының сыртында болады да осы екі белгімен байланыста болады. Үш белгінің түйсік, сезім, ақыл қосындысын «Сана» деп атайды. Қазіргі көп қазақ тек жадпен яғни түйсік- біліммен ғана өмір сүреді. Білім қылыққа айналып қанға жазылса сол белгімен ғана өмір сүретіндер тек жазылған заң аясында тіршілік етушілер санатына жатады. Ал жетесіз пенде баласында таза білім қалыптаспайды. Сондықтан ондай аралас білімді пенделер үшін түсінбеседе шыдамдылық танытып тек арасын үзбей қайта-қайта оқи берсе Алла тағала еңбегінің бодауын міндетті түрде берері сөзсіз. Әрине өзіне жеңіл желпі қарап киім дәрет ережесін сақтай алмайтын пенделер талаптанбаса да болады, бәрібір түсінік келмейді. Себебі Құран түсінігі тек Алланың кеңшілігінен жоғарғы ақылмен байланысқа түсіп қана келеді. Қасиетті кітап үкіміне жүгінсек мұсылмандықтың екі белгісі бар; «Бет бұру» және «Бой ұсыну». Жаратушын мойындап өз салт дәстүрімен өмір сүре білген пендені «ассалаумалейкум деген адамды мұсылман емессің» деме деген ескерту бар аятта. Дұрыс сәлем берген, жетелі пенде баласы негізі ата-анасы мұсылман болса бет бұрған болып есептеледі. Бірақ толық иман келтірген емес, мұсылман болған себебі иманды (таза ақылды) тек Алла тағала береді. Ол үшін бой ұсына білу керек. Сол шарттардың да саны да мәні де «Сәни дәптерде» баяндалған. Осындай шарттарды орындаған жандарда ғана санаға жол ашылып, өздігімен қыйын жұмбақ сөз мағынасын ұғатын есте сақтау қабілеті пайда болып ерекше қабілет, қасиет пайда болады. Сонда ғана «М» ды қосып толық АДАМ атанасыз.(Ақиқат бастауы 2-ші бөлімінде оқу, анықтау тәсілдері бар)
Сана қуаты ұжмаққа көтерер баспалдақ.

Жалпы қандай адамның санасы сол өзі өмір сүрген ортаға ұлтық ерекшелік тілге, ұстанған дәстүрге және тәрбиеге тәуелді. Халықтың сана сезімін ашу керек жетілдіру керек, сол үшін қаражат керек- деп сайрап жүрген ақылдылар жеткілікті қазақ елінде. Теледидардан көріпте жүрсіз, айтылып та жатыр. Сол сананың қайда болатынын сезімге, түйсік, ойға қалай немен әсер беріп, қалай ашады толық түсіндіретін ғалымды естіген жоқпыз. Неге бай мемлекеттер ақша бөліп сатып алып, саналы мемлекетке айналып бақытты өмір сүре алмай жатыр? Әлде болғысы келмейтін шығар? Жоқ оны сананың сапасын біз біле алмаймыз, және ақылмен де, ойлап та табу мүмкін емес. Көре алмаймыз. Екі ортада перде бар. Сананың да жұптық және тақтық екі белгісі бар. Жұптық сана таза сана болып, тек қана тылсымнан келетін құпия хабар аянға ғана тәуелді. Жаратушымыз ниетіне қарай өлшеп пішіп қойған. Дінде зейнетелген иман деп атайды. Иман тек жанға аянмен беріледі, түспен тазарады. Сол иманның өзіндік дәрежесі бар. Сондықтан аятта: «Ол дәрежелерді көтеруші, ғаршының иесі. Жолығатын күнді ескерту үшін құлдарынан кімді қаласа, өз бұйрығымен уахи түсіреді.» (Ғафыр-15) Мұсылманмын деп топтарға бөлініп, әр түрлі құлшылық рәсімдерімен жарысып жүргеніміз Алла тағаланың қалаулысы болу, яғни уахи (аян) алу болса, оны қарапайым ғана Құранда түс деп түсіндіріп, мысал ретінде толық бір сүрені түсірген болса, ал дін танушылардың «түс шайтаннан» немесе елемеуге тырысып бағуы Ібілістің иманға құрған қақпаны деп біліңіз. Бүкіл тарих болсын ғылыми жаңалықтар тек тазартылған түс- аян арқылы берілсе оған қазақ дін танытушыларының қарсыласуын қалай түсіндірер екен? Қанша сәждеге жығылып күні түні намаз оқып пайғамбар сүнеттерін орындағандай бола бер, бірақ Алла тағаладан келген дәлелдерге көңіл бөліп, мойын ұсынбасаң намаздарды да, пайғамбар сүнеттерін де орнымен орындау мүмкін болмайды, демек иман өспейді дамымайды. Адамзат үшін көкпен байланыс, Алла тағаламен тілдесу белгісі, Алланың әрбір құлына түсіріп қойған «Жібі» түс көру ерекшелігі көп қазақ үшін үзілгені қашан. Оның нәтижесін қазақ дін танушылары да көре бастады. Бұл ауру бүкіл ислам елдерін қамтып, иман әлсірегесін дін қуаты да әлсіреді. Құлшылықты түбегейлі намаз оқу деп түсініп, намаздың тек сәждесін алып, зікірдің есебін білмей, аят ескертуін қаперге де алмай, айқайлап зікір салып, тек арапша пікір айтып, шүкірге тыйым салып, халықты пышақ үстінен қалаған жағына бұрып, шариғатты шексіз жол қылып, сыртан келген кезбелерге үлестіріп жатырмыз. Меккелік араптарға ғана жаратушымыз жеңілдік беріп намазын жеңілдетіп Құранға пайғамбарға куә етіп, діннің ортасы етіп «орта топ» деп ат қойған да тек 13-тен кейінгі амалдарды орындауға жеңілдік берілген. Қалған елдерге есту, көру, ойлау қасиетеріңді дамыт деп, өмірді түсініп ғылыммен жұмбақтарды шешіңдер деп, арап халқына бермеген бүкіл табиғат және аңдардың түр-түрін жаратып, зерттеуге білімін меңгеріп, жақсылыққа жарысыңдар деп бұйырған. Жалпы түрік мемлекеттері су апатынан теңізден қашық, биік жерге орналасқанбыз. Негізінен судың жағасында орналасқан елдермен қандық туысқандық белгілеріміз бар, сол ғылымға құмар елдер арқылы жандарымызды өсіріп отырады. (Алдағы басылымдарда жан ғылымында талқылаймыз.) Енді түрік елдеріне ескерту аят түсірген Құранда; «Қашан оларды таулардай толқын орап алса, дінге деген нағыз ықыласпен Алладан тілейді. Ал қашан Алла, оларды құтқарып, қырға шығарса, олардың кейбіреуі орташа (арапша) болады. Негізінде аяттарымызға біртұтас опасыз қасарысқандар қарсы келеді.» (Лұқман-32). Сол бергенуәдемізден,қырға шыққан орнымызды ұмытып кейі ора тоқа қарай шегінген опасыздар қатарынан қазақ діндар қауымы алғашқы орынды аламыз. Құранды толық меңгеріп артында теңдессіз мұра кітап қалдырған түркі ғұламалары тәнті болып мойындап «Көк тонды» атанған Хазіреті Сұлтан бабамызға да тас лақтырып жатырмыз. Құранда пайғамбарымыздан кейін кітапқа ие болатын кісілерді ескерткен, «Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйрығы бойынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады» (Фатыр-32). Ислам елдерінің өз іштерінен дінді толық меңгерушілер, кітап алушы хикмет көрсетуші қожа, сұлтандар шығып олардан тек орта жолды арапша ұстанатындар отырушылар шығатынын ескертеді аятта. Сондықтан негізінен кітап берілген, тура жолын тапқан ел босақта құран аяттарын әркім өзі арапшадан аударып оқу керек деген надандық ұғым бүкіл дін танушы зертеушілерге кесірін тигізіп, оның әсері нақты ғалымдарды мойындамауға апарып, арап тіліне кесірін тигізіп қана қоймай, тек арап арқылы жаратушысын тануға құмарлық қасиетті діннің беделін аяқ асты етіп, жер жүзіне жек көрнішті етіп жатырмыз. Бірақ жуырда оларға да жаза бар екен. Аятта; «Сондай-ақ аяттарымызды күшінен қалдыруға тырысқандарға келсек, міне солар; азапқа душар болатындар» (Сәбә-38). Аяттарды толық түсінбеу күшін жою болып, онда болашақта қай мемлекеттің тура жолда екендігі белгілі болатын заман келе жатыр, үнемі апат, соғыс азапқа душар болған елдің дін ұстанымынанда әдет ғұрпынан да қашу керек. Негізінен жер бетінде төрт түрлі халық тегі бар. Бесінші ешқайсысына ұқсамайтын түрді дамыту керек. Ғылым дамыса, тіл қатар даму керек, себебі әрбір танымал қасиетке ат қоя білу керек. Сондықтан қосымша сөздік қорды дамыту қажеттілігі туындайды. Және әрбір нәрсеге берілген атаулар үндестікпен сәйкес келу керек. Демек сөзбен бірге тіл үндестігін де де дамыту қажет. Үндестік ұлтық ерекшелік тілмен бірге шығармашылық, ақындық және ән күй, саз арқылы дамып отырады. (Көп қазақтың тілдік белгісі қысқарған сайын қысқа тілді шеттің ән күйіне құмарлық пайда болды.) Ал үндестік дамыса, онда таңбаны да көбейту керек. Тілдің негізіде төртеу болып, бесінші тілді дамыту керек. Тек арап тілінің ғана өз үндестігін сақтап,(аксиома) ортасын сақтап, басқа халықтар сол үндестікке өз тілінде таңба ойлап дамуы шарт. Арап тілінде 56 үндестік болса сондай сан үндестік таңбасын тауып, арап үндестігінің шегімен сәйкестендірсе, сол ел ғана әлемдік сананың биігінен көрінбек. Сандық белгілерді, аяттар есеп жүйесін жаратушымыз бір адамның ғана тұлғасына әсемдеп белгілеп берген. Әуелі өзіңді таны- деп. Барлық іс қыймыл құлшылық амалдардың соңғы нәтижесі сөзге сонан соң тілге келіп тіреледі. Сол есептің де көрнісін екі қолға есептеп, алақанға жазып берген. Ислам еліне және әлем халқына екі жол сілтегенде, екі ерінмен белгілеген. Өткен өмірден келген сөз ғылымы екі ерніңізде түр. Сондай-ақ жазу үлгісін де солай белгілеп, екі жұп құлшылық үлгісіне топтастырылған. Жазу үлгісі де бесеу. Жұп тақ туысқандық белгімен 10 жазу негізгі үлгісі болу керек әлемде. Құранда 10 санымен сүре білімінің ескертуі бар. Құран білімі 10 бөлімнен тұрып, әрбір бөлімде 11 жұлдыздық белгі болып 4 амал дәрежесі күн мен айға қатысты. Барлық құлшылық амалдар саны 13 болар. Құран кәрімнің 23 жылда түсуі сол белгіні ескертеді. Енді жер жүзінде, және де жазу тәсіліне қарай ислам елдерінде оңнан солға немесе солдан оңға қарай болып белгіленген. Иман табу мен көктегі санаға шығар екі жолдың бағыты, бірақ екеуі тоғысу түйісу керек. Құлшылық жаратушыны тану болып негіздесек анықтан ғайыпқа немесе ғайыпты болжап, аныққа қарай дәлелдеп, іс жүзіне айналдыру шарт. Ғылым жолы ғайып, жоқ нәрсенің белгісізден шартын (гипотезасын) жасап алып, (теорияға айналдырып( анықтау болса, (солдан оңға) ілім жолы анықтан ғайыпты анықтау (оңнан солға) болып табылады. Сандық мәні 10 және 13. Яғни ғылым саны 10 болса көтерілер баспалдақ 13. Әлемдік сананың даму жүйесін әр пендесіне жаратушымыз қолына көрсетіп қойған. Бірінсіз бірі өмір сүру қажетілігін өтей алмайды. Алладан жарылқау тілегенде екі алақанды қосып ұстайтынымызда сондықтан. Ислам мемлекеттерінін жартысына (түркі халқына), солдан оңға қарай жазуды берген, ол ғылыммен анықтап намазыңмен тоғыстыр деген белгі. Сәжденің ғана қағидасы ғана өзгеріссіз араптармен теңестіріп, ал қалған намаздар орындалу айырмашылығы бар. Бүкіл тәпсірлерді жинастырып пайғамбарымыздың ізгі істерімен және өсиеттерімен салыстырып електен өткізсе, көкке шығар баспалдақ 13 сатының белгісі шығу керек, бірақ оған ондаған жылдар уақыт және құран түсінігін толық меңгеру шарт. Ал қазақ халқына дайын «Сәни дәптер» бар. Сол дәптерде әр намаз амалдарының шарттары міндеттері бар; сәжде- тәуліктік, ракуғ- апталық, ғибадат- айлық, тәуап ету- жылдық міндеттік сипаттары бар. Төрт кітаптың маусымдық мезгілдік белгісі қарастырылған. Ал қажылық негізінен ғұмырында бір рет шамасына қарай өтеу қажет. Бірақ намаздың 4 амалын толық орындап және белгілі мерзімге кем дегенде 7 жылға толтыру керек. Кезінде аталарымыз солай жасағанда, бірақ қазіргі жағдайды өзің де білерсіз оқушым. Білмей істеген кіналі ме әлде түсіндіруге міндеттелгендер кінәлі ме? «Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады» (Ісра-36) Дұрыс ақылмен, ғылыммен өлше деп ескеркен аяттың екінші жұбында. Өлшеп көру үшін не нәрсенің санын білу керек және өлшеу құралын табу керек. Ал аяттар таразысы- Ғылым болса тегі есеп! Санай білген саналы аталып, көктің жібін ұстай білсең, ұжмақтың исін сезіп шабыт келсе, өмірді босқа өткізіп жатпағаның деп біліңіз.
Құран ғылымы

Құран білімі 10-ға бөліп, белгісі адам баласының алақанына жазылған. Адам алақанында 19 буын сүйектен тұрып және 7 сүйекке бекітіліп барлығы 25 саннын берсе, екі қолда 50 сүйектен тұрады. Бұл сандық мән құран түсінігі мен насихатының сызықтық белгісі деп қабылдауыңызға болады. Аятта; «Немесе олар: «Құранды өзі жасады» дей ме? Оларға: «Егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар сол сияқты жасама ОН сүре келтіріңдер. (13) Егер шақырғандарың жауап бермесе, онда біліңдер, шын мәнәнде Құран Алланың білімімен түсірілген әрі Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ал енді бой ұсынбайсыңдар ма?»-де.(Һұд-14) Құран білімінің көрнісі қолдағы он саусақ белгілейді. Сол он сүрені табу ислам ғұламаларының арманы болып оны тек Ясауи бабамыздың «Сәни» дәптерінен көруге болады. Алла тағала жер жүзінде 444 рахмет дариясын ағызды деп ескерткен. Негізінен Құранг сүрелері бірін бірі толықтыра отыра 464 рет қайталанады да 11 тізбектік бағанмен 10-шы баған 10 сүре болып бір-ақ рет беріледі. Демек пенде баласының тағдыры көктік белгісі болып қаншалықты Құран аяттарымен сәйкес өмір сүруі мен сенім дәрежесінің сандық мәндерімен, қасиеттік бейнеленуі қол арқылы суреттеледі. Ал жерге байланысты қуаттық шамасы аяқтағы 10 саусақпен белгіленеді. Қол- нұр сипаттамасын берсе, аяқ- хаж сипаттамасын көрсетеді. Негізгі сандық жүйе есебін болашаққа қалдырып қарапайым сандық жүйемен салыстырып көрейік. Енді жер бетінде негізінен екі тіршілік егесін біріне бірін қарама-қарсылық жағдайында жаратып Алланы тануға біріне- бірін себеп қылып қойса, сол ірі белгіні 10 саусаққа орналастырсақ. Ол үшін аятта ескерткендей тура жолдың Алла тағалаға дейінгі бағыты болып, Ібіліс ғұлама сол жолда отырып алса «ІБІЛІСАДАМ» болып шығады. Алла тағалаға қосылу үшін осы он негізгі таңбаны толтырып 11-ге айналдыру шартты үкім болып табылады. Яғни адам Ібілісті ілім жұмбақтарын шешу арқылы ғылымға айналдырып жеңу яғни дәрежеленіп бірігу керек. «(Мұхаммет пайғамбар) бір кезде саған: «Негізінде Рабың адамдарды баураған» деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді және Құрандағы қарғалған ағашты адамдарға бір сынақ қылдық Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана артырады.» (Ісра-60). Ібіліс әскерлері оттан жаралса адам баласы судан жаратылып екі негізді табысатын, біріктірілетін жаратылыс ағаш болып табылады. Ібіліс жаратушыдан қарғыс алып ағашқа айналса сол ағаш өнімдері арқылы қайта өз әскерлерімен, шайтанмен қосылып және су арқылы адамзат өнімдерімен араласып бейнеленіп отырады. Сондықтан адам баласын үнемі баурап тұратын Аллаға жол тапқан адам рухы арқылы тазарып жарық сипатына айналған Ібіліс көгілдір от. Ібілістің әскерлеріне түрлі бейнелерде адамдардың артынан- алдынан, оң-солынан кел деп ұлықсат берген жаратушымыз. Бірақ табан мен төбеден егер толық жауып жүрсе кіру мүмкіндігі берілмеген. Негізінен адам баласына өзін тану үшін 4 саусақты белгілеп берген. Әрбір адам баласының ұлтық сипатына сай тілді және дінді меңгеру ес қабілетінің негізгі белгісі. Бүкіл тәндік даму ғылыми есеп жүйесін айқындайтын періштелер саны. Сол 15 періштеге қарсы 15 ібілістің де әскері бар. Бәрі аспен, азықпен, иіспен кіреді, сөз болып шығады, артық болса қорыта алмаса шайтан лағына (вирус) айналар. Адам баласындағы іс періштелерінің белгісі 30 тіс болар сөздің, үннің дұрыс бірлестігінің күзетшілері. Ібілісті тек бір себептік сипатымен түсіндіру де Аллаға серік қосудың үлкені. Тек Алла тағала бір және жалғыз қалған бүкіл жаратылыс егелерінде жұбы бар. Сондықтан Ібілістіңде жұбы, пары болып, 8түрлі сипаттамасы да бар. Бізге ең жақын нәрселік болмыстық, өрістік сипаты теріс ой. Жалпы ойдың да өлшемі болып; таза және теріс ойға бөлінеді. Негізінен жер мен көктің арасы теріс ой-деп ескерткен аятта. Теріс ойдың патшалығы, өрісі су үстінде болып, аумен араласып адамзатың тыныс алу қорегіне айналады. Енді ойдың адам баласы арқылы өңдеуге түсіп, жарыққа айналуын ес деп атаймыз. Сөздік, үндік сипатын ақыл деп, оны тек қасиетті кітаптар сөзімен өлшейді, екінші басына ғылымды қойып бағалайды. Сол өлшемге қарама қарсы шаманы теріс ой болып ақылға кері іске айналған нәтижесін «шайтан» десек, тәнде өсіп, жанды кірлетіп 8 жын қуатты өзіне бағындырса, ол пендені шайтан деп атап немесе надан дейміз. Сондықтан адамды баурап тұратын қорғап тұратын да таза рухпен, ақылмен, іспен бейнеленген періштелік сипатқа енген Ібіліс. Ойдан ажыратылған, жан қызметшісі таза білім болып, ілімдік жаманшылыққа қарсы тұратын қуаттық сипатын ар деп атаймыз. Алла тағалаға жақындау үшін алты саты ғылымды меңгеріп сонан кейін Ібілістей теріс ілімді ғұламаны жеңіп меңгеріп, өзіңе қызметке жұмсау керек. Сондықтан біріңғай ғылымды меңгерсеңіз, тазалық, намаздық амалдарды ұмыт қалдырсаңыз тәніңіз бүлініп, теріс ойдың ықпалына түсіп, Ібіліске қызмет етіп, білімді шайтанға айналып, теріс қылық, ойлардан тозақта тазаруға тура келер. Ал тек намаздың бір сипатын сәждені оқуын ғана білсеңіз, рухыңызды тазартқанмен жаныңызға қуат келмей Адам ғана болып өмірден өтіп ахиретте аруақтар қарамағындағы жұмыс істейтін әскерге айналған іс періштелерің санын толықтырып көп уақтың біріне айналасыз да жаратылыстан ілім, азық жинайсыз. Барлық мысалдар айналамызда және өзімізде тұр, жаратып қойған, көрсін үлгі алар түсінер мүмкін деген белгі. Енді екі қолда 38 буын періште болып 2 ғайып біріктіруші болып (қадағалап жұмсаушы) Ғайып ерен 40 шілтен болып, олардың да ерекше белгісін жер анаға, тау-тастармен көрсетіп, ал түсінігін Қазақ деген халықа беріп қойыпты. Сол бүкіл тамымал болуға тиісті періште қуатты бір пендесіне сиғызып, Құранды сәулелік жарықтық сипатын 30 параға бөліп, үгітік сипатын 10 түрлі ғылымға бөліп меңгеретін тәсілін, 13 сатысын елші арқылы көрсетіп, үндестікпен ерекшелеп, тек тілді меңгеруге екі жол беріп, жүректе бірігетін қылып, екі алақанға қосып, қара ойлан деп ескертіп тұр қашанда. «Мен сендерге күре тамырыңнан да жақынмын, өзіңде және көз алдыңда түрмын деп ескертеді бірақта көре алмайсың». Ол қандай жақындық десеңіз жаратушыдан ақылмен бірге берілген жаныңыз. Сондықтанда қандайда болсын сөздің, жанға себеп қандайда бір істердің нәтижелері құран аяттарының үкімімен қорғалмаса, оның насихат ғылымы жұп түсінігі тақ болмаса, онда да бір саныменен тек ашық үкімдер ғана түсіндірілмесе, онда надандықты тудырып Аллаға аятарына үкімдеріне серік қосу болып есептеледі. Толық түсіндіру тек Алла тағалаға ғана тән аяндар, уахилар арқылы. Сондықтанда қандайда бір түсініктің жауабы тек Алламен яғни жаратқан көркем құдайлық сипаттарымен қосылып жұп болып шығады. Құран аяттарын тәпсірлегенде есептік жүйесін зер салмай, бір аятпен немесе сол аяттың ортасынан ойып алып түсіндіру, немесе солай түсіну менің түсінігімше білімсіздік. Ал содан туындайтын іс шаралар Аллаға шерік қатып (арам, білімсіз сөз) барып, серік қосу болады. Және бір түсініктен келесі ұғымға өту үшін, жұптың іші тақ болса тақтың іші жұп болып отыру шарт. Өз шамасын білмей жүк арқалауға мойынына алған жаратылған нәрсені «Есек» деп атаймыз. Болашақта ұрпақтар алдында есек аталмау үшін, есептеп үйренейік ағайын дін танушы, тақуа, сопы, зікіршілер. Құран үгітін меңгеру үшін ана тілді меңгеру басты шарт. Ал өзге тілді меңгеру үшін сол тілде жазылған әдеби мұраларды салттық өнер туындыларын түсіне біліп, сол туындылардан философиялық рухани ләззат алла білгенде және шежіреден, тарихынан жеткілікті мағлұматыңыз болса сол тілден хабарыңыз бар деп түсініңіз. Енді сол білген тіліңізде шабыттанып, өз ойыңызды қағаз бетіне түсіре алмасаңыз онда әліде ізденіңіз тіл біліміңіз жеткіліксіз. Енді маған түсініксізі өз ойын сол тілде қағазға жазбақ түгіл, дұрыс жүргізіп оқыса болды дайын сөздерді пайдаланып бағзы замандағы біреудердің ойы арқылы құранды түсіндіргіш дін танушыларда қалай кімге жатқызамыз. Аудармашы дейін десеңіз ол үшін сол елдің бүкіл әдеби мұрасынан хабардар болып өз білімін сол халыққа дәлелдеп қорғау керек емес пе? Ал енді Құранды түсіндіру үшін тек тіл білімі жеткіліксіз. Сондықтанда пайғамбарымыз: «Адамның басына түсер қасіреттің бәрі тілден туады.» (336-өсиет) деп ескертуі бекер емес. Қазаққа қасірет өзге тілдерге еліктеуден келіп қарапайым сөз астарын ұғудан қалып енді дәстүрлік діндік бағытымыздан да жаңылыса бастадық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет