Жеке тұлғаның әлеумет – тенуі
Әлеуметтену кезеңдері
(еңбекке дейінгі, еңбектік және еңбектен кейінгі)
Әлеуметтік институттар
(отбасы, мектеп, әр түрлі мекемелер және т.б.)
1 сурет. Әлеуметтену құрылымында диалогтық қарым – қатынастың орны
1 суреттегі схемаға байланысты диалогтық ауызша сөйлеу тілі әлеуметтену құрылымының барлық компоненттерінде кездесетінін көруге болады.
Психофизикалық дамуында ауытқуы бар тұлғалар үшін де диалог – әлеуметтенудің маңызды бір құрылымы болып табылады.
Есту қабілеті зақымдалған адамдардың еститін адамдармен ауызша қарым – қатынасы және өзара әрекеттесулері өте маңызды мәселе болып табылады. Л. С. Выготский: «...көрмейтін және естімейтін тұлға белсенді өмір сүруге дайын...» деген. Бірақ қандай да болмасын дене кемістігі баланы өмірге деген қатынасын өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар сол баланың әлеуметтенуіне, қоршаған орта адамдарымен қатынасына да әсерін тигізеді.
Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларды интеграциялау мәселелерін көптеген зерттеушілердің (И. М. Гилевич, Н. Н. Малофеев, Э. В. Миронов, Н. М. Назарова, Е. Г. Речицкая, Л. И. Тигранова, Л. М. Шипицын, Н. Д. Шматко және т.б.) жұмыстарында көруге болаады.
Есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың қоршаған ортамен барлық қатынасы еститін тұлғалармен салыстырғанда өзгеше жүреді. Л. С. Выготскийдің пікірінше: «...көрмейтін және естімейтін бала үшін көрмеу немесе естімеу қалыпты жағдай болып табылады». Біз құрастырған схемаға (1 сурет) қарай отырып және жеке тұлғаның әлеуметтенуі үшін дилогтың маңызды рөлін ескере отырып, есту қабілеті зақымдалған баланың ауызша сөйлеу тілінің дамымауы әлеуметтік мінез – құлыққа толығымен әсерін тигізетінін көруге болады. Жеке қарым – қатынас тәжірибесі болмағандықтан, есту қабілеті зақымдалған бала оның күйін асқындыратын жабық кеңістікте қалып қояды.
Л. С. Выготский өз еңбектерінде: «Қандай да болмсын физикалық жетіспеушілік, естімеушілік немесе көрмеушілік – тек баланы қоршаған ортаға деген қатынасын өзгертіп қана қоймай, сонымен бірге оның әлеуметтік дамуына кері әсерін тигізеді» деп қорытындылады.
Л. С. Выготскийдің пікірінше, «Арнайы мектептің ең ауыр күнәсі – ол естімейтін баланы қалыпты ортадан айырып алып, жабық кеңістікке қамап тастайды. Бұл кеңістікте оның дефектісіне ыңғайлы жағдайлар жасалынған, барлығы сол дефектіні еске салып отырады. Бұл жасанды орта естімейтін баланың келешекте өмір сүретін ортасынан әлдеқайда өзгеше» деп тұжырымдаған.
Сурдопедагогика аймағында қазіргі зерттеушілер (Т. Г. Богданова, Н. М. Назарова, В. С. Собкин, Н. О. Ярошевич және т.б.) өз еңбектерінде есту қабілеті зақымдалған баланың әлеуметтену жолында кездестіретін қиындықтар мәселелерін ашып көрсетті. Естімейтін және нашар еститін адамдардың қоршаған ортамен қарым – қатынасы еститіндермен салыстырғанда әлдеқайда өзгеше.
Есту қабілеті зақымдалған адамдар қоршаған ортамен қарым – қатынасқа түскенде, олардың қарым – қатынас біліктері мен дағдыларының кедейлігі салдарынан олардың әлеуметтік ортаға бейімделулері қиынға соғады. Есту қабілеті зақымдалған тұлғалар үшін әлеуметтік ортаның кеңеюі баяу жүреді. Себебі қоршаған орта адамдары есту қабілеті зақымдалған адамдардың дефектісіне және сөйлеу тілінің бұзылысына байланысты оларға агрессивті көзқараста болады (В. С. Собкин, 1997). Көбінесе, естімейтін және нашар еститін тұлғалар еститіндермен қатынасқа түсуге талпынбайды.
П. А. Крысанов – естімейтін және нашар еститін тұлғалар өз дефектілерінен ұялып, еститін адамдармен қарым – қатынас орнатпайды деп негізгі мәселені анықтады.
Әр түрлі зерттеушілердің (Л. И. Аксенова, О. А. Денисова, Н. Н. Малофеев, Н. М. Назарова, М. Н. Реут және т.б.) көзқарастарының талдауы, есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың еститіндермен ауызша қарым – қатынасқа түсу мәселелері өте маңызды екенін көрсетіп отыр.
Диалогтық сөйлеу тілінің қалыптастыру үрдісі – қазіргі заманғы мектептің мақсаттарының бірі. Мектепте тілге оқыту және балалардың сөйлеу тілдерінің дамуына көптеген зерттеушілердің (Л. И. Бердникова, Г. А. Богданова, А. И. Власенков, Е. И. Никитина, Н. К. Сергеева, А. В. Текучев, Л. П. Федоренко және т.б.) жұмыстары арналған.
Бастауыш сыныптарда ана тіліне оқыту әдістемесінде уақыттың көп бөлігі ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу үрдісіне бөлінген. Ауызша байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысы сабақтың қатал шарттарында ұйымдастырылады, кейбір жаттығуларды оқушылар үйлерінде немесе сабақтан тыс іс – әрекетте (мысалы, саяхатта) орындайды.
Кіші сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілдерін дамытуға арналған келесі жаттығуларды бөліп шығарйық:
Сұрақтарға толық жауап (әңгімелесу барысында да);
Оқылған шығармалардың талдауы мен сөйлеу тілінің грамматикалық материалын және лексикасын оқумен байланысқан, әр түрлі мәтіндік жаттығулар;
Бақылаулар кезіндегі әңгімелесулер; табиғат пен ауа – райы күнделігін жүргізу;
Оқылғанның әр түрлі нұсқаларда ауызша мазмұнын айтып беру;
Берілген тақырып бойынша, сурет бойынша, бақылау бойынша және т.б. әрекеттер бойынша ауызша мазмұнын айту, сонымен қатар диалогтар жүргізу;
Жаттап алынған көркем әдеби шығармаларды айту;
Өлеңдер шығару, ертегілерді, шағын әңгімелерді импровизациялау;
Үлгісі бар мәтіндерді жазбаша орындау;
Әр түрлі жазбаша шығармаларды жазу;
Сабақтар барысында мұғаліммен әңгімелесу;
Әр түрлі драматизацияның, ауызша суреттеу, оқылған әңгімелерді ауызша иллюстрациялау;
Сабақтар барысында оқушылардың өзара қарым – қатынастары, әңгімелесулері;
Берілген жаттығулар тізімінде монологтық сөйлеу тілімен жұмыс басым болып келеді. Диалогтық сөйлеу тілін қалыптастыру – мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың өзара қарым – қатынасы негізінде іске асырылады.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтер кіші сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту өте маңызды болып табылатынын көрсетеді. Байланыстырып сөйлеу тілінің негізгі акценты монологтық сөйлеу тілінде жатыр, себебі оқушылар монологты сөйлеу тілін қиындықпен меңгереді. Ал диалогтық сөйлеу тілі мектепке дейінгі жаста қалыптасады. Бастауыш сыныпта оқушылардың диалогтық қарым – қатынас дағдылары сабақ кезінде әр түрлі жаттығулар барысында жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |