Несиелік бюроның үш түрі бар: жағымсыз ақпаратпен жұмыс істейтіндер, жағымды ақпаратпен жұмыс істейтіндер, барлық түрдегі ақпаратпен жұмыс істейтіндер. Жағымды несиелік ақпараттарды жинақтау неміс үлгісі бойынша жұмыс істейді. Яғни, банктер келісімі негізінде қарызгерлердің және өздерінің несиелері бойынша барлық ақпараттарды береді. Мысалға, жағымсыз ақпаратты несиелік бюро субъектінің мерзімі өткен төлемдері туралы ақпараттарды ғана алады.
2011 жылға дейін заң бойынша барлық банктер несиелік бюроға ақпараттарды ұсынуға міндетті болды, «Бірінші несиелік бюро» ЖШС көп уақыт бойы жалғыз іске қосылған бюро болды. Кейінірек «Орталық Азия несиелік бюросы» пайда болды. 2011 жылы заңда бұл ережені жойылған өзгертулер енгізілді. Енді банктер мемлекеттік несиелік бюроға ақпараттарды ұсынуға міндетті, ал жекеге өз еркімен ғана, дегенмен бұл ретте несиелік есептерді олар кез-келген несиелік бюродан ала алады. БНБ өзінің қосымша өнімдері мен қарапайым ақпараттарды сату болып табылмайтын сервистерін белсенді түрде дамытуда. Бұл сервистер басқа құндылықтарға ие және банктер мен басқа да қомпаниялардың несиелік және операциялық қауіпті төмендетіп, қарыз берілетін қоржындардың сапасын нығайтуға бағытталған.
2013 жылы аппликациялық скорингті, несиелік тарихты алдын-ала бағалауды, алдамшылық операцияларды азайту үшін несиелік сұранымдар бойынша ақпарат іске қосылды.
2013 жылдан бастап субъектілер үшін қосымша қызметтер мен өнімдер тізімін дамытыла бастады. Заңға сәйкес жылына бір рет әрбір субъектке дербес несиелік есепті ұсынуға міндетті, яғни, әрбір қазақстандық, кез-келген компания өтініш білдіріп, өзінің дербес немесе корпоративтік несие есептерін сұрай алады. Келесі жалғасатын өтінім кезінде есептің құны жеке тұлғалар үшін 400 теңге, ал заңды тұлғалар үшін 800 теңгені құрайтын болады.
Бюромен бірге іске қосылған электрондық қызметтер басқа қалалардың азаматтары үшін өте тиімді болды, себебі Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындарының бұрын алған есептері нотариалды түрде расталған құжат негізінде поштамен алатын. Әлеуетті қарызгерлер үшін бұл өте маңызды сәт, өйткені бұрын несие алмаған клиенттер банкке өтінішпен келгенде қарыздың болуы негізінде өтінішті қайтарып берген жағдайлар болды. Есепті алу кезінде клиентте ұзақ мерзімі өткізілген қарыздың бар екені және алдамшы операциялардың құрбаны болғандығы анықталды. Бұл, мысалға, құжаттарды, жеке куәлігін жоғалту немесе алаяқтар әлдеқандай жолмен оның құжаттар көшірмесін пайдаланып, несие үшінші тұлғаға берілген себептері бойынша болуы мүмкін. Сәйкесінше, ол адам мойнында қарызы бар екендігінен бейхабар және зиянкес борышкердің мәртебесі негізінде банктің одан бас тартуы, әрине, оған «тосын сый» болды. Сондықтан барлығына өдерінің несиелік тарихыңызды бақылауына ақыл-кеңесімізді береміз және тоқсанға бір рет болсын өзіңнің несиелік тарихыңызды, әсіресе құжаттарды жоғалту жағдайы орын алған жағдайларда алып тұру керек деп санаймыз. Сонымен қатар іс жүзінде қарызға алушы да өзінің несиелік тарихын тексеріп отыру керек, өйткені олар туралы банктер қандай ақпарат беріп отырғандығын өте айқын әрі жете түсіну қажет, себебі келешекте бұл ақпарат қайталап несие алу кезінде қаржылық мекемелердің шешімді қабылдауда қолданылады.
Бюро клиенттері – екінші деңгейлі банктердің барлығы. Банктерден басқа бұл – ипотекалық, лизингтік компаниялар, «ҚазМұнайГаз», «НК» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ және тағы басқалар сияқты мемлекеттік институттардың бірқатары.
Қазір бюроның мәлімет қорында 38 217 957 келісім-шарт бар. Несиелік тарихтың базалық қорында 8 272 550 жеке тұлғалар мен 99 233 заңды тұлғалар бар.
Несиелік бюро түрлі банктер мен қаржы институттарынан ақпаратты алып, оны жинақтап, несиелік тарихты құрады. Осы ақпараттың негізінде қарыз беруші несие беруге болатындығын, болмайтындығын шешеді, кейде банктің менеджерлері оларға несиелік бюро бас тартты деп клиенттерге айтатын кездері болады, әрине, бұл клиенттер үшін жалған мәлімет болып табылады. Әрбір субъект дербес несиелік есепте бар ақпаратқа келіспеуіне болатындығын білу қажет, олар бұл ақпаратқа түзету енгізу туралы өтініш жазса ғана, Бюро оны оқып қарай отырып, банкке қарауына жібереді, банк растау дерегі бар болуы кезінде субъектінің несиелік тарихын өзгерте алады.
Достарыңызбен бөлісу: |