Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы»



жүктеу 391.66 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі391.66 Kb.





Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартын бекіту туралы

 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берілген:

1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, «Мемлекеттік мүлік тізілімінен (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізімі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою Кестесіне қосылған мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар) ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты;

2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасасылған жалға алу (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша Мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерін қамтитын анықтаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты;

3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада орнатылған тәртіппен мемлекеттік тіркеуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы Э.К. Өтеповке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаржы министрі Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2014 жылғы

« » № бұйрығына 1 - қосымша

 

«Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты




1. Жалпы ережелер

 

1. «Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gosreestr.kz «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталы (бұдан әрі – мемтізілім) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы порталға және мемтізілімге деректерді ұсынған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – 10 (он) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толығымен автоматтандырылған).  

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес электрондық түрдегі мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) портал және мемтізілім – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі



10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы өтініш білдірген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.



Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеу барысында (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.




4. Мемлекеттік көрестілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар


12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында;

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша



Ұйымдардың тізбесін қарап шығу кезінде көрсетілетін
көрсеткіштер





БСН

Атауы

Объектінің мекенжайы

МНК

Мәртебесі

1

2

3

4

5



Ескертпе:

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

МНК – меншік нысанының коды.

«Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша
1. Жекешелендіру объектісін қарап шығу кезінде
      1. Объекті бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:
      1) объектінің ID нөмірі:
      2) жекешелендіру объектісінің түрі:
      акциялар (АҚ);
      үлес (ЖШС);
      мүліктік кешен;
      машиналар мен жабдық;
      жылжымайтын мүлік;
      жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);
      өзгелер;
      көлік;
      3) сатушы;
      4) жекешелендіру объектісін сату кезеңі;
      5) объектінің мәртебесі:
      жекешелендірілуде;
      белсенді емес;
      жекешелендірілген;
      сауда-саттықтан алынған;
      6) объектіні бұғаттау:
      еркін;
      алып тастауға жатады;
      7) меншік нысаны:
      республикалық;
      коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың);
      коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың);
      8) қосымша деректер (жекешелендіру объектісінің түріне қарай).
      2. Объектіні бағалау туралы ақпарат көрсетіледі:
      1) бағалаушының атауы;
      2) бағалау туралы есептің нөмірі мен күні;
      3) бағалау құны, теңге;
      4) бағалау күні.
      3. Объекті бойынша құжаттар беттерге таратылған, «объектінің электрондық деректеріне» енгізілген, сканерленген түрде көрсетіледі:
      1) объектінің құжаттары;
      2) жер бойынша құжаттар;
      3) фотоальбом.
      2. Мерзімді баспа басылымдарында (бұдан әрі – МББ) жарияланған, жекешелендіру объектілерін сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарлама бойынша ақпаратты қарап шығу кезінде
      1. МББ-ның атауы.
      2. Жарияланымның нөмірі мен күні.
      3. Сауда-саттық өткізудің уақыты мен күні.
      4. Сауда-саттық нысаны.
      5. Сауда-саттық түрі.
      6. Кепілдік жарна мөлшері.
      7. МББ-да жарияланған хабарландырудың толық мәтіні:
      1) мемлекеттік тілде;
      2) орыс тілінде.
      3. Сауда-саттық туралы деректерді қарап шығу кезінде
      1. Сауда-саттық нысаны мен әдісі:
      1) аукцион (ағылшын немесе голландиялық);
      2) тікелей атаулы сатылым;
      3) тендер (инвестициялық немесе коммерциялық);
      4) қор биржасы.
      3. Сауда-саттықтың күні және уақыты.
      4. Кепілдік жарна, теңге.
      5. Бастапқы баға, теңге.
      6. Ең төмен баға, теңге.
      7. Сауда-саттық мәртебесі:
      1) өткізілген жоқ;
      2) болмайды;
      3) өткізілді;
      4) сауда-саттық күтілуде.
Ескертпе:

ID – сәйкестендіру нөмірі;

АҚ – акционерлік қоғамдар;

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер.
Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2014 жылғы

« » № бұйрығына 2 - қосымша

 

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы

мәліметтерді қамтитын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты




1. Жалпы ережелер

 

1. «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы;

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің www.gosreestr.kz «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталы (бұдан әрі – мемтізілім) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушының орталыққа құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) минут;

порталға және мемтізілімге жүгінген сәттен бастап – 10 (он) минут;

2) көрсетілетін қызметті алушының орталыққа құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толығымен автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алған кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап – жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) орталық – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.

3) портал және мемтізілім – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) орталыққа:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін);

Орталықтың қызметкері орталықтың ақпараттық жүйесіндегі деректерді көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының түпнұсқаларымен салыстырады және көрсетілетін қызметті алушыға берілген құжаттардың түпнұсқаларын қайтарады

Көрсетілетін қызметті алушы орталықтың қызметкеріне мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарттың нөмірін хабарлайды және орталықтың қызметкері орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық сұрау салуды қалыптастырады.

2) порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін орталықтың қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3) мемтізілімге - мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарттың нөмірі.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.




3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі



11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша орталық басшысының атына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, орталықтың атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Орталық не портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.




4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар


13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында;

2) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған.

14. ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті орталық және портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен
(сенімгерлік басқарушылармен) жасалған
жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары
бойынша оларға мемлекеттік мүлік
тізілімінен шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен
төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын
анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Нысан

Мәліметтер болған жағдайда


Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама

Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған

Бірегей нөмірі:

Сұрау салынған күні мен уақыты:



Анықтаманы алатын күні мен уақыты:
Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін қызметін тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № – ____ және БСН/ЖСН – _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында мыналар тіркелген:

1) шарт және мемлекеттік мүлік бойынша мәліметтер:


Шарт түрі: мүліктік жалға алу (жалдау)/сенімгерлік басқару

 

 

Жалға беруші (сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы)

 

БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары

Баланс ұстаушы:

 

БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары

Жалдаушы  (сенімгерлік басқарушы):

 

БСН/ЖСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс деректері

Шарттың нөмірі мен күні:

 

 

Мемлекеттік мүлік түрі:

 

көлік немесе ғимараттағы үй-жай немесе ғимарат немесе жабдық немесе басқалар

Жалға алу (сенімгерлік басқару) кезеңі:

 

 

Жалға алу (сенімгерлік басқару) нысаны:

 

мемлекеттік мүліктің орналасқан орны, сипаты мен сипаттамасы


2) шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түсімдер


Есептеу күні

Есептелді, теңге

Мерзімі өткен күндер саны

Уақтылы төленбегені үшін өсімпұл, теңге (бір күнгі өсімпұл сомасы х мерзімі өткен күндер саны)

Мембюджетке түсті, теңге

Төлем күні

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы есептелді:

жалға алу төлемі, теңге: _________

өсімпұл, теңге: _________

Мемлекеттік бюджетке түсті, теңге: _________

Жиыны төлемге, теңге: _________



 

Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.

Мәліметтер болмаған кезде

Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама



Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған

Бірегей нөмірі:

Сұрау салынған күні мен уақыты:

Анықтаманы алатын күні мен уақыты:
Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін қызметін тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № – ____ және БСН/ЖСН _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында мәліметтер табылған жоқ.

Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.
Ескертпе:

БСНбизнес-сәйкестендіру нөмірі;

ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік көрестілетін қызмет стандартына 2-қосымша




Басшыға

__________________________________

(орталықтың атауы)

__________________________________

__________________________________

__________________________________

__________________________________

(Т.А.Ж)


Өтініш
Мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы ___ жылғы № ___ шарт бойынша анықтама беруіңізді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.


___________ «___» ______20__ж.

(қолтаңба)

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша



Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, бар болса әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
не ұйымының атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) ______________________________;

2) _______________________________;

3)._____________________________ ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.


  Т.А.Ә. (орталық қызметкері)                   (қолы)
      Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

     Телефон ______________

      Алдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті алушының қолы
     20__жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2014 жылғы

« » № бұйрығына 3 - қосымша

 
«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын

Қазақстан Республикасының қабылдауы»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет); Комитеттің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттері – республикалық мүлікті қабылдау бөлігінде; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары – коммуналдық мүлікті қабылдау бөлігінде (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау:



  1. көрсетілетін қызметті беруші;

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал);

3) Комитеттің www.gosreestr.kz «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталы (бұдан әрі – мемтізілім) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай ішінде (құжаттарды тапсыру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асқан кезде – 5 (бес) ай ішінде (құжаттарды тапсыру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

болашақта сыйға тарту шартына қол қою үшін – 2 (екі) ай ішінде (құжаттарды тапсыру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асқан кезде, болашақта сыйға тарту шартына қол қою үшін – 4 (төрт) ай ішінде (құжаттарды тапсыру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

болашақта мүліктің қабылдау-беру актісіне қол қою үшін – 2 (екі) ай ішінде (құжаттарды тапсыру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.

Портал немесе мемтізілім арқылы жүгінген кезінде сұрау салуды беру мерзімі 30 (отыз) минутты құрайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес сыйға тарту шарты және мүліктің қабылдау-беру актісі (табыстау актісі).

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап – жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) портал және мемтізілім – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру туралы ұсыныс;

құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері (жер пайдалану құқығы актісі (жалдау, меншік шарттарында), техникалық паспорт (жылжымайтын мүлік, автомашиналар), меншік құқығын тіркеу туралы деректер);

берілетін мүлікке құны туралы деректер (баланстан үзінді немесе бағалау туралы есеп);

мемлекеттік емес заңды тұлғалар – құзыретіне Жарғыға сәйкес мүлікті иеліктен шығару, оның ішінде оны мемлекеттік меншікке беру мәселелері жататын мемлекеттік емес заңды тұлға органының шешімі.

Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттарының көшірмелері электрондық түрде беріледі.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі



10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша түрде беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.




4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар


12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында;

2) тиісті ЖАО-ның интернет-ресурсында;

3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған.

13. Электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті орталық немесе портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша


1-нысан
Сыйға тартудың үлгі шарты

________қ. «___»___________ 201__ ж. № ______


(заңды тұлғаның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні және нөмірі,

________________________________________________________________________________________________________________________________________

кім тіркеді, ЖСН; жеке тұлғаның Т.А.Ә., жеке куәлігінің нөмірі және

________________________________________________________________________________________________________________________________________

күні, тұрғылықты жері, ЖСН)

бұдан әрі «сыйға тартушы» деп аталатын __________________________ атынан

_________________________________________________ негізінде әрекет ететін

(«___»_________ 201__ж. жарғының, ереженің, сенімхаттың №____ )



____________________________________________________________________

(шартқа қол қоятын адамның Т.А.Ә., лауазымы)

және бұдан әрі «сыйды алушы» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан

(ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті немесе Комитеттің тиісті аумақтық бөлімшелері)

____________________________________________________________________ («___»_________ ___ ж. №____ ереже) негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________________

(шартқа қол қоятын адамның Т.А.Ә., лауазымы) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «___»_________ 201__ж. №____ бұйрығына сәйкес төмендегілер туралы осы шартты жасасты.



1. Шарттың нысанасы
1. Сыйға тартушы ______________________________________________

(мүліктің атауы)

(бұдан әрі – мүлік) мемлекеттік республикалық меншікке өтеусіз беруге міндеттенеді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Сыйға тартушы осы шартқа қол қойылған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде сыйды алушыға қабылдау-беру актісі бойынша мүлікті беруге міндеттенеді.

2. Сыйды алушы мүлікті мемлекеттік меншікке бергенге дейін сыйға тартушыға тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, одан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған болып есептеледі.

Сыйға тарту шарты тіркелген жағдайда, сыйды қабылдаудан бас тарту да мемлекеттік тіркеуге жатады.

3. Егер шартты жасасқаннан кейін сыйға тартушының мүліктік немесе отбасылық жағдайы не денсаулығының жай-күйі өзгергені соншалықты, тіпті жаңа жағдайларда шартты орындау оның өмір сүру деңгейінің елеулі төмендеуіне әкеп соқтырса, сыйға тартушы осы шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

4. Сыйды алушы сыйға тартылған затқа сыйға тартушы үшін үлкен мүліктік емес құндылықты білдіретін оны қайтарымсыз жоғалту қаупін тудырса, сыйға тартушы сот тәртібінде сыйға тартуды жоюды талап етуге құқылы.
3. Өзге де шарттар
1. Осы шарт оған тараптар қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді және оның тиісінше орындалуы бойынша тоқтатылады.

2. Осы шарт заңдық күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде төрт түпнұсқалық данада, сыйға тарту шарты тарапының әрқайсысы үшін екі данада жасалған.

3. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар тараптар қол қоятын және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімдер жасасу арқылы енгізіледі.

4. Осы шартқа тараптар қол қойғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде мүліктің қабылдау-беру актісіне (табыстау актісіне) қол қойылады.

5. Осы шартпен реттелмеген бөлігінде тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшалыққа алады.
4. Тараптардың заңды мекенжайлары және банктік деректемелері


сыйды алушы

сыйға тартушы

_______________________________

Мемлекеттік мекеменің атауы

_______________________________

ММ орналасқан жері

ЖСК_______________________________

БСК___________________________

ЖСН _________________________

БСН___________________________





_______________________________

Мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлғаның атауы

_______________________________

Мүліктің меншік иесінің орналасқан жері немесе тұрғылықты жері ________________________________________

Мемтіркеу нөмірі және күні, жеке куәліктің нөмірі және күні

ЖСН___________________________







Лауазымы
__________________ Т.А.Ә.

м.о.


Лауазымы
__________________ Т.А.Ә.

м.о.



2-нысан
Болашақта сыйға тартудың үлгі шарты
________қ. «___»___________ 201__ ж. № ______
(заңды тұлғаның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні және нөмірі,

________________________________________________________________________________________________________________________________________

кім тіркеді, ЖСН; жеке тұлғаның Т.А.Ә., жеке куәлігінің нөмірі және

________________________________________________________________________________________________________________________________________

күні, тұрғылықты жері, ЖСН)

бұдан әрі «сыйға тартушы» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан

_________________________________________________ негізінде әрекет ететін

(«___»_________ 201__ж. жарғының, ереженің, сенімхаттың №____ )



____________________________________________________________________

(шартқа қол қоятын адамның Т.А.Ә., лауазымы)

және бұдан әрі «сыйды алушы» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан

(ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті немесе Комитеттің тиісті аумақтық бөлімшелері)

____________________________________________________________________ («___»_________ ___ ж. №____ ереже) негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________________

(шартқа қол қоятын адамның Т.А.Ә., лауазымы) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «___»_________ 201__ж. №____ бұйрығына сәйкес төмендегілер туралы осы шартты жасасты.


1. Шарттың нысанасы
1. Сыйға тартушы ________________________________________________

(мүліктің атауы)

(бұдан әрі – мүлік) болашақта мемлекеттік республикалық меншікке өтеусіз беруге міндеттенеді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Сыйды алушы мүлікті мемлекеттік меншікке бергенге дейін сыйға тартушыға тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, одан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған болып есептеледі.

Сыйға тарту шарты тіркелген жағдайда, сыйды қабылдаудан бас тарту да мемлекеттік тіркеуге жатады.

2. Егер шартты жасасқаннан кейін сыйға тартушының мүліктік немесе отбасылық жағдайы не денсаулығының жай-күйі өзгергені соншалықты, тіпті жаңа жағдайларда шартты орындау оның өмір сүру деңгейінің елеулі төмендеуіне әкеп соқтырса, сыйға тартушы осы шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

3. Сыйды алушы сыйға тартылған затқа сыйға тартушы үшін үлкен мүліктік емес құндылықты білдіретін оны қайтарымсыз жоғалту қаупін тудырса, сыйға тартушы сот тәртібінде сыйға тартуды жоюды талап етуге құқылы.


3. Өзге де шарттар
1. Осы шарт оған тараптар қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді және оның тиісінше орындалуы бойынша тоқтатылады.

2. Осы шарт заңдық күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде төрт түпнұсқалық данада, сыйға тарту шарты тараптарының әрқайсысы үшін екі данада жасалған.

3. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар тараптар қол қоятын және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімдер жасасу арқылы енгізіледі.

4. Сыйға тартушы мемлекеттік меншікке мүлікке құқықтарын нақты бергеннен кейін тараптар он бес жұмыс күні ішінде мүліктің қабылдау-беру актісіне (табыстау актісіне) қол қояды.

5. Осы шартпен реттелмеген бөлігінде тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшалыққа алады.

4. Тараптардың заңды мекенжайлары және банктік деректемелері


сыйды алушы

сыйға тартушы

_______________________________

Мемлекеттік мекеменің атауы

_______________________________

ММ орналасқан жері

ЖСК_______________________________

БСК___________________________

ЖСН _________________________

БСН___________________________





_______________________________

Мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлғаның атауы

_______________________________

Мүліктің меншік иесінің орналасқан жері немесе тұрғылықты жері ________________________________________

Мемтіркеу нөмірі және күні, жеке куәліктің нөмірі және күні

ЖСН___________________________







Лауазымы
__________________ Т.А.Ә.

м.о.


Лауазымы
__________________ Т.А.Ә.

м.о.



3-нысан
Үлгілік қабылдау-беру актісі
БЕКІТЕМІН:

_________________________________

(ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті немесе оның аумақтық бөлімшелері)

_________________________________

_________________________________

«___» _____________ 201 _ жыл

М.О.
Қабылдау-беру актісі


«___»_____201_ жыл ________ қаласы
Біз, төменде қол қойғандар, _______________________________________

____________________________________________________________________ (мемлекеттік емес заңды немесе жеке адамның атауы)

атынан ________________________________________________ бір тараптан

(қабылдау-беру актісіне қол қоюшы тұлғаның Т.А. Ә.)

және________________________________________________________________

(мемлекеттік мекеменің атауы) атынан _____________________________________________________________ (қабылдау-беру актісіне қол қоюшы адамның Т.А.Ә.) екінші тараптан, №___ «___»_______201 _ жылғы сыйға тарту шарты негізінде мемлекеттік меншікке _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________. қабылдау-беру жүргізілгендігі туралы осы актіні жасадық.

Акт заңдық күші бірдей 4 (төрт) данада қазақ және орыс тілдерінде, тараптардың әрқайсысы үшін екі данада жасалды.

Тараптар осы актіге қол қою арқылы бір-біріне кінәрат-талаптардың жоқ екендігін растайды.



қолдар:

берді:
______________________________

______________________________

Мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлғаның атауы



Лауазымы
________________________ Т.А.Ә.

«___»__________201_ жыл



қабылдады:
_______________________________

_______________________________

Мемлекеттік мекеменің атауы




Лауазымы
________________________ Т.А.Ә.

«___»_________201_ жыл




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет