Бандар ибн Найиф әл-Утайби
«АЛЛАҺТЫҢ ТҮСІРГЕНІНЕ СӘЙКЕС ЕМЕС БАСҚАРУ (БИЛІК ҚҰРУ) ЖӘНЕ ШЕШІМ ШЫҒАРУ»
тақырыбындағы ғылыми-ағартушылық пікірталас
Ибн Усәйминнің адамдарды күпірлікте айыптау (такфир) мәселесі бойынша кейінгі, бұрын жарияланбаған пәтуасы қоса басылған
Пәтуалар бойынша Тұрақты Комитеттің және Ең ірі мұсылман ғалымдары Ассоциациясының мүшесі Мухаммад ибн Хасан Әли Шейхтың алғысөзімен
2010 жылғы бірінші орыс тіліндегі басылымынан аударылған
бірінші қазақ тіліндегі басылым, 2012 ж.
© Бандар әл-Утайби. 2007
www.bn-dr.com
© Абу Умар Салим М. 2010
www.svet-islama.com
Коммерциялық мақсатта таратуға тек «Свет Ислама» баспа үйінің келісімімен рұқсат етіледі
Қазақ тіліне аударған
сайтының редакциясы
Аса Мейірімді және (мұсылмандарға) ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екендігіне куәлік береміз және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.
Қадірменді оқырманның назарына ұсынылып жатқан «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару» атты кітап орыс (қазақ) тілінде алғаш рет жарияланып отыр. Оның авторы - шейх Бандар ибн Найиф әл-Утайби – кітапты құрастыру барысында бұрынғы және қазіргі заманның ең атақты мұсылман ғалымдарының айтқан сөздерін келтіріп, деректерге бай материал жинақтады.
Орыс (қазақ) тілді оқырман кітапта қозғалған, Ресей және ТМД елдері мұсылмандарының арасында көкейтестілікке ие болған мәселемен танысу мүмкіндігіне алғаш рет қол жеткізген сияқты. Мұсылмандардың арасына бүлік пен бөлінушілікті түрлі ағымдар салатын орта ғасырлардан айырықша, соңғы ғасырда мұсылмандардың басына басқа бір қасірет түсіп отыр: жан-жақта өздерінің өтірік көзқарастарын дүние жүзі бойынша насихаттап және таратып жатқан әртүрлі «жамағаттар» пайда бола бастады. Бір жағынан мұсылмандардың кең бұқарасының дінді қайта жаңғыртуға деген ұмтылысы, ал екінші жағынан Ислам туралы сахих (сенімді, шынайы) білімдердің жетіспеуі ХХ ғасырда көбейе түскен «жамағаттар» өздерінің жалған сенімдерінің астына Құран мен Сүннетті келтіріп, қарапайым мүміндердің, әсіресе, жастардың арасында танымал болуына әкеп соқтырды.
Өкінішке орай, бұл бүлік орыс (қазақ) тілді мұсылмандарды да айналып өткен жоқ. Солардың біреуі – мұсылмандарды күпірлікте айыптау (такфир). Нақты айтқанда, Құран және Сүннетпен емес басқаратын (билік құратын) және шешім шығаратын кез келген мұсылманды дәлелсіз айыптау. Сонымен бірге, надандықтың немесе құмарлықтардың себебімен, адамды күпірлікте айыптау үшін қажетті болған ережелер, жағдайлар және алғышарттар ұмытылуда. Соның салдарынан іс не ең жақсы жағдайда, айтыс-тартыспен шектеледі, не жаман жағдайда, мұсылмандарды қорлаумен және қантөгіспен аяқталады. Бұл кітап ақиқатқа ұмтылушы оны танып, орын алуы мүмкін болған қателіктерден сақтануы үшін дәл осы маңызды мәселені түсіндіріп беруге арналған.
Сөзімді аяқтап, Естуші және дұғаға жауап Беруші Аллаһқа Оның көркем есімдері мен ұлық сипаттары арқылы кітаптың авторына және барша ислам ғалымдарына үмметімізді ағартуға және насихаттауға қосқан еселі еңбектері үшін игілікпен қайыруын сұраймын!
Аллаһтың Елшісіне, оның ардақты отбасына, сахабаларына және Қиямет күніне дейін оның ізінен ауытқымай ілескендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!
Хижра жыл санауы бойынша 1431-жыл, жумада әл-әууәл айының 17-күні (1 май 2010 ж.)
Дамир Хайруддин және Салим Абу Умар
Аса Мейірімді және (мұсылмандарға) ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.
Содан соң:
Мен шейх Бандар ибн Найиф әл-Утайби жазған «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару» тақырыбындағы ғылыми-ағартушылық пікірталас» атты кітабын оқып шықтым. Автор өз жауаптарын Құран мен Сүннеттің тиісті дәлелдерімен нығайтып, сондай-ақ атақты мұсылман ғалымдарының сөздері мен пәтуаларын келтіріп, бұл тақырыпты лайықты түрде ашып берген және Сүннеттің (Әһлю-с-Сунна уәл Жама‘аның) Аллаһ түсіргенімен үкім шығарудан бас тартатындарға қатысты ұстанымын түсіндірген.
Ұлы және Құдіретті Аллаһтан кітаптың авторына игілікпен қайыруын, ол және оның кітабы арқылы мұсылмандарға пайда келтіруін сұраймын, өйткені, ақиқатында, Ол – Естуші және дуғаға жауап Беруші!
Ең ірі мұсылман ғалымдары Ассоциациясының мүшесі
Мухаммад ибн Хасан ибн Абду-р-Рахман Әл Шейх
Хижраның 1427 жылы, 1 сафар (1 наурыз 2006 ж.)
Кіріспе
Ассаләму аләйкум уа рахматуллаһи уа бәракәтуһ!
Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесі көлденеңінен тұрып, білімгерлер арасында көп қиындықтар туғызған кезінде, – ал бұл мәселеде, өкінішке орай, тіпті құрметке ие ғалымдар да қателіктерден қашып құтыла алмады, – мен осы кітап Пәк Аллаһ Тағаланың қалауымен мүміндерге пайда берер деген үмітпенен, оның ішінде қамтылған бұл мәселе бойынша дұрыс пікірді түсіндіруге барынша тырыстым. Сонымен бірге мен қысқа айтуға тырыстым, өйткені біздің кезімізде білімгерлер көлемді еңбектерді оқуға ынта танытпайды, Раббым Өзінің рахымын танытқан кейбіреулерінен басқалары.
Осы қысқа кіріспемді мұсылмандардың алғашқы буынынан болған салиқалы ізгі алдынғы ұрпақ өкілдерінің (салиқалы саләфтардың) маңызды сөздерімен аяқтағым келеді, Аллаһ оларды рахым етсін.
Убада ибн әс-Самит, Аллаһ оған разы болсын, былай деген: «Ақиқатында, ақиқат нұрмен жарқырайды»1.
Абдуллаһ ибн Мас‘уд, Аллаһ оған разы болсын, былай деп айтқан: «Сендерден ешкім өз иманында (сенімінде) қандай да бір адамға, егер ол иман келтірсе – иман келтіріп және ол иман келтірмесе – иман келтірмей, еліктемесін! Ал егер сендердің біреуге ілесуден өзге амалдарың болмаса, онда бақилық болғандардан үлгі алыңдар, өйткені кез келген тірі адам азғырылудан қорғалмаған».2
Ибн Умар, Aллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, былай деп айтқан екен: «Исламды қабылдағанымнан кейін мені осы әуестердің жүрегіме кірмегенінен артық еш нәрсе қуантпады».3
Хузайфа, Аллаһ оған разы болсын, былай деген: «Аллаһтың дінінде тұрақсыздықтан және өзгеріп тұрушылықтан аулақ бол, өйткені, ақиқатында, Аллаһтың діні біреу-ақ».4
Әл-Ауза‘и, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Біз Сүннетпен бірге ол бізді алып бара жатқан жаққа барудамыз»5.
Суфьян әс-Саури, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Сүннетке ілесушілерге жақсы қараңдар, өйткені олар адамдардың арасында дара!»6
Әл-Хасан әл-Басри, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтқан: «Уа, Сүннеттің жақтаушылары! Бір-біріңе жұмсақ болыңдар, өйткені сендер адамдардың арасында азсыңдар!»7
Юнус ибн Убайд, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Сүннеттен жалғызсыраған нәрсе жоқ, бірақ оны ұстанушылар одан да жалғызсырағандар»8.
Суфьян әс-Саури, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер Шығыста Сүннеттің жақтаушысы және Батыста да олардың тағы біреуі тұратынын білсең, оларға сәлеміңді жолда және Аллаһқа олар үшін дұға ет, өйткені Сүннетті және біртұтас жама’аны жақтаушылар өте аз».9
Айюб әс-Сихтияни, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Маған Сүннетті жақтаушылардың біреуінің өлімі туралы хабар жетсе, өз денемнің бір бөлігінен айырылғандай боламын».10
Ол, Аллаһ оны рахым етсін, сондай-ақ былай деген: «Сүннетті жақтаушыларға өлім тілейтіндер өз тілдерімен Аллаһтың нұрын сөндіргісі келеді. Бірақ Аллаһ Өзінің нұрын таратуды соңына дейін жеткізеді, тіпті бұл кәпірлерге жек көрінішті болса да».11
Абу Бакр ибн Айяштан, Аллаһ оны рахым етсін, кімді Сүннеттің жақтаушысы деп есептеу керек деп сұрағанда, ол: «Оның көзінше олар туралы сөз болғанда әуес танытпайтынды», - деп жауап берді.12
Шазз ибн Яхъя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Жәннатқа біздің алдынғы буынның (саләфтардың) жолымен жүруден өзге ең жақсы жол жоқ».13
Әл-Фудайль ибн Ийяд, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Кімге бір адам кеңес сұрап келсе, ал ол діндегі жаңалықтардың жақтаушысына сілтесе, сол Исламға опасыздық жасады»14.
Әл-Ауза‘и, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Діндегі жаңалықтардың (бидғаттардың) жақтаушысына оның бидғатына қайшы келетін Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисін айтсаң, ол адам міндетті түрде осы хадисті жек көре бастайды».15
Абу әл-Аббас әл-Асамм, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: “Бірде екі хауариж Қағбаны тауаф жасап жүріп, олардың біреуі екіншісіне: «Мені мен сенен басқа мына жаратылыстардан ешкім Жәннатқа кірмейді!», - деді. Оның серігі: «Кеңдігі көктер мен жердің кеңдігіндей болған Жәннат тек біз екеуіміз үшін жаратылған ба?», - деп сұрады. Оның серігі: «Иә!» - деді. Сонда екіншісі: «Оны өзіңе ала сал!», - деді де, өзінің сенімдерінен бас тартты».16
Біздің салиқалы алдынғы буын өкілдеріміздің (салиқалы саләфтарымыздың) кейбір айтқан сөздері осындай.
Мен осы кітапты төрт тарауға бөліп құрастырдым:
1. Білуге тиіс ережелер.
2. Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесіне түсіндірме беру.
3. Қосымша тараулар.
4. Қарсыластардың негізгі дәлелдеріне жауаптар.
Уа, Аллаһ! Біздің барлығымызды тура жолмен жетелеуіңді және қолдауыңды сұраймын!
Достарыңызбен бөлісу: |