«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет67/91
Дата07.10.2023
өлшемі5.04 Mb.
#480087
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   91
«Áàíê ³ñ³» Ï?í³í³? î?ó ?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ 2

Лизинг объектісі жіктелуі бойынша негізгі құралдарға, жер учаскелерінен және басқа табиғи ресурстардан басқа, кез-келген жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сонымен бірге нарықта ерікті айналымға түсуге тыйым салынған объектілер болуы мүмкін. Лизингке берілген мүлік лизинг келісім-шартының бүкіл әрекет ету мерзімі кезінде лизинг берушінің, бюджеттік қаражаттар есебінен сатып алынатын мүліктен басқа меншігі болып табылады.
Лизингтік мүлікті лизинг беруші немесе лизинг алушының балансындағы шарттары лизинг келесім-шарты жақтарының арасындағы келісім бойынша анықталады. Лизинг келісім-шартында лизинг алушының келісім-шартының мерзімі біткеннен немесе біткенге дейінгі лизингтік мүлікті сатып алу құқығы қарастырылған. Лизинг беруші лизингтік мүлікті, егер лизинг келісім-шартында ескерілмесе, кепіл ретінде пайдалануға құқылы. Лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлікті сатып ала отырып, сатушыны осы мүліктің белгілі бір тұлғаға жалға (лизингке) беруге арналғаны туралы ескеруі қажет. Лизинг алушыға лизингтік мүлікті жеткізу сәтінен бастап сатушыға мүліктің сапасы, жинақтылығы, жеткізу мерзімі және сатушы мен лизинг алушы арасындағы сатып алу-сату келісім-шартын дұрыс орындамау жағдайларында шағым беруге құқылы болады. Егер лизинг келісім-шартында көзделмеген жағдайда, бірақ сатушыны таңдау жауапкершілігі лизинг алушыда болған жағдайларда лизинг беруші лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату келісім-шартынан шығатын шарттарын орындауына жауап бермейді. Соңғы жағдайда лизинг алушы өзінің таңдауы бойынша сатып алу-сату келісім-шартынан шығатын талаптарды мүлікті сатушыға сияқты лизинг берушіге де қоя алады. Лизингтік қызмет нарығы лизинг нысандарының көптүрлілігімен, лизингтік келісім-шарттар мен лизингтік операцияларды реттейтін заң нормаларының моделдерімен сипатталады.
"Траст" ағылшын тілінен аударғанда "сенім" деген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен баскаруға берілген мүлікке деген құқықты аныктайтын жэне меншікті иеленудің ерекше нысаны.
 Траст операциясы — клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет