БаоөЖ №2 Орындаған: Ерғабыл Д. Оқу тобы: сиб-23-1 п/я Қабылдаған: Қожақұлы Ө


 Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата28.03.2024
өлшемі229.23 Kb.
#496713
1   2   3
БАОӨЖ №2

2. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар. Ұлы Жібек жолы тармақтарының
Қазақстан жерін басып өтуі ірі жəне шағын қалалардың құрылуы мен дамуына игі
əсер етті. 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз – ең ірі қалалардың бірі. 568 жылы
түрік қағаны Дизабул Византия императоры ІІ Юстиниан жіберген дипломатиялық
елшілікті қабылдаған. Тараз – түргештер, кейін қарлұқтар мен қарахандықтар үшін
маңызды əкімшілік орталығы саналған.
Бұл – Тараздың сауда жəне əскери стратегиялық маңызды қала екенінің айқын
дəлелі. Деректер бойынша қаланы ежелгі кезде ғұндар əскери бекініс ретінде
орнатқан. Қала тұрғындары мықты жауынгерлер, жол бойымен өтетін керуен күзетін
атқарып
тұрған.
ХІ
ғасырдағы
парсы
ғұламасы
Тебризи
қалалықтарға:
«Тараздықтар сияқты батыл, арабтар сияқты жомарт», – деген мінездеме
берген. Тараз маңында қорғасын, күміс, темір жəне алтын өндіретін металлургиялық
орындар дамыған.
Араб ғалымы ибн Хаукаль: «Тараз – мұсылман түркілердің сауда жасайтын
орны» немесе «Тараз – көпестер қаласы» деп атады. Қала ішінде су құбырлары
жүргізілген.
Жетісудың аса ірі сауда жəне əкімшілік орталығы Суяб – Батыс Түрік, кейін
Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының астанасы болды. 629 жылы Суяб қаласында болған
будда монахы Сюань Цзянь Түркі қағанымен кездесуін былай сипаттайды: «Бұл
жатжерліктердің жылқылары əдемі. Қаған жасыл жібек шапан киген, басы ашық,
жібек мата ғана ораған. Оған сəнді шапан киген, шаштарын бұрым етіп өрген екі
жүзден астам тархандар еріп жүрді. Түйелер мен жылқыларға мінгендердің
санында есеп жоқ, көзбен шолу мүмкін емес».


VIII ғасырда қала халқының саны үнемі өсіп отырған. Ортағасырлық қалалардың
бірі Баласағұн – Қарахандардың астанасы есептелді.
Ұлы Жібек жолының тармақтары Іле Алатауының етегіндегі шағын қалалар
арқылы өтті. Солардың бірі транзиттік сауда орталығы Талхиз (Талхир) бен Алмалық
қаласы. Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалар қатарында Испиджаб (Сайрам)
аталады. Орта ғасырларда Испиджаб сауда жəне дін орталығына айналды.
Деректерде қала атауы алғаш рет VII ғасырда кездеседі. Махмұт Қашғари «Сайрам –
ақ қаланың аты, оны Испиджаб атайды» деп көрсетеді. Жергілікті көпестер ақ
маталар, қару-жарақ, зергерлік бұйымдар мен ыдыстарды басқа жерлерге жеткізіп
тұрды. Қалада теңге сарайы, базарлар, мата сататын орындар (тимдер) жəне
керуен-сарайлар көп салынған. Қаладағы керуен-сарайлар жолаушы көпестер үшін
маңызды рөл атқарды. Керуен-сарайлар құрылыстарын бай көпестер тұрғызды.
Олар, əдетте, биік дуалдармен қоршалды. Керуен-сарайларда сауда жүргізіліп,
қажетті ақпарат алмасатын орталық жұмыс істеген.
Керуен-сарайлардың біраз бөлігін ірі қалалардан келген көпестер иеленді.
Испиджаб қаласының төңірегінде ондаған шағын қалашықтар мен тұрақтар
орналасқан. Қала халқының саны адамдардың қалаға ағылуы есебінен өсті.
Ұлы Жібек жолы бойындағы атақты қалалардың бірі – Отырар (Фараб). Орта
ғасырларда Отырар Сыр өңірінің ірі сауда жəне мəдениет орталығына айналды.
Қалада монша, мешіттер мен медреселер көп тұрғызылған. Отырарда Шығыстың
екінші ұстазы Əбу Насыр əл-Фараби дүниеге келді. Отырықшы қала тұрғындары
мен көшпелі халық арасында мықты байланыс орнатылды. Жау шапқыншылықтары
кезінде олар бірігіп отырды. Көшпелі халық қаланың берік қамалында жасырынды.
Ұлы Жібек жолы тармағында көне Түркістан (Йасы) қаласы орналасқан. XIV
ғасырдың соңы – XV ғасырдың басында қала Оңтүстік Қазақстан өңірінде маңызды
əкімшілік, сауда, саяси жəне мəдени орталық ретінде санала бастайды. Ол əйгілі
ғұлама Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тұрғызылуымен байланысты еді. Қазақ
хандары Түркістан қаласын саяси астана ретінде бекітті. Ортағасырлық тарихшы
ибн Рузбехан мəліметтері бойынша, қала Орта Азия мен Қытай аралығында атақты
сауда бекетіне айналған: «Йасы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар
жеткізіледі де, сол жерде сату басталады. Қала көпестердің теңделген жүктерін
шешіп, саяхатшылар тобын əр елге аттандыратын орын есептелінді». Кейінгі
ғасырларда Түркістан ірі егіншілік аймағының орталығы болып қала берді.


Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай ортағасырлық ірі сауда қалаларының бірі
Сауран орналасты. Қала туралы алғашқы мəліметтер Х ғасырға жатады. Сол кезде
өмір сүрген араб географы əл-Макдиси қаланы былай деп сипаттайды: «Сауран –
бірінен кейін бірі жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен
мешіт ішкі қалада орналасқан». XVІ ғасырда ибн Рузбехан Сауран шаһары туралы:
«Бұл қала керемет көркем, ауасы өте таза, адам жанын көркейтіп, сергітеді.
Маңайы құлпырған бау-бақшалар мен əртүрлі ағаштарға толы, қаланы айналдыра
биік дуалдар қоршап тұр, ал оның етегіне терең ор қазылғандықтан жау ала
алмайды», – деп жазады.
Қала сумен кəріздер жүйесі арқылы қамтамасыз етілді. Сауранның жаугершілік
жағдайға лайықтап тұрғызылған қалың қорғаныс дуалдары оны мықты бекініс
ретінде танымал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет