«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет31/91
Дата07.10.2023
өлшемі5.04 Mb.
#480087
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   91
«Áàíê ³ñ³» Ï?í³í³? î?ó ?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ 2

Бақылау сұрақтары:
1) Банк ашу және қызметін ұйымдастыру неше кезеңді қамтиды?
2) Банкті ашуға рұқсат алу үшін қандай құжаттар қажет?
3) Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу талаптары қандай?
4) Банктің филиалы дегеніміз не?
5) Банктің өкілеттігі қандай қызмет атқарады?
6) Еншілес банктің басқа банктің бөлімшелерінен айырмашылығы неде?
7) Банктің есеп айрысу кассалық бөлімшесін қалай ұйымдастыруға болады?
ДӘРІС 2. БАНК РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Дәрістің мақсаты: білім алушыларға банк ресурстары туралы, банктің меншікті капиталының қалыптасу көздері, депозиттік және депозитік емес рсурстар мен депозиттік саясат туралы мағлұмат беру.
Негізгі терминдер: банк ресурстары, пассив, актив, міндеттеме, капитал, меншікті капитал, пруденциялық реттеу


2.1 Пассивті операциялар
2.2 Банктің меншікті капиталы
2.3 Банктерді пруденциалдық реттеу


2.1 Пассивті операциялар

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.


Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан жəне барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету жəне пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті жəне тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.
Пассивтік операциялардың мынандай нысандары болады:

  • коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмисиялауы;

  • банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;

  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;

  • депозиттік операциялар.

Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі нысаны негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі нысаны негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған ресурстар құралады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:

  • банктің меншікті қаражаттары;

  • банктің тартылған қаражаттары.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуды. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен жəне басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, əмбебаптығы жəне қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттары арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 пайызы өтеледі. Шын мәнінде, меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты – бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет