«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Студенттің лекциялық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері



бет28/91
Дата07.10.2023
өлшемі5.04 Mb.
#480087
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91
«Áàíê ³ñ³» Ï?í³í³? î?ó ?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ 2

Студенттің лекциялық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Конспект

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Белсенділік, Сыни ойлау және басқа критерийлер

70

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Студенттің практикалық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Белсенділік

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Конспект

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

Тапсырмалар орындау

60

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100



Білім алушының БОӨЖ бағалау критерийлері:





Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

1

Сабаққа қатысуы

20

+

+

+

+

+

2

Конспект, эссе, жеке таныстыры-лымы, топтық жоба, және т.б.

80

+

+

+

+

+




Барлығы

100

100

100

100

100

100

Студенттің БӨЖ бағалау критерийлері :



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысуы

20

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+













ДӘРІС 1. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ


Дәрістің мақсаты: білім алушыларға коммерциялық банктер туралы түсінік беру, оның қызметінің негізгі шарттарына тоқталу, банк жүйесі мен Қазақстандағы банк жүйесіне, сонымен қатар Қазақстан Республикасында банк қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құжаттар туралы мағлұматтар беру.
Негізгі терминдер: банк, заңдар, нормативтік құжаттар, коммерциялық банктер, банктің филиалы, еншілес банктер, есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы)

1.1 Коммерциялық банктер және оның қызметінің негізгі шарттары.


1.2 Банк жүйесі. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің құрылымы.
1.3 Қазақстан Республикасында банк қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құжаттар.


1.1 Коммерциялық банктер және оның қызметінің негізгі шарттары


Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін немесе екінші деңгейдегі банктерді білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды жəне жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» жəне 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР- ғы банктер жəне банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни отандық банктік жүйенің небары 29 жылдық тарихы бар.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында банктердің саны 200-ден асты, əрине бұл, олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, əрине бұл құбылысты, олардың интенсивтік немесе сапалық өсуімен байланыстыруға болады.
ҚР Ұлттық банктің ресми сайты негізінде 2021 жылдың 20-шы қаңтардағы мәлімет бойынша 28 екінші деңгейлі банк қызмет көрсетуде.
Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

  • мемлекеттік;

  • акционерлік;

  • жеке;

  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);

  • аралас (шетел капиталының қатысуымен).

2. Операцияларының түрлеріне қарай:

  • әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

  • маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

  • халықаралық;

  • мемлекетаралық

  • ұлттық;

  • аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай:

  • өнеркәсіптік банктер;

  • сауда банктері;

  • ауыл шаруашылық банктері;

  • құрылыс банктері;

  • басқа.

5. Филиалдар санына қарай:

  • филиалсыз;

  • көп филиалды.

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден қүралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.
Жай акция — оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға күқык береді. Ал артықшылығы бар акция — оның иесіне коғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға косқан өз үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе кұрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндетгемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық нысанындағы байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке және занды тұлғалар есебінен кұрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ҚҰБ-нің лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты нысаны бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шетелдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы банк кызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы кағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа валюталық операцияларды жүргізу үшін арнайы лицензия алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шетелдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктер бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алады. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

  1. Банк ашуға рұқсат алу;

  2. Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

  3. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес, банкті занды және жеке тұлға ашуға құкылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

  • рұқсат алу үшін беретін өтініші;

  • құрылтайшылык шарт (түпнұсқа);

  • банктің жарғысы (түпнұсқа);

  • банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

  • құрылтайшылар туралы мәліметтер;

  • құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);

  • құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

  • егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;

  • егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: онын. жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымнын, қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

  • банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардын, орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде — біржылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;

  • жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

  • жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

  • жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

  • жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек, оның ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын калыптастыру жоспары;

  • тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;

  • нотариалды түрде куәландырылған, кұрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаты;

  • басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.
Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк ҚҰБ рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық кадағалау агентгігінің банк ашуға берген рүқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден еткен күннен бастап, бір жылғадейін мыналарды орындауға тиіс:

  • ұйымдастырушылық-техникаяық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық Банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

  • жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарьща аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатгы беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде ҚҰБ қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

  • брокерлік — мемлекетгің бағалы қағаздарымен;

  • дилерлік — мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;

  • кастодиандық;

  • клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне ҚҰБ-нен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен катар, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы — филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға кұқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, занды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін ҚҰБ-нің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай кұжаттарды тапсырады:

  • Филиал ашуға рұқсат алу әтініші;

  • Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;

  • Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.

Шетелдік банктердің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады..
Банктің өкілдігі — банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, занды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Банк өкілдігі де Қаржылық қадағалау агенттігінің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын тапсырады:

  • өкілдік ашуға рұқсат алу етініші;

  • өтініш жасаушы банктің, кұрылтайшылық құжаттары;

  • Қазақстан Республикасы аумағында өкілдік amy туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;

  • өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған

лицензиясынын. барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;

  • аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;

  • өтініш жасаушы банктің Қазақстан Республикасы аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;

  • өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.

Еншілес банк — жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) — Қазақстан Республикасы аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе екілеттік мәртебесі жоқ, занды тұлға емес, Қазақстан Республикасы Ұлттык банкінің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық бөлімшесі.
Қазақстан Республикасы ҚҰБ-нің екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:

  • банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;

  • банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінін қабылдануы;

  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;

  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытка дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;

  • банк зандылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;

  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеуі;

Қазақстандык тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық төленген капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50%-дан кем емес бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды бағалылықтар мен (ғимарат, техникалар, автокөлік) теленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50%-ға жуығы жыл бойына салынуға тиіс.
Жарияланған жарғылық қордың 50%-ының ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық бағалықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті кұрушы акционерлердің жалпы жиналысындағы акті бойынша қабылданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет