6-тақырып. Несиелеу жүйесінің элементтері және несиелік үдеріс
Банктік несиелеу жүйесі туралы түсінік және оның негізгі элементтері. Банктің несие ресурстарын тиімді, табысты пайдаланумен байланысты банк тарапынан қолданылатын несиелеу әдістері мен несиелеу объектілері. Несиелеу принциптері, несиені беру және қайта өтеу механизмі. Несиелеу принциптері нарықты экономика жағдайында банктік несиелеу жүйесінің негізгі элементі. Несиенің қайтарымдылығы, ақылылығы, мерзімділігі, материалдық қамтамасыз етілуі.
Қазіргі кезде несиелеу әдісінің несиелеу субъектілерінің (заңды тұлғалардың) қандай шаруашылық саласына жататындығымен және банк клиенттерінің арасындағы серіктестік қатынастардың қалыптасып, даму деңгейі мен тығыз байланыстылығы. Несиелеу әдістерін анықтайтын және олардың жетіліп отыруына ықпал ететін факторлардың мәні. Олардың банктік несиелеу жүйесінің іргелі элементтерін одан әрі дамытуы. Қарыз алушы клиенттердің (заңды тұлғалар) айналым капиталының құрамы, құрылымы және айналым кезеңдері мен айналым капиталының айналымдылық заңдылықтары және осы заңдылықтарды терең зерттеу мәселелері.
7-тақырып. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың банктік технологиялары
Банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау – несиелік тәуекелді сақтандырудың алғы шарты. Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік, несиелік қабілетке анықтама беру. Несиелік қабілет – несиелік қатынастардың пайда болуының негізі. Клиенттердің несиелік қабілеті мен төлем қабілеті және олардың айырмашылығы. Несиелік қабілетті анықтаудың алғы шарттары. Қарыз алушының қаржылық жағдайына талдау жасау тәртібі. Клиенттің неселік қабілетін анықтау үшін оның балансының өтімділігіне талдау, барлық айналым активтерін өтімділік дәрежесіне қарай топтау, класқа бөлу.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері: өтімділік коэффициенті, қаражат көздерімен қамтамасыз ету коэффициенттері, активтердің айналымдылық коэффициенттері. Олардың ішінде: дебиторлық қарыздың айналымдылығы, тауардың және басқа да материалдық құндылықтардың басы артық қорларының айналымдылық коэффициенті, дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті т.б. Несиелік қабілетке баға беретін экономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістері, олардың мазмұны. Жоғарыда айтылған көрсеткіштерді есептеу үшін қажет мәліметтерді табу көздері: клиенттердің бухгалтерлік және статистикалық ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын есеп беру формалары (үлгілері).
Достарыңызбен бөлісу: |