3-тақырып. Коммерциялық банктің депозиттік портфелі және депозиттік саясаты
«Депозиттер», «Депозиттік операциялар», «депозиттік портфель» туралы түсінік, депозиттік портфельді қалыптастырудың және басқарудың проблемалары. Депозиттік портфель депозиттік операциялардың нақты нәтижесі және оларды ұйымдастырудың негізгі принциптері. Депозиттік операциялар – сырттан қаражат жинаудың негізгі әдісі және пассивтік операциялардың басты бағыты. Депозиттік операциялардың субъектілері мен объектілері. Депозиттердің банк ресурстарын құрау көздеріндегі алатын орны. Депозиттердің түрлері және оларға белгіленетін проценттік ставкалар. Депозиттерді мерзіміне, есеп шоттарға және субъектілеріне байланысты топтау. Заңды және тұлғалардың депозиттері, «лоро» есеп шоттары.
Депозиттерді топқа бөлудің шетелдік тәжірибесі. Қазақстандық коммерциялық банктер кеңінен қолданып жүрген депозиттің түрлері. Депозиттік операцияларды тиімді ұйымдастырудағы депозиттік саясаттың рөлі, депозиттік саясат туралы түсінік, оны қалыптастырудың және жүзеге асырудың макро және микро экономикалық факторлары. Депозиттік саясат және депозиттік нарық, оның атрибуттары, депозиттік саясаттың мақсаты, депозиттік портфельді диверсификациялау. Депозиттік портфельдің құрамы мен құрылымына ықпал ететін факторлар, депозиттік портфельдің, банктердің депозиттік базасының және тиімді депозиттік саясаттың өзара байланысы. . Депозиттік портфельдің құрамы мен құрылымына ықпал ететін факторлар, депозиттік портфельдің, банктердің депозиттік базасының және тиімді депозиттік саясаттың өзара байланысы. . Депозиттік портфельдің құрамы мен құрылымына ықпал ететін факторлар, депозиттік портфельдің, банктердің депозиттік базасының және тиімді депозиттік саясаттың өзара байланысы.
Депозиттік саясаттың құрамдас бөлігі – сыйақы саясаты, депозиттік проценттік ставкалардың ресми тілде банктер тарапынан «сыйақы» деп аталынуы. Депозиттік проценттік ставкалардың түрлері, есептеу тәсілдері, жай проценттік есептеу, күрделі проценттік есептеу, уақыт базасы, Қазақстандағы коммерциялық банктер ұсынып жүрген проценттік ставкалардың деңгейі. Депозиттік портфельдің диверсификациялану дәрежесі, оның депозиттердің түрлерімен тығыз байланысты. Депозиттерді классификациялаудың негізімен қатар мерзімді депозиттердің және қажет уақытында талап етілетін депозиттердің ерекшеліктері.
Чектік депозиттер мен депозиттік сертификаттардың ерекшеліктері. Қазақстанда коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттарды эмиссиялау ережесі, депозиттік сертификаттардың түрлері, оларға деген меншік құқығын басқаға ұсыну тәртібі (цессия). Атаулы депозиттік сертификаттар, атаусыз депозиттік сертификаттар. Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің депозиттік портфелінің құрамы мен құрылымының соңғы кездерде өзгеру заңдылықтары: Теңгемен және валютамен номинацияланған депозиттер. Депозиттік портфельдің долларизациялану проблемалары. Резиденттердің және резидент еместердің депозиттері. Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың депозиттері.
Достарыңызбен бөлісу: |