Генералдың көмекшісі. Әрине, әрине. Елдің қамын менен басқа кім ойлайды. Генералдың жатысы анау, әйеліне ел керек пе керек емес. Оған әшекей, вино, ұзын қылып екі метрі жерде сүйретіліп жүретін көйлек болса болды. Ал мен... мен генералдың да елдің де бас көзімін. Айт не шаруа?
Арбакеш. Мырза жақында менің балам өліп еді...
Аула сыпырушы. Сен әлі міңгірлеп тұрсың ба ей а.
Арбакеш қорқып артқа қарай шегініп қалып еді аула сыпырушы алдындағы генералдың көмекшісін ұрып жібере жаздайын деп көзі шарасынан шығардай болып өзін әзер тоқтатты.
Аула сыпырушы. (абдырап): Ааа - аманбысыз асыл тектім.
Генералдың көмекшісі. Аман емеспін, менің есімім Павел Иваныч, генерал тақсырдың оң қолы, елдің қамын жеуші генерал тақсырдың басы, көзі, аяғы қолы, мұрны. Хм Аман дейді ғо маған. Менің есімім Павел Иваныч. (ықылық атып, қолымен бірдеме айтайын дегендей алдындағыны нұсқап, тамағын ұстап)
Генералдың көмекшісі. Су бар ма?
Арбакеш. Мен негізі сөзімді әлі аяқтамап едім...
Аула сыпырушы. Әрине мырзам, әрине былай қарай жүріңіз.
/Аула сыпырушы қолындағы қасығын арбакешке қарай көтеріп, екінші қолының бас бармағын мойнына тақап/
Генералдың көмекшісі. Менің есімім Павел Иваныч, Павел Иваныч.
/Аула сыпырушы генералдың көмекшісін шығарып салып арбакештің жанына келе жатып/
Аула сыпырушы. Ыый үнің өшкір, ішіп алса ғана аты есіне түседі осы құрғырдың. (Арбакешке бұрылып) әй садағаң кетейін айналайын айтшы не керек саған. Гүбірлеп мұрныңның астынан сөйлемей тақ тақ, міне міне деп айтшы құдай үшін.
Арбакеш. /жыламсырап/ Менің шырақ ұлым өлді. Соған енді жай күйім болмай алдияр тақсырдан...
Приказщик. Шын айтам алдияр тақсыр, жылқыға қатысы бар тек ақымақ басым ұмытып тұрғанымды қараңызшы.
Генерал. Ойй Олечка мына құрғыр қақсатып қояр емес.
Әйелі. Не істей аламыз енді Алеша, тісті жұл деген дәрігерің анау, ем ала келген приказщиктің түрі мынау, халқыңның арасынан бір емшінің тегі табылмаса не істе дейсің маған.
/Арбакеш генералдың артынан өтіп приказщиктің жанына кеп/
Достарыңызбен бөлісу: |