«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалы «жылқы аттас фамилия» қойылымы Режиссеры: Бекқұлы Ерман Нұрбосынұлы



бет3/19
Дата22.11.2022
өлшемі347 Kb.
#465451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
«ЖЫЛҚЫ АТТАС ФАМИЛИЯ» қойылымы

Генерал. Сен өзі мені емдеуге келдің бе әлде менің әйеліме қырындауға ма? Халімды қайтесің, оданда тез емдеудің жолын айт /зекіп қоя берді/
Приказчик. Алдияр тақсыр, бұдан он шақты жыл бұрын алым-салық жинаушылардың қатарында Яков Васильевич деген қызметкер жұмыс жасаушы еді. Ол бар ғой тісті үшкіріп емдегенде алдына жан салмайтын. Терезеге бұрылып алып күбірлеп сүф-сүф деп үшкірсе болды, пышақ кескендей тыйыла кететін. Сондай бір кереметі бар кісі...
Генерал. Қазір қайда ол? Созбақтамай тез айтсаңшы. Оой, ой.
Приказчик. Алым-салық жинаушылар қатарынан шығарып жібергеннен кейін Саратовтағы қайын енесінің қолында тұрады. Ендігі күн көріс кәсібі - тіс емдеу. Біреу-міреудің тісі ауыра қалса, тура соған барады, емдейді. Барады емдейді. Саратовтағы тұратындарды өз үйінде қабылдайды да, басқа қалалардың тұрғындарына емдеу жолын жеделхатпен жолдайды. Алдияр тақсыр, хал-ахуалым осылай болып тұр, құдайдың құлы Алексейдің тісі ауырып қалды, емдеуіңізді өтінемін деп телеграмма жазыңызшы. Емдеген ақысын почтамен - ақ жібере саласыз.
Генерал. Өй сандырақ. Алдамшыда тәйірі. Ақшаның соры ондайлар. Қазір екінің бірі алаяқ.
Приказчик. Сөйтсе де байқап көріңізші, алдияр тақсыр. Араққа үйірлеу, әйелінен өзге, бір ұрысқақтау неміс әйелмен тұрады, бірақ аруағы бар мырза деуге болады өзін. Бір - екі рет сүф – сүф десе болғаны аттай боласыз. Айтыңызшы ханым. Бір рет көрсін.
Әйелі. Жазып жіберсейші, Алеша. Үшкірту дегенде сенбейтінің - ай осы сенің. Сен түгіл мен де үшкіртіп көрдім ғой. Бір рет байқап көрші. Сенбесең бар ғой... /кідіріп қалып/ тіпті болмаса жеделхат жібере салсаң нең кетеді? Қолың сынып қалмайды ғой одан. Қане Алеша. /жалынышты дауыспен басынан сипап/
Генерал. Солай ойлайсың ба қымбаттым?
Генералдың көмекшісі. Алдияр тақсыр, менде үшкіртіп көргенмін ештеңесі жоқ. Ысүф десе болды. /қисалаңдап приказчикке қарай сүф-сүф деп. Приказчик мұрнын жауып/
Приказчик. Иә, иә дәл солай ештеңесі жоқ. /жақтырмай/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет