Қарауда өкпеде қатқыл тыныс, рентгенографияда екі жақ өкпеде үлкен емес инфильтративті көлеңке көрінеді. «ЖРА, пневмония» диагнозы қойылды. Пенициллинмен емдеу тағайындалды. Қайта рентгенологиялық зерттеуде (7күннен кейін) өкпедегі өзгерістер сақталған, бірақ орналасқан орны өзгерген. Науқастың терісінде бөртпелер мен қышыну пайда болған, дәрілік аллергия деп табылып, пенициллин тоқтатылып, супрастин тағайындалған. Науқаста субфебрилитет, жөтел, тері қышынуы сақталған, бөртпе азайған.