Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: 1. Қос аяқтап алға қарай секіру.
2.3-4 таяқшалардан аттап өту.
Ойын: «Аю мен қояндар» ойынын ойнау.
Қорытынды: «Құстар қанат қағады» тыныс алу жаттығуы.
Тақырыбы:Шынықтыру шаралары Мақсаты: Балаларды шынықтыруды ауа, су шараларымен, серуен кезінде ультракүлгін сәулелердің әсерлерімен жүзеге асыру, 2-3 минут бойы жылы құмның үстінде жалаң аяқ жүргізу, ауа ванналарын күніне бірнеше рет киіну-шешіну кезінде қолдану (ауа ванналарының ұзақтығын 2-3 минуттан, 6-10 минутқа дейін ұзарту).
ЖДЖ: Тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып), еденде отырған қалпында, таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: 1.Допты қақпа арқылы домалату.
2.Қос аяқтап алға секіруді бекіту.
Ойын: «Көжектің үйі» ойыны.
Қорытынды: «Допты үрлеу» тыныс алу жаттығуын жасау.
Тақырыбы:Жүру Мақсаты: Педагогтің артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру, қарқынды өзгерте отырып жүру, бағытты өзгерте отырып жүру, жүруден жүгіруге ауысу, Еңбектеу кезінде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре білуге; көтеріңкі (зат үстінде) тіреуде тепе-теңдік сақтау. Берілген белгіге көңіл аудару, қимыл-қозғалысты белгі бойынша орындау қабілеттерін жетілдіру. Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
ЖДЖ: Тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып), еденде отырған қалпында, таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: 1.Бірнеше доға астынан еңбектеу.
2. Допты қақпа арқылы домалатуды қайталау.
Ойын: «Апандағы аю» ойынын ойнау.
Қорытынды: «Денені еркін ұста» баяу әуен ырғағымен демалу.