Балалар аурулары пәні


Оральды регидратациялық тұз (ОРТ) ерітіндісін дайындау



Pdf көрінісі
бет30/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Оральды регидратациялық тұз (ОРТ) ерітіндісін дайындау
Қажетті заттар: ОРТ, ерітінді дайындайтын ыдыс, суды өлшеу үшін 
қажетті мензурка, ас қасық, қайшы. 
Қолымызды сумен сабынмен өңдейміз. 
1. 1 пакет ОРТ (регидрон) таза ыдысқа себіңіз. Ертінді дайындау үшін 
кез келген ыдысты қолдануға болады (көлемі литрден артық). Мысалға: 
шыны банка, табақша немесе бөтелке. 
2. Алдымен суды қайнатып, содан соң суытыңыз. Егер бұлай болмаған 
жағдайда таза ауыз суын қолданыңыз.
3. 1 литр таза суды өлшеп алыңыз (немесе басқа қолданатын пакеттің 
мөлшеріне қарай есептеңіз).


4. ОРТ салынған ыдысқа 1 литр суды құйыңыз. Таза ас қасықпен тұз 
ерігенге дейін араластырыңыз.
5. Тұзды ерітіндінің дәмін татып қараңыз, яғни мұндағы мақсатымыз 
оның дәмінің қандай екенін анықтау. 
6. Дайындалған ерітіндіні аузы жабылатын ыдыста 1 тәулікке (24 
сағат) сақтауға болады.
7. Дайындалған ерітіндінің қалған бөлігін 1 тәуліктен соң төгіп 
тастаңыз. 
8. Күнде жаңа ертінді дайындаңыз, таза ыдысқа.
Диареяны емдеудің "А" жоспары: 
Диареяны үй жағдайында емдеу 
Анасына емдеудің 4 ережесін түсіндіріңіз 
1. СҰЙЫҚТЫҚТЫ МОЛ БЕРУ,
2. МЫРЫШ ПРЕПАРАТТАРЫН БЕРУ,
3. ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ,
4. ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА АУРУХАНАҒА ҚАЙТА ҚАРАЛУ КЕРЕКТІГІН БІЛУ. 
1. Қосымша сұйықты мол беру (бала қанша іші алса) 
АНАСЫНА ҰСЫНЫҢЫЗ: 
-Жиі емізуді және әр емізудің ұзақтығын арттыруды 
-Егер бала тек емшек сүтін еметін болса, емшек сүтіне қосымша ОРТ ерітіндісін 
немесе таза су беріңіз. 
-Егер бала аралас немесе жасанды тамақтандыруда болса, келесі сұйықтықтарды 
беріңіз: ОРТ ерітіндісін, сұйық тамақ (мысалы, сорпа, күріш қайнатпасы, негізгі 
айраннан тұратын сусында), немесе таза су.
Мына жағдайларда ОРТ ерітіндісін үйде берген өте маңызды: 
-баланы осыған дейін медициналық мекемеде Б немесе В жоспары бойынша 
емдесе 
-бала жағдайы нашарлағандаауруханаға қайта келе алмайтын болса
 
АНАСЫНА ОРТ ЕРІТІНДІСІН ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ БЕРУ КЕРЕК ЕКЕНІН 
ҮЙРЕТІҢІЗ, 2 ОРТ ҚАЛТАШАСЫН ҮЙДЕ ҚОЛДАНУҒА БЕРІҢІЗ. АНАСЫНА ӘДЕТТЕГІ 
КӨЛЕМНЕН КӨБІРЕК ҚАНША ҚОСЫМША СҰЙЫҚТЫҚ БЕРУ КЕРЕК ЕКЕНІН 
ТҮСІНДІРІҢІЗ. 
Жасы 2 жасқа дейін: әрбір сұйық нәжістен кейін 50-100мл 
Жасы 2жас және одан асқан: әрбір сұйық нәжістен кейін 100-200мл 
Анасына кеңес беріңіз:- 
-балаға сұйықтықтарды кеседен жиі, ұрттатып ішкізу немесе шай қасықпен беру. 
-егер бала құсса, 10минут үзіліс жасап, сонан соң жалғастыру, бірақ баяу беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет