Балалар қорқынышы. Оны түзету әдістері



бет1/2
Дата23.03.2024
өлшемі20.79 Kb.
#496334
  1   2
балалар қорқынышы


Балалар қорқынышы. Оны түзету әдістері
Қорқыныш бұл адамның өміріне қауіп төндіретін және мазасыздық немесе нақты қауіптің нәтижесінде пайда болатын және жүйке жүйесінің белгілі бір физиологиялық өзгерістерімен жүретін, қатерлі жағдайда туындайтын эмоция. Адамда қорқыныштың пайда болуы нәресте кезінен басталады, яғни баланың жаңа ортадағы қорқынышы, анасынан алыстау қорқынышы және
бөтен адамдардан қорқуы. Ал сәбилік кезеңдедегі 1-3 жас аралығында қараңғыдан қорқу, түнгі қорқыныштар, жалғыз қалып қою қорқынышы болады. 3 жас пен 5 жас шамасында балаларда жалғыздық қорқынышы, яғни ешкімнің елемеуі, қараңғылық қорқынышы, тыныш, тұйық ортадан қорқуы
қиял-ғажайып кейіпкерлерінен қорқу қорқыныштары пайда болады.
5-7 жас аралығында белгілі бір жағдайға байланысты қорқыныштар, мысалы: өрт, тереңдік, биіктік, апаттар, ата-аналарының ұрысуы мен ұруынан қорқу, жануарлардан қорқу, қорқынышты түстерден қорқу, ата-анасынан айырылу қорқынышы, кешігіп қалу қорқынышы, өлім қорқынышы, ауруға шалдығып қалу қорқынышы, сонымен қатар әрбір дыбысқа елеңдеу қорқынышы пайда болады. Уақыт өте келе бұл қорқыныштардың барлығы жойылады, себебі бұл белгілі бір уақыт арасында ғана болатын қорқыныш үрейлер. Бірақ, осы қорқынышты уақыт еншісіне қалдырмай, қорқыныш баланың бойында ұзақ уақыт сақталып қалмауы үшін ата-аналар мен тәрбиешілер өз үлесін қосуы керек. Баланың бойындағы үрейді шығару үшін, оның неден қорқатынын білу үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдалануға болады. Мысалы,
«Қорқынышымызды қағаз бетіне түсіру» тақырыбы. Сурет салу сабағы 30-40 минут ұзақтықта болуы керек. Баламен жақсы қатынас орнатып алып, алдын ала онымен ойнап, көңілін көтеріп, содан кейін жанына отырып, әңгімеге тарту керек. Әртүрлі сұрақтардан бастап, мысалы қараңғыдан қорқасың ба? Қасқырдан қорқасың ба? Лифттен қорқасың ба? Мыстан Кемпірден қорқасың ба? Қан көргенде, уколдан қорқасың ба? Осындай сұрақтар арқылы баланың психологиясын дайындап алу керек. Егер бала жоқ деп жауап берсе, қорықпаймын деп алдап, жоққа шығарса, оған тиімдірек жолын пайдалану керек. Ия немесе жоқ деп жауап беретіндей сұрақтар қойылуы керек. Бірден бірнеше сұрақ қоюға болмайды, баланың көңілін алдап, ойнап сұралуы керек. Ол өзінің қорқынышы туралы айтқанда, оған ақ параққа сол нәрсені салуды сұрап, фломастер немесе акварель бояумен суреттеп бергенін өтінген жөн. Бала бірден салуға келіспеуі де мүмкін, кейін жаттығулар арасында, ойын арасында салып беруі мүмкін. Суретін салып болғаннан кейін онда не салынғанын сұрап, ол туралы басқа не білетінін айтып беруін сұрау міндетті. Содан кейін баланы міндетті түрде мақтап, мадақтау қажет, онымен ол жеңіске жететіндей ойын ойнап, көңілін көтерген дұрыс. Бұл жаттығуға 1-2 апта уақыт кетуі мүмкін. Ол әлі толық қорқыныштан арылмауы мүмкін, сондықтан оған «сенің сол қорқынышты женгенің туралы» сурет сал деп өтініш жасауға болады, мысалы бала қасқырдан өзі емес, қасқыр баладан қашып бара жатқаны туралы салуы мүмкін. Осы уақыт ішінде көбірек ойын ойнап, баланың сергек болуын қадағалап, ұрыс-жанжалдан аулақ болған жөн. Қорқынышын қағаз бетіне түсіру арқылы өмірде жоқ, бірақ баланың өзіне болатындай қорқыныштан, елестен арылуға мүмкіндік береді.
Бала бойындағы қорқынышты жеңуге сюжетті-рөлдік ойындар ойнау да көп көмегін тигізеді. Баланың білетін ертегісінің кейіпкерлерін ойнап, бала ертегі арқылы өзі жаман да, жақсы да кейіпкерлердің рөлін сомдағаннан кейін, бойындағы ұзақ уақыт арыла алмай жүрген қорқынышын жеңе алады. Күнделікті балалардың ойнайтын «тығылыспақ» ойынын алатын болсақ, бұл ойын арқылы бала қараңғыдан, жалғыз қалып қоюдан, тым-тырыс бөлмелерден қорықпайтын болады. Сіз тығылып, бала сізді іздесе, оның жеңіп, ойынды жақсы ойнайтынын айтып, мадақтап қою керек немесе сіз баланы іздеп, ол тығылып қалса, оны таба алмағаныңызды айтып, жеңіліп, оны жақсы ойнайтынын айтып баланың көңіл күйін көтеріп қою керек.
Баланың бойындағы қорқынышты жеңу үшін, ең алдымен оның қайдан бастауы алғанын білу керек. Мысалы: балаға ойыншығын жинауды сұраса, ал ол тыңдамай, еркелесе, сіз оның өз еркімен жинауы үшін: «ойыншығыңды Нұржанға беріп жіберем, ол бәрін алып кетеді» немесе «есік алдына сені шығарып қоямын», «жуынатын бөлмеге, қараңғыға қамап қоямын», «дәрігер апайды шақырып, укол салдырамын» себептер айтып, баланы қорқыту дұрыс емес. Мұндай сөздер баланың өзіне деген сенімсіздігін тудырып, бойында қорқыныш ұялатады. Отбасындағы ұрыс-жанжалдар балаға қатты әсер етеді, бала шошынады, энурез, тұтығып сөйлеу, жалғыздық қорқынышы пайда болуы әбден мүмкін. Сондықтан баланың бойындағы үрейі мен қорқынышынан арылу үшін, ең алдымен үлкендер өз істерін ойлауы керек.
Тағы бір айта кететін жағдай, кішкентай бүлдіршін мына өмірде бәрін біліп, көргісі келеді. Ол айналадағы өзіне таныс емес әр нәрсені не екенін сұрап: бұл не? Неге олай? Ол кім? Не үшін? т.б. сұрақтар қояды. Көбіне ата-аналар балаға түсіндіріп айтудың орнына, болмайды, ол жерге барма, ұстама, тиме деп бұйырып сөйлеп баланың тыныш отырғанын қалайды. «Неге болмайды» деп қайталап сұрағанда, «болмайды, деген соң болмайды!» деп ұрсады. Осыдан баланың ойында сол нәрселерге жаман ойлар қалыптасуы мүмкін.
Ата-аналар өздерінің кішкентай кезіндегі қорқынышын айтып, одан қалай арылғанын айтса, балаға ол үлкен септігін тигізеді, өзіне өзі сенімділігі жоғарылайды. Ең алдымен балаға қауіпсіз, тыныш жағдай жасау баланың позитивті өсуі оның айналадағы жағдайы мен отбасына тікелей байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет