Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы



Дата05.07.2016
өлшемі177.96 Kb.
Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздығы № 253-IV Заңы


"Егемен Қазақстан" 2010 жыл 17 наурыздағы № 98-99 (25945); "Казахстанская правда" от 17.03.2010 г., № 62 (26123)


      1993 жылғы 29 мамырда Гаагада қабылданған Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi                                  Н.Назарбаев

Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты
ынтымақтастық туралы конвенция

      Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер,


      оның өзi немесе жеке басының толыққанды әрi үйлесiмдi дамуы үшiн балаға отбасы ортасында бақыт, махаббат пен түсiнiстiк ахуалында өсуi қажет екенiн тани отырып,
      бала өзiнiң отбасында тәрбиеленуiн қамтамасыз ету үшiн тиiстi шаралар қабылдау қажеттiгiн әрбiр мемлекет басым мiндет ретiнде қабылдауы тиiс екенiн еске сала отырып,
      егер шығу тегi елiнде оған лайықты отбасы табу мүмкiн болмаса, шетелдiк бала асырап алу тұрақты отбасы болуымен байланысты артықшылықты балаға ұсынатынын тани отырып,
      баланың мүдделерiн неғұрлым жақсы қамтамасыз етудi әрi оның негiзгi құқықтарын құрметтеудi ескере отырып және баланы ұрлау, сату немесе оны саудаға салуды болдырмау үшiн баланы шетелдiк асырауды қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдау қажеттiгiне кәмiл сене отырып,
      осы мақсатқа арналған жалпы ережелердi қабылдауға ниеттене отырып, халықаралық құжаттарда, атап айтқанда 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясында, БҰҰ-ның Балаларды қорғау мен олардың жай-күйiне қатысты әлеуметтiк және құқықтық принциптер туралы декларациясында және әсiресе, 1986 жылғы 3 желтоқсандағы ұлттық және халықаралық деңгейде бала тәрбиелеу және оны асырап алу туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 41/85 қарарында айтылған принциптердi назарға ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

I тарау. КОНВЕНЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ

1-бап

      Осы Конвенцияның мақсаттары мыналар болып табылады:


      а) баланы шетелдiк асырап алуды баланың мүдделерiн неғұрлым жақсы қамтамасыз етудi әрi халықаралық құқық таныған оның негiзгi құқықтары сақтала отырып, жүзеге асырудың кепiлдiктерiн жасау;
      b) осындай кепiлдiктердiң пәрмендiлiгiн қамтамасыз ету және осы арқылы баланы ұрлау, сату немесе оны саудаға салуды болдырмау үшiн Уағдаласушы мемлекеттер арасында ынтымақтастық жасау жүйесiн құру;
      c) Уағдаласушы мемлекеттерде Конвенцияға сәйкес жасалған бала асырап алудың танылуын қамтамасыз ету.

2-бап

      1. Уағдаласушы мемлекеттiң («шығу тегi мемлекетi») бiрiнде тұрақты тұрып жатқан бала басқа Уағдаласушы мемлекетке («қабылдаушы мемлекет») көшiп кетсе, көшiп жатса немесе көшуi тиiс болса не шығу тегi мемлекетiнде оны әдетте қабылдаушы мемлекетте тұрып жатқан ерлi-зайыптылар немесе адам асырап алғаннан кейiн не қабылдаушы мемлекетте немесе шығу тегi мемлекетiнде осындай асырап алу мақсатында Конвенция қолданылады.


      2. Конвенция ата-ана мен бала арасында тұрақты байланыс орын алған бала асырап алуға ғана қолданылады.

3-бап

      Егер 17-баптың «с» тармағында аталған келiсiм, бала он сегiз жасқа толғанға дейiн берiлмесе, Конвенция қолданудан қалады.



II тарау. БАЛАНЫ ШЕТЕЛДIК АСЫРАП АЛУҒА АРНАЛҒАН ТАЛАПТАР

4-бап

      Егер шығу тегi мемлекетiндегi құзыреттi билiк орындары:


      а) баланы асырап алуға болатынын анықтаса;
      b) шығу тегi мемлекетiнде баланы орналастыру мүмкiндiгiн тиiсiнше қарағаннан кейiн баланы шетелдiк асырап алу баланың мүдделерiне неғұрлым жақсы түрде сай келедi деп анықтаса;
      с) мыналарға:
      1) бала асырап алу үшiн олардың келiсiмi қажет тұлғалар, мекемелер мен билiк орындары олардың келiсiмiнiң салдарлары туралы, атап айтқанда бала асырап алу бала мен ол шыққан отбасы арасында құқықтық байланыстың тоқтатылуына әкеп соғатына немесе әкеп соқпайтынына қатысты тиiстi түрде консультация алғанына және хабардар етiлгенiне,
      2) осындай тұлғалар, мекемелер мен билiк орындары өз келiсiмiн ерiктi түрде талап етiлген заңдық нысанда бiлдiрiп немесе жазбаша түрде берiлгенiне,
      3) келiсiм сыйақы немесе қандай да бiр түрдегi өтемақы үшiн берiлгенiне әрi керi қайтып алынбағанына және
      4) талап етiлген жерде бала туғаннан кейiн анасының келiсiмi берiлгенiне көзi жеткен болса;
      b) баланың жас мөлшерi мен естиярлығын ескере отырып, мыналарға:
      1) баламен кеңессе әрi оны асырап алудың салдарлары туралы және егер ондай келiсiм талап етiлсе, асырап алуға оның келiсiмi қажеттiгi туралы хабардар етiлгенiне,
      2) баланың тiлегi мен пiкiрi назарға алынғанына,
      3) егер осындай келiсiм талап етiлсе, баланың асырап алуға келiсiмi ерiктi түрде алынғанына, тиiстi заңдық нысанда бiлдiрiлгенiне немесе жазбаша түрде берiлгенiне және
      4) осындай келiсiм сыйақы немесе қандай да бiр түрдегi өтемақы үшiн берiлмегенiне көз жеткiзген жағдайларда Конвенцияның мәнi бойынша бала асырап алу орын алады.

5-бап

      Егер қабылдаушы мемлекеттiң құзыреттi билiк орындары:


      a) болжамды асыраушы ата-ана бала асырап алуға құқылы әрi лайықты екенiн анықтаса;
      b) болжамды асыраушы ата-ана қажеттi мөлшерде консультация алуы қамтамасыз етiлген; және
      c) балаға осы мемлекетке кiруге әрi онда тұрақты тұруға рұқсат етiлсе немесе рұқсат етiлетiнi анықталған жағдайларда Конвенцияның мәнi бойынша бала асырап алу орын алады.

III тарау. ОРТАЛЫҚ ОРГАНДАР ЖӘНЕ УӘКIЛЕТТI ҰЙЫМДАР

6-бап

      1. Уағдаласушы мемлекет Конвенцияға сәйкес осындай органдарға жүктелген мiндеттердi орындау үшiн орталық органды тағайындайды.


      2. Федералдық мемлекеттер, бiреуден артық құқық жүйесi бар мемлекеттер немесе автономдық аумақтық бiрлiктерi бар мемлекеттер бiреуден көп орталық органды тағайындай алады және олардың аумақтарын немесе функцияларының жеке көлемiн нақтылай алады. Мемлекет бiреуден көп орталық органды тағайындаған жерде ол осы мемлекет шегiнде тиiстi орталық органға беру үшiн оған кез келген хабарлама жолдануы мүмкiн орталық органды көрсетедi.

7-бап

      1. Орталық органдар балаларды қорғау саласында және Конвенцияның басқа да мақсаттарына қол жеткiзу үшiн бiр-бiрiмен ынтымақтастық жасайды және өз мемлекеттерiндегi құзыреттi билiк орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытады.


      2. Олар:
      a) бала асырап алуға қатысты өз мемлекеттерiнiң заңдарына қатысты ақпаратты және статистика мен стандартты нысандар сияқты басқа да жалпы ақпаратты ұсынуға;
      b) бiр-бiрiн Конвенцияның қолданылуы туралы хабардар етуге және мүмкiндiгiне қарай оны қолдану үшiн барлық кедергiлердi жоюға барлық тиiстi шараларды тiкелей қабылдайды.

8-бап

      Орталық органдар немесе мемлекеттiк билiк орындары арқылы бала асырап алуға байланысты қаржылық немесе басқа да пайда табуды болдырмау және


      Конвенция мақсаттарына қайшы келетiн кез келген практиканы болдырмау үшiн барлық тиiстi шараларды тiкелей өздерi қабылдайды.

9-бап

      Орталық органдар тiкелей өздерi немесе мемлекеттiк билiк орындары немесе өз мемлекетiнде тиiстi түрде уәкiлеттiк алған басқа да ұйымдар арқылы, атап айтқанда:


      a) баланың жағдайы мен қабылдап алуы ықтимал ата-ана туралы ақпарат жинауға, сақтауға әрi оны алмасуға, бұл бала асырап алу актiлерiн жасау үшiн қажет;
      b) бала асырап алу рәсiмiн жеңiлдету, сақтау және жеделдету;
      c) бала асырап алу және өз мемлекеттерiнде бала асырап алуды жүзеге асырғаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтер мәселелерi бойынша консультация алуды дамытуға жәрдемдесу;
      d) баланы шетелдiк асырап алу тәжiрибесi туралы жалпы бағалау баяндамаларымен бiрiн бiрi қамтамасыз ету;
      e) басқа да орталық немесе мемлекеттiк билiк орындарының бала асырап алу аясындағы нақты жағдай туралы ақпарат беру туралы негiзделген өтiнiштерiне олардың мемлекеттерiнiң рұқсат етуiне қарай жауап беру үшiн барлық тиiстi шараларды қабылдайды.

10-бап

      Оларға қойылған мiндеттердi бiлiктi әрi тиiстi түрде орындай алатын ұйымдарға ғана уәкiлеттiктер берiлуi мүмкiн.



11-бап

      Уәкiлеттi ұйым:


      a) пайда алумен байланысты емес мақсаттарды, оған уәкiлеттiк берген мемлекеттiң құзыреттi билiк орындары белгiлеген осындай шарттар мен осындай шектерде орындайды;
      b) баланы шетелдiк асырап алу саласындағы жұмысқа арналған этикалық стандарттарға, оқыту мен тәжiрибе жинақтауға сәйкес даярланған персоналды басқарады және жинақтайды; және
      c) осы мемлекеттiң құзыреттi билiк орындары тарабынан өз құрамына, қызметi мен қаржы жағдайына Қатысты бақылануы тиiс.

12-бап

      Егер екi мемлекеттiң құзыреттi билiк орындары осыған уәкiлеттiк берсе ғана, бiр Уағдаласушы мемлекетте уәкiлеттiк берiлген ұйым өз функцияларын басқа Уағдаласушы мемлекетте орындай алады.



13-бап

      Орталық билiк орындарының атаулары және бұл қажет болған жерде, олардың функцияларының көлемi, сондай-ақ уәкiлеттi билiк орындарының атаулары мен мекен-жайларын әрбiр Уағдаласушы мемлекет Халықаралық жеке құқық жөнiндегi Гаага конференциясының Тұрақты бюросына хабарлайды.



IV тарау. БАЛАНЫ ШЕТЕЛДIК АСЫРАП АЛУ КЕЗIНДЕ
ҚОЙЫЛАТЫН РӘСIМДIК ТАЛАПТАР

14-бап

      Басқа Уағдаласушы мемлекетте тұрақты тұрып жатқан баланы асырап алуға тiлек бiлдiрген, Уағдаласушы мемлекетте тұрақты тұрып жатқан адамдар өздерi тұрақты тұрып жатқан мемлекеттiң орталық билiк орына өтiнiш жасайды.



15-бап

      1. Егер қабылдаушы мемлекеттiң орталық билiк орыны өтiнiш берушiлер бала асырап алуға құқылы әрi лайықты деп кәмiл сенiм бiлдiрсе, олардың жеке басы, құқықтары мен бала асырап алуды жүзеге асыруға жарамдылығы, өмiрбаяндық деректерiн, медициналық карта мен отбасының тарихын, әлеуметтiк ортасын, бала асырап алу себептерiн, баланы шетелдiк асырап алуға қабiлеттiлiгiн, сондай-ақ олар қамқорлық жасауы тиiс балалардың мiнездемесi қамтылған баяндама дайындайды.


      2. Ол баяндаманы шығу тегi мемлекетiне тапсырады.

16-бап

      1. Егер шығу тегi мемлекетiнiң орталық билiк орыны баланы асырап алуға болатынына кәмiл сенiм бiлдiрсе, онда ол:


      a) баланың отбасының медициналық картасын қоса алғанда, оның жеке басы, баланың асырап алыну мүмкiндiгi, өмiрбаяндық деректерi, әлеуметтiк ортасы, отбасының тарихы, медициналық картасы мен баланың кез келген ерекше талаптары туралы ақпарат қамтылған баяндама дайындайды;
      b) баланың тәрбиесi мен оның этникалық, дiни және мәдени байланыстары мен ортасын тиiстi түрде ескередi;
      c) 4-бапқа сәйкес оның келiсiмi алынуын қамтамасыз етедi; және
      d) атап айтқанда, бала мен бала асырап алуды жүзеге асырушы болжамды ата-анаға қатысты баяндамалар негiзiнде көзделген баланы беру баланың мүдделерiне неғұрлым сай келетiн, келмейтiнiн анықтайды.
      2. Ол бала туралы, қажеттi келiсiм алынғанының дәлелдерiн және егер шығу тегi елiнде олар ашылмауы тиiс болса, ата-ананың жеке басын ашып көрсетпей көшу ниетiнiң себептерi туралы өз баяндамасын қабылдаушы мемлекеттiң орталық органына тапсырады.

17-бап

      Егер:


      a) осы мемлекеттiң орталық органы қабылдап алушы ата-ананың келiсiмiн қамтамасыз еткен;
      b) осындай мақұлдау осы мемлекеттiң заңы немесе шығу тегi мемлекетi орталық органының шешiммен талап етiлсе, қабылдаушы мемлекеттiң орталық органы осындай шешiмдi мақұлдаған;
      c) екi мемлекеттiң де орталық органдары бала асырап алуға болатынына келiсiм берсе; және
      d) қабылдаушы мемлекет 5-бапқа сәйкес болжамды баланы қабылдап алушы ата-ана баланы асырап алуға құқылы әрi лайықты және қабылдаушы мемлекетке баланың кiруiне әрi онда тұрақты тұруына рұқсат етiледi немесе рұқсат етiлетiн болады деп анықтаған жағдайларда шығу тегi мемлекетiнде бала болжамды қабылдап алушы ата-анаға сенiп тапсырылуы тиiстiгi туралы кез келген шешiм қабылдануы мүмкiн

18-бап

      Екi мемлекеттiң де орталық органдары балаға шығу тегi мемлекетiнен кету және қабылдаушы мемлекетке келу әрi тұрақты тұру үшiн рұқсат алуға қажеттi барлық қадамдар жасайды.



19-бап

      1. Егер 17-баптың талаптары толық орындалса ғана, баланы қабылдаушы мемлекетке беру жүзеге асырылуы мүмкiн.


      2. Екi мемлекеттiң де орталық органдары осындай беру қауiпсiз әрi тиiстi жағдайда және егер мүмкiн болса, қабылдап алушы немесе болжамды қабылдап алушы ата-анасының бiрге жүруiмен жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi.
      3. Егер бала берiлмесе, онда 15 және 16-баптарда айтылған баяндамалар баяндамаларды дайындаған органдарға керi қайтарылуы тиiс.

20-бап

      Орталық органдар бiр-бiрiн бала асырап алу процесi мен оны аяқтау үшiн қабылданған шешiмдер туралы, сондай-ақ егер сынау мерзiмi талап етiлсе, орналастыру процесiнiң барысы туралы хабардар етедi.



21-бап

      1. Қабылдаушы мемлекетке баланы бергеннен кейiн бала асырап алу орын алған және осы мемлекеттiң орталық органы баланың болжамды ата-анада болуы оның мүдделерiне неғұрлым сай емес екенiн анықтаған жағдайда, осындай орталық орган баланы қорғау үшiн қажеттi шаралар қабылдайды, атап айтқанда:


      a) баланы болжамды ата-анадан қайтарып алады және балаға уақытша қорғаншылық жасалуын ұйымдастырады;
      b) шығу тегi мемлекетiнiң орталық органымен консультациядан кейiн баланы асырап алу мақсатында оны жаңадан орналастыруды кешiктiрмей ұйымдастырады немесе бұл қолайсыз болса, баламалы ұзақ мерзiмдi қорғаншылықты ұйымдастырады; шығу тегi мемлекетiнiң орталық органы жаңа болжамды қабылдап алушы ата-ана туралы тиiстi түрде хабардар етiлгенге дейiн бала асырап алу орын алмайды;
      c) егер оның мүдделерi соны талап етсе, соңғы амал ретiнде баланы қайтаруды ұйымдастырады.
      2. Баланың жасы мен естиярлығына қарай онымен консультация жасалады және бұл қажет болса, осы бапқа сәйкес қабылданатын шараларға қатысты оның келiсiмi алынады.

22-бап

      1. Осы тарауға сәйкес орталық органның функцияларын мемлекеттiк билiк орындары немесе уәкiлеттi ұйымдар III тарауға сәйкес оның мемлекетiнiң заңдары бойынша рұқсат етiлетiн көлемде жүзеге асыруы мүмкiн.


      2. Кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенцияның депозитарийiне 15-21-баптар бойынша орталық органның функцияларын осы мемлекетте, заңда белгiленген көлемде және осы мемлекеттiң құзыреттi билiк орындарының бақылауын, сондай-ақ:
      a) адалдық, кәсiби бiлiктiлiк, тәжiрибелiлiк пен осы мемлекет алдында есеп беруi талаптарына сай және
      b) баланы шетелдiк асырап алу үшiн этикалық қасиетi, бiлiмi немесе жұмыс тәжiрибесi бар ұйымдар немесе тұлғалар орындай алады деп мәлiмдеуi мүмкiн.
      3. 2-тармақта көзделген мәлiмдеменi жасаған Уағдаласушы мемлекет осы ұйымдар мен тұлғалардың атауларын және мекен-жайлары туралы Халықаралық жеке құқық жөнiндегi Гаага конференциясының Тұрақты бюросына хабарлайды.
      4. Кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенцияның депозитарийiне егер орталық органдардың функциялары 1-тармаққа сәйкес орындалған жағдайда ғана оның аумағында тұрақты тұрып жатқан баланы асырап алуға болады деп мәлiмдей алады.
      5. 2-тармаққа сәйкес жасалған кез келген мәлiмдемеге қарамастан, кез келген жағдайда 15 және 16-баптарда көзделген баяндамалар 1-тармаққа сәйкес орталық органның немесе басқа да билiк орындарының немесе ұйымдардың басшылығымен дайындалады.

V тарау. БАЛА АСЫРАП АЛУДЫ ТАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЛАРЫ

23-бап

      1. Конвенцияға сәйкес бала асырап алу жүргiзiлген мемлекеттiң құзыреттi билiк орны ресiмдеген бала асырап алу басқа да Уағдаласушы мемлекеттiң заңы деп танылады. Куәландырылған куәлiк 17-бап «с» тармақшасы бойынша келiсiм қашан берiлдi және оны кем бергенiн нақтылайды.


      2. Әрбiр Уағдаласушы мемлекет оған қол қою, бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезiнде Конвенцияның дипозитарийiн осы мемлекетке куәлiк беруге құқылы орган немесе билiк орындарының атаулары мен функциялары туралы хабардар етедi. Сондай-ақ ол депозитарийдi осы органдардың кез келген өзгерiстерi мен атаулары туралы хабардар етедi.

24-бап

      Егер баланың мүдделерiн неғұрлым назарға ала отырып, бала асырап алу оның мемлекеттiк саясатына көпе-көрiнеу қайшы келген жағдайда ғана Уағдаласушы мемлекетте бала асырап алуды танудан бас тартылуы мүмкiн.



25-бап

      Кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенцияның депозитарийiне 39-баптың 2-тармағы негiзiнде жасалған келiсiмге сәйкес жүзеге асырылған бала асырап алу тұрғысында оны осы Конвенцияның ережелерiмен байланыстыруға болмайды деп мәлiмдей алады.



26-бап

      1. Бала асырап алуды тану мыналарды:


      а) бала мен оны қабылдап алушы ата-ана арасындағы өзара құқықтық қатынастарды;
      b) қабылдап алушы ата-ананың бала үшiн жауапкершiлiгiн;
      c) егер ол орын алған Уағдаласушы мемлекетте бала асырап алудың осындай салдарлары болса, бала мен оның анасы және әкесi арасында бұрын орын алған құқықтық қатынастардың тоқтатылуын тануды қамтиды.
      2. Егер бала асырап алу бала мен оның анасы және әкесi арасында бұрын орын алған құқықтық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соқтырса, бала қабылдаушы мемлекетте және бала асырап алу танылған кез келген Уағдаласушы мемлекетте осындай әрбiр мемлекетте осындай салдарлар орын алатын бала асырап алудан туындайтын осындай құқықтарға ие болады.
      3. Алдыңғы тармақтар асырап алу танылған Уағдаласушы мемлекетте қолданылатын бала үшiн неғұрлым қолайлы кез келген ереженiң қолданылуына кедергi жасамайды.

27-бап

      1. Шығу тегi мемлекетiнде рұқсат етiлген бала асырап алу бала мен оның анасы және әкесi арасында бұрын орын алған құқықтық қатынастардың тоқтатылуының салдарлары жоқ жерде, ол конвенцияға сәйкес бала асырап алуды танитын қабылдаушы мемлекетте, мынадай жағдайларда:


      a) егер қабылдаушы мемлекеттiң заңы осыған рұқсат етсе;
      b) егер 4-тармақтың «с» және «d» тармақтарында аталған келiсiм осындай бала асырап алу мақсаттары үшiн алынса немесе алынатын болса, осындай салдарлары бар бала асырап алуға айналуы мүмкiн.
      2. 23-бап бала асырап алудың салдарларын өзгерту туралы шешiмге қатысты қолданылады.

VI тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

28-бап

      Осы мемлекеттiң шегiнде тұрақты тұратын баланы асырап алу осы мемлекетте жүргiзiлсiн деп талап қойған немесе оны асырап алуға дейiн баланы қабылдаушы мемлекетке орналастыруға немесе беруге тыйым салған шығу тегi мемлекетiнiң кез келген заңын әсер етпейдi.



29-бап

      Егер бала асырап алу отбасы шегiнде жүрмесе немесе осындай байланыс шығу тегi мемлекетiнiң құзыреттi билiк орыны белгiлеген шарттарға сай келсе, 4-баптың «а»-«с» тармақтарының, 5-баптың «а» тармағының талаптары орындалғанға дейiн болжамды қабылдап алушы ата-ана мен баланың ата-анасы немесе кез келген басқа да балаға қамқорлық жасаған адам арасында байланыстар жүзеге асырылмауы тиiс.



30-бап

      1. Уағдаласушы мемлекеттiң құзыреттi билiк орындары баланың шығу тегiне қатысты олардың қолда бар ақпараттың, атап айтқанда оның ата-анасына қатысты ақпараттың, сондай-ақ медициналық картасы ашылмауын қамтамасыз етедi.


      2. Олар баланың немесе оның өкiлдерiнiң осындай ақпаратқа тиiстi басшылық етумен осындай мемлекеттiң заңында қаншалықты рұқсат етiлуiне қарай қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.

31-бап

      30-бапқа нұқсан тигiзбейтiн, Конвенция бойынша жиналған немесе берiлген жеке сипаттағы мәлiметтер, әсiресе 15 және 16-баптарда көрсетiлген мәлiметтер тек қана олар жиналған немесе берiлген мақсатта пайдаланылады.



32-бап

      1. Баланы шетелдiк асырап алуға қатысты қызметтен ешкiм де орынсыз қаржылық немесе басқа да пайда алмауы тиiс.


      2. Бала асырап алу процесiне тартылған тұлғаларға көңiлге қонымды кәсiби қаламақыларды қоса алғанда, тек шығыстар мен шығындар ғана белгiленуi немесе төленуi мүмкiн.
      3. Бала асырап алу процесiне тартылған органдардың басшылары, әкiмшiлерi мен қызметшiлерi көрсетiлген қызметтер құнынан жоғары негiзделмеген сыйақы алмайды.

33-бап

      Конвенцияның әлде бiр ережесi сақталмауда немесе сақталмау қаупi орын алғанын байқаған құзыреттi билiк орын дереу өз мемлекетiнiң орталық билiк орыны хабардар етедi. Бұл орталық билiк орыны тиiстi шаралар қабылдануын қамтамасыз етуге жауапты болып табылады.



34-бап

      Егер құжатты алатын мемлекеттiң құзыреттi органы талап етсе, онда оған құжаттың түпнұсқасына сай куәландырылған аудармасы тапсырылуы тиiс.


      Егер өзгеше көзделмесе, осындай аударма үшiн шығыстар болжамды ата-ананға жүктеледi.

35-бап

      Уағдаласушы мемлекеттердiң құзыреттi органдары бала асырап алу процесiн жылдам жүргiзуi тиiс.



36-бап

      Бала асырап алуға қатысты әртүрлi аумақтық бiрлiктерде қолданылатын екi немесе одан да көп құқық жүйесi бар мемлекетке қатысты:


      a) осы мемлекеттегi тұрақты тұру орнына кез келген сiлтеме жасау осы мемлекеттiң аумақтық бiрлiгiндегi тұрақты тұру жерiне қатысты деп түсiндiрiледi;
      b) осы мемлекеттiң заңына кез келген сiлтеме жасау тиiстi аумақтық бiрлiкiң қолданыстағы заңына қатысты деп түсiндiрiледi;
      c) осы мемлекеттiң құзыреттi билiк орындарына немесе мемлекеттiк билiк орындарына жасалған кез келген сiлтеме тиiстi аумақтық бiрлiкте iс-әрекет жасауға уәкiлеттi билiк орындары деп түсiндiрiледi;
      d) осы мемлекеттiң уәкiлеттi органдарына кез келген сiлтеме жасау тиiстi аумақтық бiрлiктiң уәкiлеттi органдарына қатысты деп түсiндiрiледi.

37-бап

      Бала асырап алуда әртүрлi санаттағы тұлғалардың қатынастарын реттеуде қолданылатын екi немесе одан да көп құқық жүйесi бар мемлекетке қатысты осы мемлекеттiң құқығына кез келген сiлтеме жасау осы мемлекеттiң аталған заңымен көрсетiлген құқық жүйесiне қатысты деп түсiндiрiледi



38-бап

      Егер құқық жүйесi бiрыңғай мемлекет осыны iстеуге мiндеттi болмаса, оның шегiндегi бала асырап алуға қатысты өздерiнiң өзiндiк құқықтық нормалары бар әртүрлi аумақтар бар мемлекет Конвенцияның ережелерiн қолдануға мiндеттi емес.



39-бап

      1. Егер осындай құжатқа қатысушы мемлекеттер керi сипаттағы мәлiмдеме жасамаса, Конвенция Уағдаласушы мемлекеттер қатысушысы болып табылатын және Конвенция реттейтiн мәселелер бойынша ережелер қамтылған қандай да бiр халықаралық құжаттарына Конвенция әсер етпейдi.


      2. Олардың өзара қатынастарында Конвенцияны неғұрлым жақсы қолдану мақсатында кез келген Уағдаласушы мемлекет бiр немесе одан да көп Уағдаласушы мемлекеттермен келiсiм жасай алады. Бұл келiсiмдер тек 14-16 және 18-21-баптардың ережелерiнен ғана ауытқи алады. Осындай келiсiмдер жасаған мемлекеттер оның көшiрмесiн Конвенцияның депозитарийiне бередi.

40-бап

      Конвенцияға ешқандай ескертпе жасауға жол берiлмейдi.



41-бап

      Конвенция қабылдаушы мемлекетте және шығу тегi мемлекетiнде күшiне енгеннен кейiн 14-бапта көзделген өтiнiш алынған әрбiр жағдайда Конвенция қолданылады.


      Халықаралық жеке құқық жөнiндегi Гаага конференциясының Бас хатшысы Конвенцияның практикада қолданылуын қарау үшiн тұрақты түрде Арнайы комиссияны шақырады.

VII тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

43-бап

      1. Оның он жетiншi сессиясында Халықаралық жеке құқық жөнiндегi Гаага конференциясының мүшелерi болып табылған және осы сессияға қатысқан басқа да мемлекеттердiң қол қоюы үшiн Конвенция ашық.


      2. Ол бекiтiлуi, қабылдануы немесе мақұлдануы тиiс және бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттар Конвенцияның депозитарий болып табылатын Нидерланды Корольдiгiнiң Сыртқы iстер министрлiгiне сақтауға тапсырылуы тиiс.

44-бап

      1. 46-баптың 1-тармағына сәйкес ол күшiне енгеннен кейiн кез келген мемлекет Конвенцияға қосыла алады.


      2. Қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады.
      3. Осындай қосылу тек қосылушы мемлекет пен 48 баптың «b» тармағында аталған хабарлама алынғаннан кейiн алты ай iшiнде оның қосылуына қарсылық бiлдiрмеген Уағдаласушы мемлекеттер арасында ғана қолданылатын болады. Қосылғаннан кейiн Конвенцияны бекiту, қабылдау немесе мақұлдау кезiнде де осындай қарсылықты мемлекеттер ұсына алады. Депозитарий осындай кез келген қарсылық туралы хабардар етiлуi тиiс.

45-бап

      1. Егер мемлекетте Конвенцияда қаралатын мәселелерге қатысты әртүрлi құқық жүйесi қолданылатын бiр немесе одан да көп аумақтық бiрлiк болса, онда ол қол қою, бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезiнде осы Конвенция оның бүкiл аумақтық бiрлiктерiнде немесе бiреуiнде немесе бiрнешеуiнде қолданылады деп мәлiмдей алады және кез келген уақытта басқа мәлiмдеме берiп, осы мәлiмдеменi өзгерте алады.


      2. Кез келген осындай мәлiмдеме туралы депозитарий хабардар етiлуi тиiс және онда Конвенцияға қосылатын аумақтық бiрлiктер дәл көрсетiлуi тиiс.
      3. Егер мемлекет осы бапқа сәйкес мәлiмдеме жасамаса, онда Конвенция осы мемлекеттiң бүкiл аумақтық бiрлiктерiне қолданылады.

46-бап

      1. 43-бапта көрсетiлген бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы үшiншi құжат сақтауға тапсырылған соң үш ай өткеннен кейiнгi айдың бiрiншi күнi Конвенция күшiне енедi.


      2. Кейiн Конвенция:
      a) оны бекiтетiн, қабылдайтын немесе мақұлдайтын немесе оған қосылатын әрбiр мемлекет үшiн бекiту, қабылдау немесе мақұлдау немесе қосылу туралы оның құжаты сақтауға тапсырылған соң үш ай өткеннен кейiнгi айдың бiрiншi күнi;
      b) 45-бапқа сәйкес оларға Конвенция қолданылатын аумақтық бiрлiк үшiн осы бапта көрсетiлген хабарлама жасалғаннан кейiн үш ай өткеннен кейiнгi айдың бiрiншi күнi күшiне енедi.

47-бап

      1. Кез келген мемлекет - Конвенцияға қатысушы депозитарийге жазбаша нысанда хабарлама жiберу жолымен оның күшiн жоя алады.


      2. Депозитарий хабарламаны алғаннан кейiнгi он екi ай өткеннен кейiнгi айдың бiрiншi күнi күшiн жою күшiне енедi. Хабарламада күшiн жою күшiне енуi үшiн неғұрлым ұзақ кезең көрсетiлген кезде, күшiн жою депозитарий хабарламаны алғаннан кейiн осындай күшiн жоюдың неғұрлым ұзақ кезеңi өткеннен кейiн күшiне енедi.

48-бап

      Депозитарий Халықаралық жеке құқық жөнiндегi Гаага конференциясының мүшелерi мемлекеттердi, оның он жетiншi сессиясына қатысқан басқа да мемлекеттердi және 44-бапқа сәйкес оған қосылған мемлекеттердi, мыналар:


      a) 43-бапта аталған қол қою, бекiту, қабылдау және мақұлдау туралы;
      b) 44-бапта аталған қосылу және қосылуға байланысты қарсылықтар туралы;
      с) 46-бапқа сәйкес Конвенцияның күшiне ену күнi туралы;
      d) 22, 23, 25 және 45-баптарда аталған мәлiмдемелер мен тағайындаулар туралы;
      е) 39-бапта аталған келiсiмдер туралы;
      f) 47-бапта аталған күшiн жоюлар туралы хабардар етедi.
      Осыны куәландыру үшiн тиiстi түрде уәкiлеттiк берiлген, төменде қол қойғандар осы Конвенцияға қол қойды.
      1993 жылғы 29 мамырда Гаагада ағылшын және француз тiлдерiнде бiр данада жасалды, оның үстiне екi мәтiннiң дәлдiгi бiрдей болып табылады, ол Нидерланды Корольдiгi Үкiметiнiң мұрағатында сақтауға тапсырылады. Оның куәландырылған көшiрмелерi дипломатиялық арналар арқылы әрбiр мемлекетке - оның он жетiншi сессиясы өткiзiлген күнге Халықаралық жеке құқық жөнiндегi Гаага конференциясының мүшелерiне және осы сессияға қатысқан әрбiр басқа да мемлекетке жiберiледi.

Албания Республикасы үшiн
(қолы) Энджил БЕГАЛЛА
12-09-00

Федеративтiк Герания Республикасы үшiн
(қолы) Е.ФОН ПУТТКАМЕР
7-11-97

Америка Құрама Штаттары үшiн
(қолы) К.ТЕРРИ ДОРНБУШ
3-31-94

Аргентина Республикасы үшiн

Австралия үшiн
(қолы) Е.Ф.ДЕЛОФСКИ - бекiтiлуi тиiс
25-8-98

Австрия Республикасы үшiн
(қолы) АЛЕКСАНДР КРИСТИАНИ
18-12-98

Беларусь Республикасы үшiн
(қолы) В.ЛАБУНОВ
10-12-97

Бельгия Корольдiгi үшiн
27.01.99
(қолы) ДЖОАН СВИННЕН, Бельгия Елшiсi

Бұл қойылған қол Француз қоғамдастығын және Герман тiлдi
қоғамдастықты да мiндеттейдi
(қолы) ДЖОЕЗ АЕЛВОЕТ, Фламанд қоғамдастығының атташесi

Бенин Республикасы үшiн

Боливия Республикасы үшiн
(қолы) Кармина МАНРИК ДЕ САМАРЛИНИ
10-11-2000

Бразилия Республикасы үшiн
(қолы) АЛЬФОНСО АРИНОС ДЕ МЕЛЛО-ФРАНКО

Болгария Республикасы үшiн КАМЕНВЕЛИЧКОВ
Бекiтiлуге тиiс 2001 жылғы 27 ақпан

Буркина Фасо үшiн
(қолы) САЛИФО РИГОБЕРТ КОНГО
1994 жылғы 19 сәуiр

Канада үшiн
(қолы) МАЙКЛ Р.БЕЛ
1994 жылғы 12 сәуiр

Чили Республикасы үшiн
(қолы) ЛЬЮИС Г.ПАСКАЛЬ
13.7.99

Қытай Халық Республикасы үшiн
(қолы) ХУА ЛИМИНГ
2000 жылғы 30 қараша

Кипр Республикасы үшiн
(қолы) Н.АГАТ ОКЛЕУС
1994 жылғы 17 қараша

Коломбо Республикасы үшiн
(қолы) А.ВИЛЛАМИЗАР
1993 жылғы 1 қыркүйек

Корея Республикасы үшiн

Коста Рика Республикасы үшiн
(қолы) АЛЬФОНСИНА С.ДЕ ЧАВАРРИА

Дания Корольдiгi үшiн
(қолы) ДЖАКОБ РИТТЕР
1997 жылғы 2 шiлде

Египет Араб Республикасы үшiн

Эль Сальвадор Республикасы үшiн
(қолы) ДЖОАКИН РОДЕЗНО
1996 жылғы 21 қараша

Эквадор Республикасы үшiн
(қолы) АБЕЛАРДО ПОССО СЕРРАНО
1994 жылғы 3 мамыр

Испания Республикасы үшiн
(қолы) Р.ПАСТОР РИДРУДЖО
27-3-95

Финляндия Республикасы үшiн
(қолы) РИТВА КОУККО-РОНДЕ
1994 жылғы 19 сәуiр

Француз Республикасы үшiн
(қолы) Д.БЕРНАРД
1995 жылғы 5 сәуiр

Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама корольдiгi үшiн
(қолы) Р.Р. ФЛАУЭР
1994 жылғы 12 қаңтар

Гаити Республикасы үшiн

Грек Республикасы үшiн

Гондурас Республикасы үшiн

Венгрия Республикасы үшiн

Үндiстан Республикасы үшiн
(қолы) С.Б. ГОСВИК
09-1-03

Индонезия Республикасы үшiн

Ирландия Республикасы үшiн
(қолы) ДЖОН СВИФТ
1996 жылғы 19 маусым

Израиль Мемлекетi үшiн
(қолы) М.БАВЛИ
2.11.93

Итальян Республикасы үшiн
(қолы) Р.ТАЛЛАРИГО
1995 жылғы 11 желтоқсан

Жапония үшiн

Кения Республикасы үшiн

Латвия Республикасы үшiн
(қолы) К.АЙЕНБАУМС
29.05.2002

Ливан Республикасы үшiн

Люксембург Ұлы Герцогтыгы үшiн
(қолы) Х. ВУРТ
6-6-95

Мадагаскар Республикасы үшiн
(қолы) ДЖИН ОМАР БЕРЕЗИКИ
12-05-2004

Маврикий Республикасы үшiн

Мексика Құрама Штаттары үшiн
(қолы) ДЖ.Л.СИКВЕЙРОС

Непал Корольдiгi үшiн

Норвегия Корольдiгi үшiн
(қолы) А.Л.ЛАНГЕЛАНД
20-5-1996

Панама Республикасы үшiн
(қолы) ЕЛЕНА БАРЛЕТТА ДЕ НОТТЕНБОМ
15.06.99

Нидерланды Корольдiгi үшiн
(қолы) П.Х. КООИЙМАНС
5.12.93

Перу Республикасы үшiн
(қолы) Дж. КОЛУНГ ВИЛЛАКОРТА
16 қараша, 94

Филиппины Республикасы үшiн
(қолы) Р.С.САНЧЕС

Польша Республикасы үшiн
(қолы) С.КОМОРОВСКИ
12.06.95

Португал Республикасы үшiн
(қолы) ГОНСАЛО АЙРЕС ДЕ САНТА КЛАРА ГОМЕС
26 тамыз 99

Румыния үшiн
(қолы) ЯНМ.АНГХЕЛЬ

Ресей Федерациясы үшiн
(қолы) А.Г.ХОДАКОВ
2000 жылғы 7 қыркүйек

Ватикан үшiн

Сенегал Республикасы үшiн

Словак Республикасы үшiн
(қолы) ЯН КАРНОГУРСКИ
1999 ж. 1 маусым

Словения Республикасы үшiн
(қолы) БОРИС ФРЛЕК
2002 жылғы 24 қаңтар

Шри-Ланка Демократиялық Социалистiк Республикасы үшiн
(қолы) П.Г.КАРУНАЗИРИ
1994 жылғы 24 мамыр

Швеция Корольдiгi үшiн
(қолы) С.БЛОМСТРАНД
1996-10-10

Швейцария Конфедерациясы үшiн
(қолы) А.РЕГГ
1995 жылғы 16 қаңтар

Суринам Республикасы үшiн

Чех Республикасы үшiн
Х.БАМБАСОВА
1999 ж. 1 желтоқсан

Тайланд Корольдiгi үшiн
(қолы) Т.ДУАНГРАТАНА
29-04-04

Түркия Республикасы үшiн
(қолы) АЙДАНКАРАХАН
5-12-01

Уругвай Республикасы үшiн
(қолы) ХУАН АНДРЕС ПАЧЕХО
1993 ж. 1 қыркүйек

Венесуэла Республикасы үшiн
(қолы) С.Е.НОНЕС
10-1-97

Вьетнам Социалистiк Республикасы үшiн

Түпнұсқадан куәландырылған


дұрыс көшiрмесi           

Нидерланды Корольдiгi     


Сыртқы iстер министрлiгi  
Конвенциялар бөлiмiнiң    
басшысы үшiн              

қолы                      



      Осы мәтiн қазақ тiлiнiң ағылшын тiлiнен аударылған нақты аудармасы болып табылатынын куәландырамыз.

      Вице-министр                                    А. Әбдiмомынов
Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files -> Zakony
Zakony -> «Балалар ауылындағы отбасы туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы №1613 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Zakony -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының
Zakony -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №386 қаулысы
Zakony -> 2012 жылғы 30 наурыздағы №382 қаулысы Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Zakony -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №406 қаулысы Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы
Zakony -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наруыздағы №383 қаулысы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет