Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты–бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелік нұсқаулық – несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады. Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау жəне несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау жəне аудит, ссудалар бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
• банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
• несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал жəне нұсқаулық ретінде болу;
• несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
• несиелік талдау жəне аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық ссудалармен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп жəне қосымша бақылау жасалуға тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1. Банктік несиелер қалай жіктеледі?
2. Коммерциялық банктің несиелік саясаты.
3. Несиелік тəуекелдің шамасына қарай барлық несиелер қандай сыныптарға бөлінеді?
4. Несиелерді жіктеу жəне несиелік тəуекелді бағалау қандай критерилерді ескере отырып жүзеге асады?
ДӘРІС 7. ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУДЫҢ БАНКТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Дәрістің мақсаты: білім алушыларға қарыз алушылардың несие қабілеттілігінің түсінігі, қарыз алушының несиелік тарихы мен несиелік бюроның қызметі мен оның Қазақстанға енгізу тәжірибесі туралы мағлұмат беру.
Достарыңызбен бөлісу: |