1.2.Балаларға дидактикалық ойындарды табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын түсінуге үйрету
Ойынның мектеп жасына дейінгі балалардың білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін ұлы Абайдың “Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма” деген өлеңінен білуге болады. Бүгінде мәдени қазыналарға бай қазақ халқының ұлт ойындарын сабақта қолдануға болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын – тәрбие құралы, ақыл – ойды, тілді ұстартады. Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді. Адамгершілік сапаны жетілдіреді. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. Эстетикалық тәрбие беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. Дене күшінің жетілуіне көмектеседі. Демек, ойын баланы жан – жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық әдісі.
Дидактикалық ойындар дегеніміз – оқыту мақсатын жүзеге асыруға арналған ойындар. Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді. Дидактикалық ойындағы талаптар:
Балалар өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
Баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
Ойын барысында балаға жаңа білім беру;
Баланың ойын барысында жеткен жетістігі және оның жаңа сабақтан алған білімі.
Егер тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметін бірыңғай әдістермен жүргізе берсе, ол балаларды жалықтырары сөзсіз. Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге бөледі:
Сюжеттік – рөлдік ойындар;
Әдеби – музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар;
Мектепке дейінгі оқытудың ең әйгілі құралы дидактикалық ойын кезінде бала есептеуге, сөйлеуге және басқаларына ойын ережесін сақтап отырып үйренеді. Ересек адамға тек ойын барысын бақылап, оған түзету енгізу ғана қалады. Құралдың бұл тобына балаларға тапсырма беру принципі бойынша жүргізілетін білім беру жұмысы да жатады. Дидактикалық ойын кезінде ойын ережесі, ойын әрекеті, оқу – ойын тапсырмаларында мұндай тапсырмаларды орындауға арналған нұсқау, айтылған әрекет, дидактикалық материалда – оларға әсер ету ықпалы бағыттап отырады. Дидактикалық ойындар кезінде бақылау балаларға тиісті, ересек адам ең жақсы болғанда ойнап жатқан балалармен бір деңгейде, яғни, ойын ережесі мен ойын әрекетінің шеңберінде ғана әрекет жасай алады. Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеттерінің қатарына ойын, еңбек және білім алу бастамалары жатады. Осы аталғандар өзара үйлесіп келіп мектеп жасына дейінгі баланың тұрмыс-салтын құрайды, оның қоғамдағы, отбасындағы орны мен дамуын айқындайды. Тек ойын және еңбек пен білім алу бастамалары арқылы бала идеология элементтерін, оған түсінікті формадағы, әдеттер мен дағдыларды игереді. Балабақшадағы тәрбие мен оқыту процесіндегі ойын, еңбек және оқуды қай тұрғыда жүргізілетіні, мұнда жеке адамның қандай қасиеттері қалыптасатыны, балалар қандай білім мен іс-әрекетті игеруі мүмкіндігі аса маңызды мәнге ие. Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала деп аталуы мүмкін. Бала өзін-өзі көрсетсе, ойын, оқу, еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз, өйткені мұнда олардың өзара, ересек адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыда ықпал жасай аламыз. Бірақ біз іс-әрекеттер – ойын, еңбек, оқыту – өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз.
Балалар ойыны айналадағы дүниенің айнасы іспеттес. Ойын қоғам өмірінің жағдайларымен тікелей байланыста болады. Оның бала өміріндегі орны, формасы және мазмұны ересек адамдардың тұрмыстық күйімен, еңбек формасымен және мазмұнымен салыстырыла, жанама түрде айқындалады. Осыған орай балалар ойынының тәжірибе артықшылығы үшін, көрсетуде, өмір жолын жаңа бастаған жас ұрпақтың бойына дағдыны, тәрбие ережесін дарытуда белгілі мән бар.
Совет педагогикасы мен психологиясының теориясы ойынды баланың дербес белсенділігінің айналадағы дүниемен араласуы дүниені, өзін тануының, өзінің көп қырлы мүмкіндіктерін сынап көруінің алғашқы бір көрінісі деп қарайды.
Н.К. Крупская ойынды өсіп келе жатқан бала организмі талап ететін табиғи қажеттілік деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса маңыздылығын атап көрсетеді. «Ойын өсіп келе жатқан бала организміне ауадай қажет. Ойын үстінде баланың күш – қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі иілгіш, көз қырағылығы артып, тапқырлық, сезімталдық, инициатива көрсету секілді қасиеттері дамиды. Ойын үстінде балалардың бойында ұйымшылдық дағдылары қалыптасады. Өзі тап болған жағдайды байыппен талдап, төзімділікке үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін, ойын ерекше маңызға ие: ойын олар үшін – оқу, оқу олар үшін – еңбек, ойын олар үшін – тәрбиенің бірден – бір формасы»
А.С. Макаренко баланың ерте жасында және оның келесі өсу сатыларында ойынның ерекше маңызы барын атап көрсеткен. Ол ойынды баланы қызықтыратын әрі өзі үнемі елітіп отыратын ең басты сабақ деп санайды. А.С.Макаренко балалар ойынын олардың еңбек күштері – физикалық және психикалық нышаны аңғарылып тұратындай етіп басқару қажеттігі, онсыз ойынның салдарлы тәрбиелік мәнінің болмайтынын айтқан.
К.Д. Ушинский ойынның мәнін баланың дербес іс – әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып білуге, белсенді әрекет етуге жол ашушы ретінде түсіндіреді. Шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам – қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете береді: ал ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді, өз күшін сынап көреді. Өзі жасаған нәрселеріне қашанда билік жүргізумен болады, – деп жазады.
Балалардың ойынға деген қызығушылығы және оның бала өміріндегі мәні педагогикалық мақсаттарда пайдаланылады. Балаларды физикалық, тілдік тұрғыдан дамытуда, өлшем бірлігімен, түс және форма ұғымдарымен таныстыруда оқыту (дидактикалық) ойындары таңдалынып алынады. Бұл ойындар балалардың ерік күшін, тілін, қимыл – қозғалысын, ақыл – ойы мен қажырлылығын қалыптастырады. Мұндай ойындардың оқытуға бір табан жақын тұратыны түсінікті. Бұл енді тек ойын емес, өзіндік оқу түрі де. Балалардың қозғалысқа құрылған дидактикалық ойындарды меңгеруі өзіндік жеке ойындардың дамуына ықпал жасайды. Баланың әрбір жас кезеңіне сәйкес келетін ойындарының мүмкіндіктері мол.
Ойын – бір жағынан, іс-әрекеттің жаңа түрі – танымдық талпыныстың қалыптасуына түрткі болса, екінші жағынан, ақыл – ойды жұмсауды көбірек қажет ететін жұмбақ түріндегі немесе интеллектуалдық ойындарға ұласуы арқылы тағы бір қырынан көрінеді.
Ойынның мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбиелік тұрғыдан ықпал ететін орасан зор мүмкіндіктерінің бар екені күмәнсіз: дұрыс ұйымдастырылған ойынмен балаларды сабаққа, еңбекке баулиды.
Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып келеді, және көптеген балалар бір тілден артық тіл қолданатын ортаға түседі. Уақыт талабына сай, аясы тар мақсаттағы сапалы білім емес, шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау керек.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» - «Қазақстан халқының рухани дамуы және үштұғырлы тіл дамыту саясаты» Қазақстан халқына жолдауында мемлекетіміздің Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүргізуді кезең-кезеңімен бастауды ұсынады. Үш тілді жаппай оқытуды енгізу тікелей – балабақшадан бастап ЖОО дейін – қазақстандық жас ұрпаққа ғылым мен техникадағы озық жетістіктермен және беталыстармен танысуға, жылдам қоғам меншігіне айналуға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Ол саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді
Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында жанды-жансыз табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады
Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім».
Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Өзектілігі: Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын үш тілдегі дамытатын әдістемелік Қажетті құралдармен қамтамасыз ету.
Міндеттері:дидактикалық ойындар олардың атқаратын қызметі, олардың құрылымдарынегізгі түрлері, әдістемесі және оларға басшылық жасау туралы жалпы түсінік беру;
балабақшаның тәрбиелеу-оқыту барысында отандық және шетелдік педагогтардың дидактикалық ойындарды қолдану және әзірлеу бойынша озық тәжірибелерін зерделеу және талдау;
Дидактикалық ойындар өзімен көп жоспарлы, күрделі педагогикалық құбылыстарды ұсынады: ол мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың ойын әдісі және оқыту түрі, өзбетінше ойын әрекеті және баланың жеке тұлға болып жан – жақты тәрбиеленуінің құралы болып табылады.
Дидактикалық ойындар оқытудың ойын әдісі ретінде екі түрде қарастырылады: ойын –сабақтар және дидактикалық және автодидактикалық ойындар. Бірінші жағдайда жүргізуші рөлі
Сөздік ойындар ойнаушылардың сөздері мен әрекетінен тұрады. Мұндай ойындарда балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін тереңдетіп үйренеді. Балалар өздігінен түрлі ойлау тапсырмаларын шешеді: олардың сипаттамалық қасиеттерін бөліп, заттарды суреттейді; суреттеу бойынша табады; ұқсастық және айырмашылық белгілерін табады; әртүрлі қасиеттері, белгілері бойынша заттарды топтайды. Бұл дидактикалық ойындар барлық жастағы топтарда өткізіледі, әсіресе балаларды мектепке дайындауға мүмкіндік беретін, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ерекше маңызды: педагогты мұқият тыңдай білуді дамытады, қойылған сұраққа жылдам жауап табады, өз ойын дәл және анық тұжырымдайды, қойылған тапсырмаға сәйкес білімді қолданады.
Сөздік ойындарды педагогикалық үдерісте қолдануға қолайлы болу үшін төрт топқа біріктіруге болады.Олардың біріншісіне заттар мен құбылыстардың маңызды белгілерін бөліп қалыптастыра білуде көмектесетін ойындар : «Тапшы?», «Дүкен», «Иә – жоқ» және басқалар кіреді. Екінші топты балалардың салыстыру, беттестіру, дұрыс ақыл қорытындысын жасауын дамытуда қолданылатын: «Ұқсайды – ұқсамайды», «Кім өтірікті көбірек аңғарады?» және т. б. ойындар құрайды. Үшінші топқа әртүрлі белгілері бойынша заттарды жалпылау және топтастыра білуді дамытатын « Кімге не керек?», «Үш затты ата», «Бір сөзбен ата» және басқа ойындар біріктірілген. Ерекше төртінші топқа зейінді, аңғарымпаздықты, ой ұшқырлығын, байсалдылықты, әзіл оспақты түсіне білуін дамытатын: «Бұзылған телефон», «Түстер», «Ұшады – ұшпайды» және басқа ойындар жатады.
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Дидактикалық ойындардың құрылымдары негізгі бес бөлімнен: дидактикалық мақсат, ойын мақсаты, ойын әрекеттері, ойын ережесі, нәтижеден (қорытынды шығару) тұрады.
Дидактикалық мақсат педагогпен құрылады және оқыту мақсатын көздейді. Дегенмен ғылыми негізделген және әдістемелік салыстыра тексерілген дидактикалық мақсаттың анықтамасы балаларға ереже ретінде қызық емес. Сондықтан дидактикалық міндет – ойын мақсатына балалардың алдына қойылатын және олардың сабақтағы ойын әрекетін дәлелдейтін мақсатқа ауыстырылады. Мысалы, дидактикалық мақсат зат есім туралы мәліметті жалпылау және жүйелеу болса оны ойын мақсатына ауыстырғанда келесі түрде болуы мүмкін: топта кім зат есімнің жақсы білгірі екенін анықтау. Сонымен, дидактикалық мақсат балаларға жұмбақ. Баланың барлық зейіні ойын әрекетін жүзеге асыруға бағытталған, ал оқыту мақсатын олар қабылдамайды. Балалар білім, білік және дағды кешендерін еріксіз меңгергенде, бұл ойынды оқытудың өте сирек түріне айналдырады.
әрекеттері – бұл ойын қызметінің бөлек элементтері
. Ойын әрекеттері неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым ойын балаларға қызықты болады. Мысалы, ойын барысында балалар әртүрлі рөлдерді «ойнайды», жұмбақтар шешеді, қарсыластарына тапсырмалар ойлап табады және т.б. Ойын әрекеттері ойынның түпкі ойын жүзеге асырады және дидактикалық міндеттерді шешу қажеттігін анықтайды.
Дидактикалық ойынның ережесі тек қана ойын қызметін (күнделікті ойындағыдай) басқару қажеттілігін емес, сонымен бірге дидактикалық міндетті, сондай-ақ баланың жеке тұлғасының қалыптасуындағы жалпы міндеттерді қамтамасыз етеді.
Қорытынды шығару ойынның соңында болады және оның міндетті компоненті болып табылады. Мысалы, алынған ұпайлар санын есептеу, ойын тапсырмаларын барлығынан артық орындаған балаларды айқындау. Қорытынды шығаруда әрбір баланың жетістігін, артта қалған балалардың табыстарын айрықша баса айту қажет.
Дидактикалық ойынның барлық құрылымдық компоненттері өзара байланысты, олардың кез келгенінің болмауы немесе тиімсіз жүзеге асуы барлық технологияның нәтижесіне сөззіз жағымсыз әсерін тигізеді.
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Дидактикалық ойындарда балалардың алдына шешімі шоғырланушылықты, зейінді, ақыл-ой күшін, ережені түсіне білуді, әрекеттердің реттілігін, қиыншылықтарды жеңуді талап ететін дәл немесе өзгеше мақсаттар қойылады. Олар мектепке дейінгілердің сезіміне және қабылдауына, түсініктерінің қалыптасуына, білімді меңгеруіне көмектеседі. Бұл ойындар, балаларды сол немесе басқа ақыл-ой және тәжірибелік міндеттерді әртүрлі үнемді және оңтайлы әдістерімен шешуді үйретуге мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындардың жекелеген білім мен білікті меңгеру әдісі ғана емес, сонымен бірге баланың жалпы дамуына, оның қабілеттілігінің қалыптасуына қызмет етуіне қол жеткізу керек.
Дидактикалық ойындар адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін шешуге, балалардың көпшілдігін дамытуға жәрдемдеседі. Тәрбиеші балаларға бірге ойнай білуді талап ететін, өзінің жүріс-тұрысын реттейтін, әділ және адал, көнтерлі және қатаң болуды талап ететін осындай шарттар қояды.
Іс-əрекет барысында адамның жан-жақты жəне біртұтас тұлғалық дамуы жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, қарым-қатынасы қалыптасады. Таңдалған іс-əрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру жəне келелі бағдарлап отыру қажет. Бұл тəрбие практикасында өте күрделі іс.
Балалар мен жасөспірімдердің іс-əрекеттерінің негізгі түрлері – ойын, оқу, еңбек. Бағдары бойынша іс-əрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркемөнерлік, техникалық, кəсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады. Барлық жастағы оқушылардың іс-əрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу (ортақтасу).
Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. Педагогтар ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан ойындарды оқу үрдісінде міндетті түрде енгізу жайлы айтады.
Дидактикалық ойынның ұйымдастырылған оқу әрекеті барысындағы басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Оқушының ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда жәй әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы:
- қисынды ой-қабілетін дамытады;
- өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
- есте сақтау қабілеті дамиды;
- зейіні қалыптасады;
- байқампаздығы артады;
- ойынның ережесін бұзбау, яғни тәртіптілікке үйренеді;
бір-біріне деген сенімдері артады, достыққа, ынтымақтастыққа баулиды;
- ең бастысы сабаққа қызығушылығы артады.
Бүгінгі күн талабына жауап бере алатын дидактикалық орта әртүрлі жаңа технологиялар және ақпараттар легі толассыз жаңа нәтижеге ұмтылған инновациялық орта болып табылады. Ал дәл осы ортаны жасақтау қажеттігі келесі әлеуметтік және педагогикалық қажеттіліктермен сипатталады:
- баланың оқу әрекетінің және жеке өз өмірінің толық дәрежелі субъектісі ете отырып, рөлін күшейту;
- балада толассыз ақпарат әлемінде өзін-өзі ұйымдастыратын іс-әрекеті субъектісі сапаларын дамыту: нақты нәтижеге жеткізетін мақсат қоюда, өз әрекетін жүйелі жоспарлауда және оны жүзеге асыруда;
- оқу іс-әрекеті құралдарын, тәсілдерін, формаларын (жеке, топтық немесе ұжымдық) таңдау мүмкіндігі, өз бетіншелігі;
оқушының іс-әрекетінде субъектілік тәжірибесінің өзектеніп, басым мәнге ие болуы;
- қазіргі ақпараттық технологияларды өз қажетіне қарай күнделікті тұрмыста еркін қолдана алудың өзектенуі.
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру педагогпен негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асады: дидактикалық ойынды өткізуге дайындық, оны өткізу және талдау.
Дидактикалық ойындарды өткізуге дайындық төмендегідей:
тәрбиелеу мен оқыту міндеттеріне сәйкес ойындарды таңдау: білімдерін тереңдету және жалпылау, сенсорлық қабілеттілігін дамыту, психикалық үдерістерін ( есте сақтау, зейін, ойлау, сөйлеу) белсендіру және т.б.
таңдалған ойынның балалардың жас ерекшеліктеріне, тәрбиелеу мен оқыту бағдарламалары талаптарына сәйкестігін белгілеу;
дидактикалық ойынды өткізуге қолайлы мезгілді (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде немесе сабақтан бос күн тәртібінің басқа мезгілдерінде) анықтау; балалар басқа балаларға кедергі жасамай, асықпай ойнайтындай,ойнайтын орынды сайлау;
ойнаушылардың санын ( топтың барлығы, кіші топтар, жекеше) анықтау;
таңдап алынған ойынға қажетті дидактикалық материалдарды( ойыншықтар, әртүрлі заттар, суреттер...) дайындау;
тәрбиешінің өзінің ойынға дайындығы: ол ойынның барысын, өзінің ойындағы орнын, ойынға басшылық жасау әдістерін оқып білу және ұғыну;
балалардың ойынға дайындығы: ойын міндетін шешуге қажетті, қоршағанорта заттары мен құбылыстары туралы түсініктермен және біліммен байыту.
Дидактикалық ойындарды өткізуде атқарылатын жұмыстар:
балаларды ойын мазмұнымен, ойында қолданылатын дидактикалық материалдармен (заттарды, суреттерді көрсету, олар туралы ойын барысында білім мен түсініктерді айқындайтын балаларға қысқаша кеңес) таныстыру;
ойын барысын және ережесін түсіндіру, сонымен бірге тәрбиеші ойын ережесіне сәйкес, ережелердің орындалуына, балалардың жүріс-тұрысына назар аудару;
ойын әрекеттерін көрсету, ойын барысында тәрбиеші балаларды қимылдарды дұрыс орындауға, қарама-қайшы жағдайда ойын қажетті нәтижеге келтірмейтінін ( мысалы, егер балалардың біреуі көзді жұмудың орнына ашып қараса) дәлелдей отырып, үйрету;
тәрбиешінің ойындағы атқаратын рөлін, оның ойыншы, жанкүйер, төреші ретінде қатысуын анықтау. Тәрбиешінің ойынға тікелей қатысу шамасы балалардың жасына, олардың дайындық деңгейіне, дидактикалық мақсат пен ойын ережесінің күрделілігімен анықталады. Ойынға қатыса отырып, педагог ойыншылардың қимылдарына бағыт (кеңес, сұрақ, ескерту) береді;
ойын қорытындысын шығару – бұл ойынға басшылық жасаудағы жауаптсәт, мұнда балалардың жеткен нәтижелері есептеледі, нәтиженің тиімділігі анықталады, осы нәтижелерді өзінің дербес ойын әрекеттерінде қызығушылықпен қолдану ұсынылады. Қорытынды шығару кезінде тәрбиеші жеңіске жету жолы тек қана қиындықтарды жеңу, ынта және тәртіптілік арқылы болатынын түсіндіріп айтады.Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
3. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы
4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
5. Ойынның эмоционалды болуы
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады.
1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.
3. Ойынға топтағы балалардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |