Балалар аурулары пәні



Pdf көрінісі
бет33/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Іс-әрекет алгоритмі: 
1. Анасына зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, 
процедураға рұқсат алыңыз. 


2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және 
қолғапты киіңіз. 
3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз. 
4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны пробиркаға стеклографпен 
белгілеңіз. 
5. Шыны птобирканы штативке орнатыңыз. 
6. Баланы сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз. 
7. Оң қолмен алюмин ілмекті шыны пробиркадан шығарып алыңыз. 
8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң 
қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілмекті енгізіп, оны тік 
ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 1-2 см, сосын 
омыртқаға қатарластыра ілгекті 4-5 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз. 
9. Тік ішектің ішкі қабырғасынан материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен 
алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз. 
10. Шыны пробирка шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне тигізбей 
ілмекті нәжіспен шыны пробиркаға салып, ішінде қалдырыңыз. 
11. Шыны пробиркаға жолдаманы бекітіңіз. 
12. Шыны пробирканы штативке, штативті бикске қойып, поролонмен 
тығыздаңыз. 
13. Биксті «кілтке» жабыңыз. 
14. Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 
15. Бикстегі 
алынған 
материалды 
жолдамасымен 
бактериологиялық 
зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.
 
Ескерту: материалды жеткізгенше t-4-6
0
С тоназытқышта сақталуы қажет. 
 
 
 
КОПРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ НӘЖІСТІ АЛУ 
 
Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық 
құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет