Балалардың психологиялық денсаулығын жетілдіруде қолданылатын тренингтік ойындар. «Қандай кейіп?»



Дата20.10.2023
өлшемі17.08 Kb.
#481187
Психология сож3


Балалардың психологиялық денсаулығын жетілдіруде қолданылатын тренингтік ойындар.


  1. «Қандай кейіп?».

Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтың сезімін төмендету.
Мұғалім ахуал тізімін таратып береді. Бір бала оқушылардың қандай кейіпте қатып тұрып қалғанын шешу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды теңіз екі, толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы (ахуал тізімін қара), орныңда қатып тұрып қал». Ахуалдар тізімі: қуаныш, ыза, үрей, мейірім, қызығушылық, ұялшақтық, жетістік. Осындай тренингтер өткізілсе, балалардың бойындағы ұялшақтық мінездері төмендеп, көп көмек болары анық. Ондай балалар мұғалімнің назарында үнемі болуы керек.


  1. «Сенің есімін» жаттығуы.

Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.
Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады.
Мысалы: Назерке
Н-нәзік
А-ақылды
З-зейінді
Е-ерке
Р-разы
К-көңілді
Е-еңбекқор
Жағымды сөздерді жазғаннан кейін барлығы оқып шығады.


  1. Жаттығу «Футболкадағы қолтаңба»

Мақсаты: Өзін өзі құрметтеу, өзі туралы ойын дамыту
Қатысушыларға парақ таратылады, оған өз футболкаларына қандай жазу жазатындары туралы жазу керектігі айтылады. Ол жазу адамның бір нәрсеге бейімділігі туралы айтылатындай – олардың немен айналысатынын, ойындарын, әлемге қатысын және т.с.с білдіруі керек. Бірнеше қол таңба ойлауға да болады. Жұмысқа 5-10 минут беріледі. Осыдан кейін қатысушылар өздерінің қол таңбалары туралы әңгімелейді.
Жаттығуды талдау.
Осы қол таңбалар не туралы айтады. Өзіміз туралы өзге адамдарға не айтқымыз келеді? Бәрінен де ұнайтын қолтаңба қандай? Өзіңнің қол таңбаң ұнай ма? Оны өзгерткің келе ме? Әр түрлі қатысуға қандай қол таңба ойлауға болады?


Сөздікпен жұмыс:


1. 7 жас дағдарысы- мектеп жасы 7-13 жас. Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезеңдері сияқты, психикалық дамуында дағдарысқа немесе күрт өзгерістерге ұшырап отыратындығы ғылыми əдебиеттерде баяндалған. Мұндай өзгеріс баланың жеті жастағы дағдарысы деп те ата- лады. Осы кезеңде баланың ақыл-ойының өсуіне орай қауырт өзгерістерге ұшырап, тəрбиесі жөнінен де бұрынғы уақытқа қарағанда, неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те атау қиын. Өйткені ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді.
2. Интроспекция әдісі- өз психикасын басқаратын заңдылықтарды ашу барысындағы бақылау. Дуалистік философияда интроспекция негізгі философиялық методология болып саналады. Интроспекцияға Т. Гоббс, Д. Локк, Д. Беркли, Д. Юма, Д. Миль т.б. экспериментті психологияның негізін салушылар үлес қосты, соның ішінде В. Вунд көп мән берді.
3. Танымдық үрдістер- психикалық үрдістердің мына түрлері болады: Танымдық, Эмоцианалды, Еріктік. Танымдық үрдістің түрлері: Зейін, Ойлау, Қабылдау, Танымдық, Үрдістер, Түйсік, Сөйлеу, Қиял, Ес.
4.Рефлексия- Рефлексия (лат. reflexio - кейінге қаралу, назар аудару) - бұл дегеніміз субъектің өзіне және өзінің санасына назар аударуды, атап айтқанда, өзінің жеке белсенді өнімдеріне, және соның барлығына кішкене де болса қайта қарастыруды білдіреді. Психологияда, рефлексияны карастыруда топ жаргандардың бірі А. Буземан (1925—1926 ж.). Осы кісінің тсүндіруі бойынша, рефлексия - «сыртқы әлеммен кез келген тәжірибені өзіне аудару».
5. Ойлау операцияларының түрлері- Объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау операциялары
- Салыстыру- шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция.
- Анализ- ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Осылай бөлу арқылы анализ заттың қасиеттерін, түсін, формасын, процестің жылдамдығын және т.б. білуге мүмкіндік береді.
- Синтез- ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету.
6. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи дамуының социогенетикалық заңы- социогенетикалық теорияның жақтаушылары қоғамның құрлымына байланысты жас ерекшеліктерін, әлеуметтанудың тәсілдерін, баланың басқа адамдармен байланысын түсіндірмекші болды. . Қабылданған эмоциялар мен ойлар баланың жаны қызметінің сипатын анықтайды. Бала даму барысында жинақталған адам тәжірибесін, салт-дәстүрлерді игеруі керек.
7. «Жақын даму аймағы» теориясы-Ұсынылып отырған бағдарлама көрнекті орыс психолог-ғалымы Лев Семенович Выготскийдің психология ғылымында ерекше орын алатын теориясының негізінде жасалған. Теория бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні - баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыруды, үнемі оның табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет