Балалар жарақаттануының алдын алу және алғашқы



Дата04.10.2023
өлшемі18.44 Kb.
#479748
түріСабақ
алғашқы дәрігерлік көмек кеңес


Балалар жарақаттануының алдын алу және алғашқы
дәрігерлік көмек көрсету
кеңес
Сабақ, ойын, серуен кезінде балалар түрлі жарақат алуы, жәндіктер, жануарлар, төмен немесе жоғары температура әсерінен түрлі жағдайларға тап болуы мүмкін. Бұл жағдайларда балабақша қызметкерлері (тәрбиеші) балаларға тез арада алғашқы дәрігерлік көмек көрсете алуы керек.
Кез келген тосыннан болған жағдайда ересектер өздері сабырлылық танытып, баланы тыныштандыруы керек. Егер жарақат алушының қасына бірнеше ересек жиналып қалса, олардың тек біреуі алғашқы көмекті көрсетіп, өзгелері соның айтуы бойынша ғана әрекет еткені жөн. Алғашқы көмекті жедел, оңтайлы, балаға артық ауырсыну сезімін тудырмай көрсету керек. Ең алдымен баланы ыңғайлы отырғызу немесе жатқызу (жағдайына қарай), денесін қысып тұрған бөліктерді босату (түймені ағыту, белдікті босату) керек. Зақымдану кезінде киімді сау жақ бөліктен бастап шешу керек. Кей жағдайларда әсіресе сынғанда немесе күйгенде киімді шешпей, тігісінен сөгу керек.
Сипатына қарай жарақат түрлері механикалық (соғылу, ұрып алу, құлау), физикалық (жоғары немесе төмен температура әсерінен күю, үсу, электр тоғына ұрыну, радиация т.б), химиялық (киімге түрлі химиялық заттардың сілті, қышқыл т.б әсер етуі) болып келеді. Сондай-ақ ашық және жабық жарақат болып та бөлінеді. Жабық жарақатқа тері тұтастығының, шырышты қабатының өзгеруі болмайтын жұмсақ тіндердің соғылауы, сіңірдің тартылуы, сүйектің шығуы мен сынуы жатады. Ал ашық түріне терінің сыртқы қабатының бұзылуына әкеліп соғатын жарақаттар, ашық сыну мен сүйектің шығуы, күйік т.б жатады.
Сіңірдің созылуы немесе еттің ауырып қалуы кезінде баланы қимылсыз жатқызып ауруханаға жеткізу керек.
Басты немесе өзге дене мүшесін соғып алғанда көгерген, қанталаған жерге суық суға малынған мата басу керек.
Жарақат бұл тері немесе шырышты қабаттың зақымдануы болып табылады, кейде ол терең болуы да мүмкін. Кішкентай ғана жарақаттың өзі инфекция болып саналады. Көптеген зерттеулер жарақат алуыдң алғашқы сағаттарында (6-24) микробтар жараның беткі қабатында болатындығын дәлелдеп отыр, сондықтан микробтың ағзаға түспеу жолын барынша қарастыру керек. Бұл мақсатта химиялық заттар қолданылады. Олардың көп тарағандары – йод (5-10% спиртті тұнбасы), асқын сутек тотығы (3%), жасыл бриллиантты 1% спиртті ерітіндісі, Вишневский мазі, сульфамидті, бұлармен қоса мақта-мата таңғыштар, жгуттар, тамызғыш, нашатыр спирті, зарарсыздандырылған өсімдік майы, термометрлер, дәптер мен қарындаш дәрілер әр топта болуы керек.
Балабақша қызметкерлері мен ата-аналар бала денесіндегі әр жарақатқа мән беріп, қан кету байқалмаған жыру, тыртық, кесілген жерлерді уақытында йодпен сүртіп таза бинтпен таңуы керек.
Жарақатты өңдеуде, ең бастысы, қолмен ұстауға, сумен жууға болмайды.
Балалардың мұрынынан қан кету мына жағдайларда: бетті, мұрынды ұрып алғанда, корь, тұмау, көк жөтел ауруларымен ауырғанда болады. Мұндайда баланы тыныштандырып, түймесін ағытып, басын сәл шалқайтып, мұрынның жұмсақ жерін ақырын басу керек. Көмектеспесе, мұрын қуыстарына асқын сутек тотығына малынған мақта тығып, оның жоғары бөлігіне су өткізбейтін матаға оралған мұз, қар түйіршегін қою керек.
Қан тоқтаған соң бала бір сағат бойы түшкірмеуі, жөтелмеуі, сіңбірінбеуі керек.
Күю – жалыннан, қайнаған судан, будан, түрлі химиялық заттардан – сілті, қышқыл, кейбір дәрілерден (йод, нашатыр спирті) электр тогынан, күн сәулесінің әсерінен болуы мүмкін.
Күйікті тудырушы себепке байланысты химиялық, электрлік, сәулелік болып бөлінеді. Күйік көбіне теріде болады, алайда көздің, ауыз қуысының, өңештің және асқазанның күюі де болады.
Зақымдану тереңдігіне байланысты күйіктің 4 түрі болады. І дәрежелі күйікте қызару, терінің ауырсына ісуі, жергілікті температураның көтерілуі кетеді. Күйген жерде қоңыр түсті дақ қалады.
ІІ дәрежелі күйікте терінің тереңірек қабаты зақымдалып, одан аққан сұйықтық эпидермис қабатының бөлінуіне, сұйық толы көпіршіктер пайда болуына әсерін тигізеді. Көпіршіктер оңай жарылып, оның астынан ашық -қызыл жара пайда болады. Алғашқы көмек дұрыс көрсетіліп, ем жүргізілсе күнде жазылып кетеді.
ІІІ дәрежелі күйік жалыннан, ыстық қайнаған судың ұзақ уақыт әсер етуінен, қвзвқ тұрған заттан (үтік) болады. Зақымданған жердің қалың терісі өліп, қабыршық прайда болады. Өлі тіндерді алып тастағанда терең жара пайда болып тыртық қалдырып жазылады. Мұндай күйіктің жазылуы, әсіресе іріңді күйік болса – бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылады.
ІV дәрежелі күйік жалынның ұзақ уақыт әсер етуінен болады – сүйекке дейін жетуі мүмкін. Химиялық заттардың әсерінен, жоғары температура сияқты күйіктің әр түрлі дәрежесіне сәйкес зақымдануы туындайды.
Күйіктің ауырлығы мен қауіптілігі оның тереңдігіне, күйген жердің ауқымына байланысты. Мысалы І-ІІ дәрежелі күйікте дененің 1/3 бөлігінің зақымдануы, әсіресе кіші жастағы балалар үшін қауіпті, ал ІІІ-ІV дәрежелі күйікте дене бөлігінің ½-1/3-нің зақымдануы өлімге соғады.
Алғашқы көмектің сипаты күйіктің дәрежесімен көлеміне байланысты.
І дәрежелі күйікте аз ғана дене бөлігі зақымданса, ағын су астында 10-15 минөт зақымданған жердң ұстау керек. Соңынан таза дәкемен таңу керек. Күйіктен кейін оның тереңдігін бірден білу мүмкін емес, сондықтан су астында ұстаған соң арақ немесе спиртке малынған дәкені қою керек.
ІІ дәрежелі күйікте І дәрежелі күйіктегі сияқты шаралар жасалады, соңынан көпіршіктерді зақымдап алмай таза дәке қою керек. Егер күйген жер киіммен жабылып тұрса, оның ашып, жарақат үстіне таза таңғыш қою керек. Күйікке ешқандай йод, мазь, өсімдік майын, балық майын жағуға болмайды.
ІІ дәрежелі кең ауқымды күйікте баланы таза сейсепке орап ауруханаға жеткізу керек.
ІІІ-ІV дәрежелі күйікте, олар кең ауқымды болып келеді, жаңа ғана үтіктелген сейсепке орап ауруханаға жеткізу керек.
Жазғы уақытта күн сәулесі астында ұзақ уақыт бас киімсіз жүрген немесе ыстық желдетілмеген бөлмеде ұзақ отырған бала жылу немесе күн сәулесі соққысын алу кездесіп тұратын оқиғалардың бірі. Бұл жағдайда баланың температурасы көтеріледі, селсоқтық, бас ауру, тершеңдік, беттің қызаруы байқалады. Күрделі жағдайларда баланың дем алысы жиілеп талып қалуы да мүмкін. Мұндайда алдымен баланы салқын және көлеңке жерге апару, одан кейін киімін шешу, басы мен көкірегін салқын сумен сулау керек. Дем алысы әлісіресе немесе тоқтап қалса қолдан дем алдыру керек.
Талып қалу – мида қан аздығынан болады. Оның себептері: шаршау, жүйкенің ширығуы, қарын ашу, қан жоғалту, иіс тию, желдетілмеген орында ұзаұ уақыт болу. Талудың белгілері: бозару, естен тану, сирек дем алу, пульстің әлсіздігі. Егер бала ғимарат ішінде талып қалса терезені ашу керек. Жағасын, белін босатып, аяғын басына қарағанда 30-40 см жоғары етіп шалқасынан жатқызады. Соңынан мақтаны нашатыр спиртіне малып 20-30 сек иіскетеді. Нашатыр спиртінің иісі ми қан тамырларының кеіеюіне әсер етеді, алайда оның артық мөлшері зиянды болып табылады. Сондықтан мақтаны 20-30 сек иіскетуді бала есін жиғанша бірнеше рет қайталау керек.
Жаз кезінде жәндіктердің шағуы көп кездеседі, әсіресе араның шағуынан бала ағзасына тері қабатының ісуі мен қызаруын тудыратын у түседі. Бастапқыдағы қатты ауырсыну, соңынан қатты қышынуға әкеліп соғады. 2-3 күннен соң ауырсыну сезімі басылады.
Көмек көрсету барысында ең алдымен жәндіктің уы бар тұмсығын тауып алып тастау керек. Содан соң тістелінген жерді спирт немесе йодпен сүртеді. Ауырсыну мен ісіну басылу үшін суық басады.
Ара шаққан жерге топырақ басуға болмайды, өйткені іріңді инфекция немесе столбняк қоздырушылары ағзаға түсуі мүмкін.
Бөгде заттың (түйме, тиын, сүйек т.б) өңеш немесе жұтқыншаққа тұрып қалуы, оны жарақаттауы көп кездеседі. Зардап шегушіні бірден дәрігерге жеткізу керек. Егер бөгде зат асқазанға түссе 2-3 күннен кейін табиғи жолмен сыртқа шығарылады.
Балаға іш жүргізетін дәрілер беруге немесе оны тамақтан шектеуге болмайды. Ашығу заттың сыртқа шығуын баяулатады, ал іш жүргізуге арналған дәрілер ішек қабырғаларының жиырылуын күшейтеді ал бұл бөгде затпен жараланып қалу қаупін тудырады. Мұндай жағдайда балаға жұмсақ нан, ботқалар, кисель т.б сияқты тағам түрлері бөгде затты орап алып, асқазан мен ішектің қабырғаларын қорғайды. Егер бала өткір зат (шеге, ине, шанышқы) жұтып қойса бірден ауруханаға жеткізу керек. Көзге бөгде зат түссе (құм қиыршығы, кірпік, шіркей т.б) күйдіру, жарықтан жасқану, көзден жас ағу сезімін тудырады. Егер көзді қарағанда бөгде зат көрініп тұрса, 1% бор қышқылына малынған дәкемен алып тастау керек. Тамызғышпен су тамызып та шығарып көруге болады, егер бұл көмектеспесе дәрігерге бару керек. Бөгде зат (моншақ, түйме т.б) құлаққа кірсе, бала шу, естудің нашарлауы туралы шағым жасайды. Әсіресе құлаққа шыбын, шіркей, құмырсқа, өрмекші сияқты жәндіктер кірсе жағымсыз әсер тудырады.
Құлаққа түскен затты (жәндікті) құлаққа жарты шай қасық жылытылған сұйық май, глицерин, спирт құйып, 5-10 минуттан кейін сол құлағымен төмен қаратып жатқызу арқылы шығаруға болады. Бұдан еш нәтиже болмаса дәрігерге апару керек.
Баланың мұрнына кірген бөгде зат тыныс алуды қиындатады, түшкіртедеі, ал қиындап кеткен жағдайда мұрыннан шырышты қанды ірің ағады. Бөгде затты шығару үшін мұрынның зат кірмеген тесігін қолмен басып тұрып, қағаз, қауырсын т.б арқылы түгшкіру рефлекісін тудырып, балаға күшпен сіңбіруді айту керек. Егер бұл көмектеспесе дәрігерге бару керек.


Балалар жарақаттануының алдын алу және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет