Күн тәртібінің үлгісі
|
Дүйсенбі 03.10
|
Сейсенбі 04.10
|
Сәрсенбі 05.10
|
Бейсенбі 06.10
|
Жұма 07.10
|
Балаларды қабылдау
|
Құрастыру
«Машина»
Мақсаты: Құрылыс материалдарының негізгі бөліктері мен бөліктерін, түсімен шамасы бойынша ажыратуға үйрету.
|
Сенсорика
«Көп қабатты үйлер»
Мақсаты: Өзінің тұрған қаласы туралы білуге үйрету.Санауға үйрету,көп-аз,тең ұғымымен таныстыру.биік-аласа көлемдерді салыстыру.
|
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Қайырлы таң! Доброе утро! Қалдарың қалай?
Мақсаты: балалардың көңіл-күйлерін көтеру, балалардың үсті-басына көңіл аудару. Ата-аналармен қарым-қатынас мәдениетін орнату.
|
Сөйлеуді дамыту
«Біздің отбасы»
Адырбек Сопыбеков
Мақсаты: Отбасында әрекеттердің атауын айтуды, тілдік қарым-қатынаста, зат есімдерді, қолданып, заттарды (Кім? Не?) және сын есімдерді (Не істейді?) қолданып, сипаттауға үйрету.
|
Сенсорика
«Біздің үй ішіміз»
Мақсаты: Қанша-сонша ұғымын ажырату, төртбұрыш, үшбұрыш пішіндерін бақылау,ішінде-сыртында кеңестігін ажырату, көлемдерін бақылау.
Сөрелеріне сыртқы киімдерін дұрыс қоюға әдеттендіру.
|
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру
|
Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру.
|
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)
|
Сенсорика
«Түсті таңда» ойыны
Мақсаты: балалардың назарын аудару арқылы, көңіл күйлерін көтеру.
Балалардың өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын қадағалау.
|
«Ойыншықтар дүкені»
Мақсаты:
Сөйлемді толық құрауға үйрету , ойлау қабілеттерін дамыту .
Мамандыққа баулу, яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету
|
Құрастыру
Үстел -үсті ойыны пазл: «Үйшік құрастыр»
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
|
Үстел-үсті ойыны:
«Пойыз құрастыр»
Балалармен ойыншықтардың түрлерімен таныстырып,қорытындылау.
|
Қоршаған ортамен танысу
«Туған қалаға саяхат».
Мақсаты: Балаларды туған қаламен таныстыру (атауы, көшелер, ғимараттар, ескерткіштер, көрікті нысандар, балабақша, мектеп, (т.б). суреттер.
|
Таңертенгі жаттығу
|
|