Балалардың жасы 2-3 жас Жоспардың құрылу кезеңі


Серуен № 43 Өткінші жаңбырды бақылау



бет95/104
Дата19.05.2023
өлшемі244.02 Kb.
#473945
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   104
Күз циклограмма

Серуен

№ 43
Өткінші жаңбырды бақылау.
Мақсаты: Өткінші жаңбыр туралы түсінік беру. Жаңбырдың пайдасы , жаңбыр жауғанына қарап егістікті, бау бақшаны , саяжайдағы көкөніс, жеміс –жидек бәрін қолдан жауындатып суарудың пайдасын ашып түсіндіру.
«Кім бірінші» қимылды ойыны
Мақсаты: ойын ережесіне сай жарысу арқылы, жеңімпаз болуға асығу қабілеттерін арттыру

№ 44
Көркем сөз:
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек,
Жапырағын жұлғызып.
Мақсаты: Тақпақ үйрету арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуге үйрету.



№ 45
«Сақина»
Мақсаты: алақан арасына сақинаны жасыру арқылы шыдамдылыққа үйрету, тапқырлыққа баулу

№ 46
Қоршаған ортамен танысу
«Еңбекпен ел көгерер,
Жаңбырмен жер көгерер».
Мақсаты: Мақал үйрету арқылы балаларға өсімдіктерге тыңайтқыш заттар топырақ арқылы баратындығын түсіндіру.
Қимылдық ойын: «Допты қуып жет».
Балаларды тез жүгіруге үйрету, шапшаңдыққа , ептілікке тәрбиелеу.



№ 47
Жұмбақ:
Аспанға ұшар бу болып
Жерге қайтар су болып. (Бұлт)
Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау. Ойлау қабілетін арттыру.



Серуеннен оралу

Балалардың киімін ретімен шешу, дербес және ойын әрекеті.

Балалардың дербес іс-әрекеті

Құрастыру, жапсыру
«Үй жасаймыз»
Қиынды суреттермен жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет