Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы «Банкроттық туралы»



жүктеу 13.3 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі13.3 Kb.
Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi

қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы

«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңын, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Банкроттық рәсімдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесi;

2) Банкроттық рәсімдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 сәуірдегі № 581 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 15, 204-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қараша № 1268 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 430-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 сәуiрдегi № 581 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 308 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 14, 134-құжат).

3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі К. Мәсімов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет