Балалардың жасы 2-3 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет13/40
Дата28.03.2023
өлшемі98.2 Kb.
#471306
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Циклограмма қаңтар 2023

Сөйлеуді дамыту:
Ән тыңдаймыз

2-ші таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау, үстелде дұрыс отыруын қадағалау.
Танымдық ойын: «Досыңды шақыр» Мақсаты: үстелге досының атын айтып шақыру, орын ұсыну.

Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

4 Қарды бақылау.
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айту.
Қар-түсі ақ, ұстасаң қолың тоңады, жылыға ериді.Ойлау қабілетін дамыту.



5 Бұршақты бақылау.
Мақсаты: Бұршақ, домалақ ақ түсті болатыны туралы түсінік беру.



6 Аязды бақылау. Мақсаты: Қыс мезгіліндегі күннің суықтығы-аяз. Аяздан бетіміз бен
қолымыздың тоңатынын, үсіріп жіберуі де мүмкін екенін, сол үшін де колғап,
мойын орауыш тағатынымызды түсіндіру.

7 Суық торғайды бақылау.
Мақсаты: Қыс мезгілінде барлық құстардың жылы жаққа ұшып кететінін, ал суықторғайдың бізде мекендеп қалатынын, ол қандай аяз болса да тоңбайтынын,
сол себепті суықторғай деп атағанын түсіндіріп көрсету.



8 Көгершінді бақылау.
Мақсаты: Балаларға қыстап қалған құстардың бірі –көгершіннің немен қоректенетіні,
қайда мекендейтіні, тұмсығы дене пішіні түсі, қалай дыбыстайтынын үйретіп, оларға
қамқорлық жасауға тәрбиелеу.



Серуеннен оралу

Балалардың реттілікпен шешінуі

Бір біріне шешінуге көмектесу

Киімдерін жинау. Сөрелерін ретке келтіру

Көркем сөз:
Зеңгір көктен
Нұрын төккен
Ортақ біздің күніміз
Жайнап өскен, жайдары өскен
Біз өмірдің гүліміз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет