Дене шынықтыру «Бала, бала, балапан»
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
|
Сөйлеуді дамыту
Сурет салу
«Сағат»
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Сағаттың суретін саусақпен салу.
|
Қоршаған ортамен таныстыру
«Жаттығулар жасайық»
Тез қозғалып осылай
Жаттығулар жасайық.
Жақсылықты үйреніп,
Жамандықтан қашайық.
|
Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Музыка
(музыка жетекшінің жоспары бойынша)
|
Дене шынықтыру
"Біз текшені жинаймыз".
балаларды текшелермен ойындар алдында саусақтарын жаттықтыруға ынталандыру; қолдардың ұсақ моторикасын, ойлау қабілеттерін дамыту; достыққа тәрбиелеу.
|
|
Дене шынықтыру
"Өз орныңды тап" қимылды ойыны балаларды сапға (түзу сызық, жіп бойына) сигнал бойынша тізілуге, сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге дағдыландыру;
|
Дене шынықтыру
"Шеңберден шықпа" жаттығуы.
балаларды шеңберге тұрып, шеңбердің бойымен қимылдауға баулу; кеңістікті бағдарлауға, мұқияттылыққа, достыққа тәрбиелеу
|
2-ші таңғы ас
|
2-ші таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау Тамақтану кезінде алаңдамауға шақыру.
«Жуыну» тақпағын қайталату.
Беті қолымды жуамын,
Шашымды тараймын.
Бақытты боламын,
Сымбатты боламын.
Әрқашан тазамын,
Бәрiнен озамын.
|
Достарыңызбен бөлісу: |