Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)
|
«Құстар- біздің досымыз .Торғай»
Мақсаты:Балаларға дала құстары туралы түсінік беріп, оның ішінде торғаймен жақын таныстыру. Құстарға қамқорлықпен қарауға, көмек бере білуге үйрету.
Қоршаған ортамен таныстыру
|
«Қызғаншақ қонжықтар»
Мақсаты: Қонжықтар туралы білімдерін одан әрі жетілдіру, қонжықтардың бейнесін қағаз бетіне түсіре білуге үйрету Сурет салу
|
«Арнайы көліктер жүк және жолаушылар көліктері»
Мақсаты: Көліктер туралы түсінік беру. Олардың жұмысына сипаттама беру.
Қоршаған ортамен таныстыру
|
«Құмырадағы гүл»
Мақсаты: Балаларға ермексазды пайдаланып отырып құмырадағы гүлдімүсіндеп үйрету.
Жапсыру
|
«Арыстан мен тышқан»
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін сурет арқылы белгілеуге үйрету. Көркем әдебиет
|
Таңертенгі жаттығу
|
Таңертеңгі жаттығу кешені (қимыл белсенділігі, ойын әрекеті). Сапқа тұру, жүру, жүгіру, жалпы дамытушы және тыныс алу жаттығулары.
Жалпы даму жаттығулары (кішкентай доптармен)
1.Бастапқы қалып: аяқ алшақ дене тік, қолдағы доптар төменде 1.1-балалар доптармен қолдарын жоғары көтеріп, оң жаққа бұрылады; 1.2-бастапқы қалыпқа келу(жаттығу 5рет қайталанады)
2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде 2.1 – аяқтың ұшына тұрып, қолдарын жоғары көтеріп, доптарын сермейді; 2.2 – бастапқы қалыпқа келу (жаттығу 5рет қайталанады)
3. Бастапқы қалып: аяқтары бірге, дене тік, доптар төменде, 3.1 – жерге жартылай отырып, қолдары жоғары көтеріп, доптарын көрсетеді; 3.2- – бастапқы қалыпқа келу (жаттығу 4рет қайталанады)
4. Бастапқы қалып: аяқтары бірге, дене бос, қол төменде 4.1-доптарын көкірек тұсында ұстап, бір орында айналып секіру (оң және сол жаққа) 4.2- бастапқы қалыпқа келу (жаттығу 5рет қайталанады)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Таңғы ас
|
Таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті (ас ішу құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
|
Достарыңызбен бөлісу: |