2.Ақша айналымы. Ұлы Жібек жолының ежелгі дəуір мен ортағасырдағы
маңызы.
Ұлы Жібек жолының əлеуметтік-мəдени маңызы. Ұлы Жібек жолы
тармақтарының Қазақстан қалалары арқылы өтуі мəдениет пен өнердің дамуына
септігін тигізді. Саудамен қатар, Қытай, Алдыңғы Азия, Еділ Бұлғариясы т.б.
елдермен дипломатиялық жəне экономикалық қарым-қатынастар орнатқан жол
болды. Жібек жолы жаңа технологиялар мен жаңалықтар, мəдени, ғылыми
жетістіктер алмасу жолы да еді. Қазақстан осы жол арқылы қағаз жəне оқ-дəрімен
танысты. Бүкіл əлем соғыс арбаларын жасауды игерді, басқа да əскери өнер
жаңалықтары тарады. Сақтардың «аң стиліндегі» алтын бұйымдарының таңғажайып
үлгілері осы жол арқылы бүкіл əлемге паш етілді. Жібек жолымен Қазақстанға басқа
елдердің сəулет құрылыстары, бейнелеу өнері, би, музыка сияқты мəдени ауысулары
ағылып жатты. Жергілікті халық киім-кешек пен қару-жарақ, сауыт-сайман,
дəмдеуіштер мен кептірілген жемістер сатып алды. Батыс пен Шығысты түйістіріп
тұрған сауда жолымен христиан, буддизм, ислам, манихейлік діни ағымдар тарады.
Қазақстан аумағын мекендеген халықтар ғасырлар бойы əртүрлі діндер мен
конфессияларға төзімді жəне келісімді өмір сүріп келгені – ежелден келе жатқан
дəстүр.
Ұлы Жібек жолының ортаазиялық бағытында халықаралық сұхбат үрдісі орнықты.
Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия түйісетін Ұлы Жібек жолында біріне бірі
ұқсамайтын мəдениеттердің өзара құндылықтар алмасулары үшін қолайлы жағдай
қалыптасты.