Генерал. Ой Олечка, Олечка қиналып барам.
Әйелі. Шыдашы енді Алеша, басылады, біз барлық амалын жасадық қой. Мүмкін дәрігер шақырармыз. Ол келіп тез ақ жұлып кетеді, қайта жаның рахаттанып қалады. Ауырса бір ауырады да қояды. Солай етеміз бе?
Генерал. Жоқ Олечка дәрігерді атай көрме. Менің ол қанішерлерден қалай қорқатынымды білесің ғой.
Генералдың көмекшісі: Олар адам жегіш қанішер болса сенің кім болғаның /ақырын сөйлеп/
Әйелі. Енді қайтсек екен а. /шыдамсызданып қолындағы желпуішін бір өзіне, бір генералға қарай желпіп/
Генерал. Маза берер емес Олечка, басыма дейін қақсатып барады. Әй әкелші андағыңды. /генерал үстел үстінде тұрған шарапты нұсқап. Көмекшісі шарапты стаканға құйып берді. Генерал өзімен әлек болып жатқанда көмекшісі бұрышқа барып кішкенесін өзі ұрттады да, қайтып келіп генералға құйып, содан қолындағы стакандағы шарапты генералға беріп, буталканы қолындағы ұзын орамалының астына жасырып ұстап алды/
Генералдың көмекшісі: Мінекейіңіз тақсыр ием! /бір ықылық атып алды да аузын басып/
Генерал. Бер қане. /бір ұрттап алды да, әйелін құшақтап, әйелі оның басынан сипап/. Ой Олечка, Олечка /Көмекшісі шығып кетеді/.
Әйелі. Ой құрметтім қайтсек екен а. Жүрші қане, бөлмеңе барайық.
/Олар енді кетіп бара жатқанда келесі беттен генералдың көмекшісі екі қолын аспанға көтеріп жүгіріп келіп генералдың алдына құлайды/
Генералдың көмекшісі. Тақсыр ием таптым.
Генерал: Тіс па?
Генералдың көмекшісі: Сіздің ауруыңыздың емін таптым /ықылықтап алып/ Таптым. Сізге құрметті приказчик Иван Евсеич өз емін ала келіпті. Тыңдап көріңізші.
Генерал. Мұндай кезде кімнің де болса ақылын тыңдауға бармын шақыр.
Генералдың көмекшісі: /айқайлап/ – Алдияр тақсыр Иван Евсеичті шақырады. Алдияр тақсыр Иван Евсеичті шақырады. /Ивань Евсеич келеді. Үстіне костюм киген, шляпасы қолында/
Приказчик. Халіңіз қалай құрметтім? /генералға басын иді де, генералдың әйелінің қолынан сүйіп екі - үш секунд қарап тұрып қалды. Мұны байқаған генерал ашуланып/.
Достарыңызбен бөлісу: |