Балалардың өмір сүруіне лайықты әлем құрудағы әлеуметтік орта ықпалы (тренинг) Страховка первой ставки до 10 000 тг от Olimpbet



бет3/4
Дата21.10.2022
өлшемі30.94 Kb.
#463124
1   2   3   4
Балалардың өмір сүруіне лайықты әлем құрудағы әлеуметтік орта ықпалы

Қорғалу құқығы.
Құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абыройын төмендетуден, ата-аналар тарапынан болатын қиянаттан (ұрып-соғудан, қаңғыбастыққа бейімділіктен және т.б.) қорғайды.
Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата-аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады.
Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды және (немесе) еңбек жағдайы қауіпті жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. Жұмыс істеу оқу процесін бұзбауға тиіс.
Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарихи және мәдениет ескерткіштерін сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи айлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.
 
«Сұрақтар әлемі»  сұрақ қойылады.
 
Бала құқығы туралы заң жөнінен қойылатын сұрақтар

  1. Бала дегеніміз – … жасқа толмағандар. (кәмелеттік)

  2. Баланың заңды өкілдері – … (ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы)

  3. Бала – жетім болып табылады, егер … (ата-анасының екеуі де қайтыс болса)

  4. 14 жасқа толмағандардың құқығы мен қызығушылығын қорғаудың заңды құқықтық түрі? («Асырау» болып табылады)

  5. Қанша жасынан бастап бала өз атын, әкесінің атын, тегін иеленуге құқығы бар? (туғаннан бастап)

  6. Бала құқығы туралы заң азаматтығы жоқ және шетелдік азаматтарға жарияланбайтыны рас па? (жоқ, барлығына жарияланады, 2 бап)

  7. Бала құқықтарын шектеуге бола ма? (болмайды, 5-бап)

  8. Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар ма? (бар, 10-бап)

  9. 14 жастан 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығы мен қызығушылығын қорғаудың заңды құқықтық түрі? («Қамқорлық» болып табылады)

  10. Асқар мен Мадинаның ата-анасы ажырасты, сот үкімі бойынша балалар анасымен қалды. Ал, Асқар әкесімен қалғысы келді. Бала құқығы ескерілді ме ? (10-жастан кейін бала өзі таңдау құқығы бар. Егер бала 10 жасқа толмаған болса, онда бала сот үкімі бойынша анасымен қалады, бірақ әкесімен жиі көрісіп тұруға құқылы. 10 жасқа толған соң, баланың таңдау құқығы ескеріледі.

  11. Баланы дінге күштеп кіргізуге бола ма ? Ата-анасына ше ? жоқ, болмайды. Бала саналы адам ретінде қалаған дінге немесе діни сектаға кіргізуге құқығы жоқ. (7 бөлім, 35-бап)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет