Балалардағы зәр шығару жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері



бет5/7
Дата15.05.2024
өлшемі2.23 Mb.
#501154
1   2   3   4   5   6   7
Балалардағы бүйрек АФЕ

Олигурия (зәр мөлшерінің азаюы 20-30%) немесе зәрдің болмауы бүйректен зәрдің бөлінуінің төмендеуінен немесе толық тоқтауынан болады, сонымен қатар – рефлекторлы спазм мен бүйректің төменгі бөліміндегі ағым тосқаулынан да дамиды. Олигурия себептері жүрек және бүйрек аурулары, құсу, іш өту, сұйықтықты аз қабылдаудан сұйықтықты жоғалту болуы мүмкін. Дизурия (қуықта зәр кідірісінен зәр шығару бұзылысы) жиі ОЖЖ зақымдануы, зәр шығару жолдарының қабынулы аурулары және басқа да аурулар кезіндегі қуық сфинктерінің рефлекторлы спазмымен байланысты.

    • Олигурия (зәр мөлшерінің азаюы 20-30%) немесе зәрдің болмауы бүйректен зәрдің бөлінуінің төмендеуінен немесе толық тоқтауынан болады, сонымен қатар – рефлекторлы спазм мен бүйректің төменгі бөліміндегі ағым тосқаулынан да дамиды. Олигурия себептері жүрек және бүйрек аурулары, құсу, іш өту, сұйықтықты аз қабылдаудан сұйықтықты жоғалту болуы мүмкін. Дизурия (қуықта зәр кідірісінен зәр шығару бұзылысы) жиі ОЖЖ зақымдануы, зәр шығару жолдарының қабынулы аурулары және басқа да аурулар кезіндегі қуық сфинктерінің рефлекторлы спазмымен байланысты.
    • Поллакиурия (зәр шығарудың жиілеуі) диабет, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, суық тигенде байқалады.
    • Ауырсынбалы зәр бөліну цистит және зәр шығару жолдарының басқа аурулары кезінде болады.
    • Зәрдің жалпы анализімен бірге ондағы эритроциттер және лейкоциттер мөлшерін анықтау жүргізіледі. Ол үшін зәрдің тәуліктік порциясын (Аддис-Каковский сынамасы) немесе 1 мл зәр (Нечипоренко сынамасы) жинайды.

Балаларда зәр жинау ерекшеліктері. Қарапайым жалпы анализ үшін таза құтыға таңертеңгі зәр бөлігін жинайды. Зәр шығару алдында сыртқы жыныс мүшелерін жылы сумен жуады. Егер жыныс мүшелерінің қабыну белгілері болса зәрді катетер көмегімен жинайды, негізінен оны дәрігер жасайды. Жаңа туған нәрестелердің зәрін жинау үшін арнайы зәр қабылдағыштар қолданылады. Ерте жастағы балалардың қуық катетеризациясы шектеулі жағдайларда жүргізіледі.

    • Балаларда зәр жинау ерекшеліктері. Қарапайым жалпы анализ үшін таза құтыға таңертеңгі зәр бөлігін жинайды. Зәр шығару алдында сыртқы жыныс мүшелерін жылы сумен жуады. Егер жыныс мүшелерінің қабыну белгілері болса зәрді катетер көмегімен жинайды, негізінен оны дәрігер жасайды. Жаңа туған нәрестелердің зәрін жинау үшін арнайы зәр қабылдағыштар қолданылады. Ерте жастағы балалардың қуық катетеризациясы шектеулі жағдайларда жүргізіледі.
    • Зимницкий сынамасы бойынша бөлінген зәрдің мөлшері мен оның тәулік ішіндегі салыстырмалы тығызыдығы анықталады. Зәрді 3 сағат сайын жинайды. Ерекше тамақтану тәртіптері мен қозғалыс белсенділігі керек емес.
    • Тәуліктік диурез қабылданған сұйықтықтың 2/3 құру керек, оның күндізгі диурезі — 2/3.
    • Сынама жасау үшін алдын ала ыдыс дайындалады, әр 8 ыдысқа мөлшері мен уақытын жазып қояды. Бала зерттеу күні таңертеңгі сағат 6.00 кіші дәретке отырады, келесі бөліктерін сан бойынша белгіленген ыдысқа жинайды.
    • № 1 — 9.00 сағ.
    • № 2 — 12.00 сағ.
    • № 3 — 15.00 сағ.
    • № 4 — 18.00 сағ.
    • № 5 — 21.00 сағ.
    • № 6 — 24.00 сағ.
    • № 7 — 3.00 сағ.
    • № 8 — 6.00 сағ.
    • Түнде баланы оятады. Егер бала қандайда бір уақытта дәрет сындырмаса, ыдысты зертханаға бос жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет