Балабақшадағы педагогтардың сөйлеу мәдениеті



Дата03.10.2023
өлшемі32 Kb.
#479655
pedagogikaly-etika


Балабақшадағы педагогтардың сөйлеу мәдениеті.

Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпақа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі Республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен, әлемдік жинақталған тәжірибемен отандық қол жеткен табыстарды саралай, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыру көкейтесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз- сапалы білім, саналы тәрбие беру. Педагог өзіне жүктелген абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданатын қарым-қатынас, амал-тәсіл әдістер құрамынан этика елеулі орын алады.


Этика- әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. Педагогикалық әдеп этика ғылымының бір бөлігі болып табылады. Педагогикалық әдепке балалар жүрегіне «педагогикалық жол табу» деп анықтама беруге болады. Оны балалар сыртынан бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі К.Д Ушинскийдің айтқанындай түптеп келгенде педагогикалық әдепке анықтама беру үшін 3 түрлі көзқарасқа негізделеді:
* Балалармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілігін сіңіру,
* Педагогтың жеке басының психологиялық ерекшелігі,
* Педагог шеберлігінің бір бөлігі,
Педагог этикасы-Педагог пен бала, ата-анамен педагог арасындағы қарым-қатынас.
Педагогикалық этика- ұжым ішінде педагогтар арасында басталып, өзінің заңды жалғасын балалар тәрбиесіне тікелей әсер етуін педагогикалық тактика деп атайды.Осы негізде педагогтар қолдана алатын нұсқаулар:
* Адамдық қадір-қасиетін құрметтеу (баланы сөзбен де, көзбен де қорламау, керісінше сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту)
* Ықпал жасау шамасы( шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды)
* Шешімге келу ( байсалды болу, ашу нашар кеңесші)
* Көңіл қалдырмау (көңіл қалдыру педагог пен бала арасындағы психоогиялық кедергі)
* Баламен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез құлық ( баламен жеке сөйлесу-педагог шеберлігінің көрсеткіші, ондай әңгімеге мұқият дайындау керек)
*Көңіл-күй (егер көңіл күйіңіз нашар болса табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Балалар алдында педагог тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс, педагогтың кәсіп сыры осында)
*Әзіл. Тапқыр сөз. (өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді педагог пен балалар ықыласты араласады, тіпті оның қателіктерін де кешіреді)
*Педагогтың әдіс-тәсілі ( сөз тіркесін сан құбылытып, айтатын дауыс ырғағы, күлімсіреу әсерлі, көзқарас, ым-қимылдардың жинақталған шоғыры, мәтелдердің айтарлықтар қоры, сондай-ақ бірқатар әртістік қимыл қозғалыстар және шешендік тәсілдердің қоры болуы тиіс.)
Шебер педагог үшін ең маңыздысы- кіммен болса да, тіл табыса алуы, үйде,достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра білуі. Ал ең бастысы алдында отырған баланы өзінің айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай түсіну, дер кезінде көмек көрсету бұл қасиеттер педагог үшін аса маңызды дүние. Педагогикалық этиканың басты принциптерінің бірі-сәлемдесу. «Сәлем-сөздің анасы» деп бекер айтылмас керек. Кім болса да ең алдымен амандасу ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениетін көрсетеді.
Педагогтың қатынас жасау және тілдесу өнері:

  • өз мінез-құлқын сезімдерін басқара алу;

  • Бақылай, қадағалай білу;

  • Назарды басқа жаққа аудару;

  • Тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу, және оны ескеру.

  • Жүзіне қарап, оқи алу;

  • Балалармен байланыс жасай білу;

Педагогикалық іс-әрекетте қарым-қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану керек.(ақпарат алмасу, өзара әрекеттесітікті ұйымдастыру т.б)
Педагогтың көңіл күйі оны тәрбиелейтін зор күш қуаты. Кім де кім педагог көңілін бұзса, ол балалардың тәрбиесіне зиянын тигізеді.Сондықтан өзіңіздің де, әріптесіңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн. Тәрбиешінің бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін педагогикалық шеберлік дейміз.
*Үстел артында тұрып оқу іс-әрекетті немесе тапсырманы түсіндіруге болмайды;
*Іс әрекетті отырып түсіндіруге болмайды;
*қол айқастыруға болмайды;
Тапсырманы әр баланың көзіне қарап тұрып түсіндіру керек;
*Дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемділігі;
*мимиканы пантомимиканы дұрыс қолдана білу;
*Өзін-өзі сыртай көре алу икемдігі;

Педагогикалық этиканың маңыздылығын сонау ғасырларда білген Әл Фараби: «нағыз тәрбиеші бойында он екі тума қасиет болу керек» деп педагогикалық әдепдің қыр сырына тоқталып кеткен. Олар:


-Өнер білімге құштар;
-Өзіне айтқанын жауапкершілік деп түсінетін;
-өзі естіген, көргенін, аңғарғанын бәрін жадында сақтай алатын;
-алғыр да аңғарымпаз;
-Өткір сөз иесі;
-сыр сұхбат құруға бейім;
-Жаны асқақ, ар намысын ардақтайтын;
-Жаратылысынан игі істерге ынтызар;
-Әділеттілігімен әділеттіліерді сүйіп, әділетсіздікпен озбырлықты жек көретін;
-батыл, ержүрек; т.б
Бойына 12 туа біткен қасиетке ие болатын, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастыратын адам-нағыз тәрбиеші. Тәрбиеші деген абыройлы атаққа лайықты болуы үшін педагог жан-жақты білімді болып қана қоймай, әділ де әдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды, жоғары саналы азамат болу тиіс деген сөз. Сөз түйінінде айтарым, тәрбиешілердің өздері тәрбиелі болуы тиіс. «өзінің балалық шағын ұмытқан тәрбиеші-нашар тәрбиеші», «Балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің сыйла» деген екен ұлы данышпан педагогтарымыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет